Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Халықаралық шығармашылық байқаудағы педагогтің жеңісі
Халықаралық шығармашылық байқаудағы педагогтің жеңісі

2020 жылғы 1 тамыз - 30 желтоқсан аралығында өтететін «Абай әлемі»  атты халықаралық шығармашылық онлайн байқауға қосымша білім беру педагогтары, жалпы орта білім беру мектептерінің  мұғалімдері қатысты, олардың ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер»  балалар - жасөспірімдер клубының «Балшуак» бөлімшесінің педагогі Сабитова Бибигуль Тулегеновна қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша «Видео» номинациясында Бибігүл Төлегенқызы І орынды иеленіп клубтың қоржынын тағы бір дипломға толықтырды. Конкурсқа «Абайдың өлеңі» видеосы жіберілді, онда Абайдың «Өлсем орным - қара жер болмай ма» атты шығармасын оқып,  «Балшуақ» клубындағы Абайдың 175 жылдығына арналған көрмесін көрсетіп әңгімеледі.

Бибигуль Тулегеновна екінші санатты педагог, «Жігер» балалар жасөспірімдер клубында 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, қазақ тілін дамыту үйірмесін жүргізеді. Республикалық, облыстық, қалалық деңгейлердегі түрлі сайыстарға қатысады. Қазан айында оның тәрбиеленушісі Глезко Эрика, № 29 ЖОМ 5 сынып оқушысы Ebilim.kz республикалық әдістемелік сайты ұйымдастырған қазақ тіліндегі онлайн байқауда «Коронавирус бізді неге үйретті?» атты эссесімен ІІ орынды иеленді.