ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Конкурс туралы ақпарат

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 02/-2/1429 хатына сәйкес білім беру басқармасы төмендегі мәселе бойынша хабарлайды.

Халықаралық білім беру жөніндегі Америкалық Кеңестің ( ACCELS) ҚР-дағы өкілдігі 2008 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейінгі аралықта жоғары сынып оқушыларына FLEX бағдарламасы бойынша 2009-2010 оқу жылына конкурс жариялайды.

Осы конкурсқа 1992 жылғы 01.09 – дан 1994 жылғы 15.07 –ге дейін аралықта туған 9 -10 сынып оқушылары және колледждердің 9 –сыныптан кейін түскен 1 курсының студенттеріне 2009-2010 оқу жылында АҚШ –та білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 1991 жылғы 15.03 –тен 1994 жылғы 15.07- ге дейін аралықта туған 8-11 сыныптарда оқитын дене мүмкіндіктері шектеулі балалар «нашар көретін және нашар еститін студенттермен бірге) қатыса алады. АҚШ үкіметі Америкаға барып қату жолының шығындарын, америкалық отбасында тұруын, стипендияны және дәрігерлік сақтандыруын қамтамасыз етеді. Кандидаттарды іріктеу конкурсы 3 турда өткізіледі.

І іріктеу туры – ағылшын тілі бойынша 15 минуттық тестілеу;

ІІ тур - ағылшын тілінен 3 сағаттық SLER тесті және шығарма;

ІІ тур - ағылшын және ана тілдерінде ( қазақ немесе орыс тілінде) 15 минуттық әңгімелесу, сауалнама толтыру.

Осы конкурс Астана қаласында 2008 жылғы 21 қыркүйекте сағат 08.30 – да өтеді. Өткізу орны: Астана қаласы, Абай көшесі, 5/1, № 35 лицей –мектебі. Сапар шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Конкурсқа қатысамын деушілер 2008 жылдың 17.09 –на дейін облыстық білім беру басқармасының тіл саясаты бөліміне сұранысын тапсырсын.

Конкурс туралы мағлұматты мына телефон және электрондық пошта арқылы ала аласыздар: Алматыда : 8 «7272) 72 09 04, 72 08 03; Астанада (7272) 91 00 68; flex@americancouncils – kz.com; astana eac@amerikancouncils - kz.com

Казанцева