Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Адрес: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
психолог кеңес

БАЛАБАҚШАҒА ДАЙЫНДЫҚ

 

Балабақшаға берерден шамамен бір ай бұрын сәбиіңізді балабақшамен таныстырыңыз. Жай ғана балабақша аумағында серуендеуге барыңыздар, сонда ол балабақша ғимаратының әсемдігіне тамсанып, ол жаққа тағы да баруға ынтасы оянады.

         Балабақша – баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын үлкен жаңа ұжым бар. Балабақшаға бейімделу кезеңі әр балада әр алуан сипатта өтеді. Қалай болғанда да, ата-анасынан 6-8 сағатқа ажыраудың өзі балаға ғана қиын емес, оның анасы үшін де күйзелісті жағдай.  

         Тәрбиешілер қаншалықты қамқор болса да, олардың ешқайсысы ана махаббаты мен оның айрықша ықыласына бөлендіре алмайды, себебі тәрбиешілер «екінші ата-ана» әрі орта есеппен 15-25 балаға ортақ. Кез келген ана мұны жақсы түсінеді, әйтсе де баланы өмір бойы жаныңда ұстау мүмкін емес, өйткені ол өмірдің жаңа сатыларымен танысып, жаңа дағдылар, өмірлік тәжірибе жинақтауы тиіс.

         Балабақшаға бейімделу кезеңі бала мен анаға аса ауыр тимеуі үшін, баланың да, оның ата-анасының да балабақшаны ұнатуына көмектесетін қарапайым ережелерді басшылыққа алған .