Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Ата-аналарға жадынама

1. Баламен серуендеген кезде, оған көлік астына түсу қауіпі бар орындарды көрсету маңызды.
2. "Бейтаныс адаммен сөйлеспесе, одан алыстау, көп адамдар бар жерге барып тұр!" деген дәлелденген, тиімділігі бар ережені жақсы меңгерсе, онда баланы "қақпанға түсіретін" қылмыскерлерден сақтандыру мүмкін.
3. Балаңыз шабуыл обьектісі болмас үшін, оның қауіпті жерлерде жүрмеуі абзал. Олар: жаңа салынған үйлер, жертөле, тасталған үйлер, жол жиегіндегі орман саяжайлары.
4. Балаларға шабуылдайтын қылмыскерлер қарапайым адам сияқты көрінеді. Олардың басқалардан еш айырмашылығы жоқ. Олар өздерін сыпайы әрі мейірімді ұстайды. Міне осындай шын қауіпті адам және оның жақсы бейнесі арасындағы айырмашылық балаларды шатастырып, олардың қақпанына түсуге септігін тигізеді.
5. Балаларды қауіпсіздік тәртібіне үйрету-бұл оларды белгілі бір өмір салтына үйрету. Бала бойында қорғаныш механизмі өндіріліп,керек кезінде автоматты түрде іске асады.
6. Балалардың қауіпсіздігіне арналған әдебиеттермен танысыңыз. Көптеген қауіпсіздік ережелері бізге жалпы таныс болғанымен, бұл салада істейтін мамандардың (педагог,психолог,милиция қызметкері) пікірін білу де маңызды.
7. Баланың жасы мен оның ерекшеліктерін ескеріңіз. Бала өз атын, тегін, мекен-жайы мен телефонын білу керек.
8.Балаңыз өзіңізге толықтай сененіне ұмтылыңыз. Егер сіз балаңыздың қиын сәтте өзін дұрыс ұстағанын білсеңіз, мақтау сөздерін аямаңыз. Бұл баланың өзіне деген сенімділін арттырады. Егер қателік жасаса, ұрыспай, қатесін айтып, оның неге әкеп соғатынын атап көрсетіңіз.
9.Баламен тұрақты қарым-қатынаста болғанда ғана, сіздің көмегіңізге қаншалықты мұқтаж екенін, балаға қаншалықты сенімділік білдіріп, оған «бостандық» беруіңізге болатынын білуіңізге болады (үйде жалғыз қалдыру, дүкенге барып келуін сұрау, досының үйіне бару, т.б.).
10. Егер бала ата-анасымен қарым-қатынаста болмай, оларға сенім білдірмесе, ол түсіністікті, жан жылуын басқа адамдар мен әр түрлі жерлерде іздейді. Қылмыскерлер бұл жағдайды жиі пайдаланып, «мейірімді ағай» рөлін сомдайды.
11. Баланы үркітіп алмаңыз! Сіздің балаңыз қиын жағдайда өзін әлсіз сезінуі мүмкін. Себебі сіз айтқан қорқыныштар оны өз еркімен әрекет етуге тұсау  болады.
12. Баланың өзіне-өзі сенімді болуын үйретіп, егер ол белгілі ережелерді ұстанса, ешқандай қауіп төнбейді. Қауіп төнгеннің өзінде тығырықтан шығу жолын табады.
13. Баламен жүйелі түрде дайындалыңыз. Қауіптен қорғау әдісі біртіндеп үйретіліп, баланың түсінгенін тексеріңіз. Түсініксіз жерлерді анықтаңыз. Қауіпсіздік ережелерін сақтау автоматты түрде жатталуы тиіс. Сонда ғана баланың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
14. Балаға үйретудің әр түрлі тәсілдерін қолданыңыз: қуыршақпен ойнау, көрініс көрсету, дұрыс іс-әрекет жасаған бала туралы әңгіме, сұрақтар. «Сен қалай істер едің, егер.....?»
15. Өз балаларыңызға үлгі болыңыз. Егер есікті ашар алдында сіз есіктің ар жағында кімнің барын тексермесеңіз, баланың да бұл жағдайда дұрыс істеуіне кім кепіл?!
16. Өзге балаларға қамқорлық көрсетіңіз. Егер сіз баланың қауіпті жағдайға (жоғалғанда, оны еріктен тыс алып кетіп, көлікке отырғызуы) тап болғанына куә болсаңыз, бейжай қарамаңыз. Егер бөгет жасауға күшіңіз жетсе, іске кірісіңіз. Қолыңыздан келмесе, күдіктілердің түрін, көлік нөмірін есіңізге сақтап, 102 нөміріне хабарласыңыз