Х "AstanaGrand-Prix" дистанциондық халықаралық байқау
![Х](http://goo.kz/media/img/blog/6368e8ba8dedd.jpg)
2022 жылғы 20 қазанда Х "AstanaGrand-Prix" дистанциондық халықаралық байқау-фестивалі өтті, оған 300-ге жуық балалар мен жасөспірімдер қатысты. "Жігер" БЖК КМҚК тәрбиеленушісі Кречетова Ангелина осы фестиваль-конкурста эстрадалық вокал бойынша, 8-10 жас санатында ІІ дәрежелі лауреат атанды. Ангелина вокалмен 3 жыл шұғылданады. Осы уақыт ішінде Ангелина «Балалар дауысы» қалалық вокалдық шоуға қатысып, онда жүлделі ІІ орын алды.