Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Адрес: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Балалардың табиғат аясындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жадырап жаз келді, сіз де отбасыңызды алып табиғат аясында демалуды ұйғардыңыз. Күн, таза ауа және су- әрине, тамаша. Бірақ та, балаларды өздеріңізбен бірге табиғат аясына ( санаторийлар, сауықтыру кешендеріне, т.б. шөптесін, орманды жерлерге) алып шығар болсаңыз, олардың қауіпсіздігін бірінші орында ойластыруыңыз керек.

Баламен орманды, таулы жерге шығарда өзіңізбен бірге міндетті түрде ішінде термометр, спирт ерітіндісі, ыстық түсіретін, зарарсыздандыратын құралдары бар дәрі қобдишасын алыңыз. Сонымен қатар ол қобдишада  күйікке қарсы, жәндіктердің шағуына қарсы крем немесе спрейлердің болғаны дұрыс. Балаңыздың қандай да бір денсаулығындағы ерекшеліктерін де ескеріп дәрілер алу қажет.

Шөптесін жерде ең басты қауіп  кене болып табылады.

-Мұндай жерге шыққанда баланың басына бас киім, балағы бүрмелі және жеңі ұзын бүрмелі жейде кигізу керек. Серуендеп келген соң баланың шашының арасын, әсірес, терісін мұқият тексеріп қараңыз.Теріге еніп кеткен кене кішкентай  төмпешікке ұқсайды. Егер осылай тері астына еніп кеткен кенені бала денесінен тауып алған болсаңыз оны тез арада суырып алуға асықпаңыз. Сіз кенені жаншып тастайсыз немесе оның барлық бөлігін шығара алмай қаласыз. Кенені өздігінен сыртқа шығаруға мәжбүрлеу үшін теріге қалыңдап май жағып қоюға немесе бір тамшы өсімдік майын тамызсаңыз болады.

Егер балаңызды кене шағып алған болса, онда баланы дереу жақын жердегі дәрігер бөлімшесіне жеткізіңіз. Егер де кенені өздігіңізден шығарып алсаңыз, немесе қандай да бөлігін алып шыққан болсаңыз, оны ары қарай энцефалитке немесе Лайм ауруына зерттеу жүргізу үшін сақтап қойыңыз.Бұл маңызды!

-Егер баланы ара немесе сона шағып алса, оның тұмсығын суырып алу қажет.Содан кейін барып шағып алған жерді спиртпен немесе арақпен сүртіп, үстін ас содасы ерітіндісіне немесе салқын суға малынып алынған таза сүлгімен басып жауып қою керек. Ал, балада шағып алу мөлшері тым көп болған жағдайда , немесе шағып алған жер қызарып, ісіп кететін болса, жақын жердегі дәрігер бөлімшесіне жеткізіңіз.

-Маса шағу- жазғы серуеннің міндетті бөлігі, әсіресе, жақын жерде су қоймасы болған жағдайда. Масаның шағуынан кейінгі денедегі жайсыз қышуды арнайы сықпалармен басуға болады. Қолда болмаған жағдайда ас содасын көп мөлшерде суға ерітіп жаққан дұрыс.