Сенім телефоны
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Логопед кеңес

 

Ата-аналарға арналған логопедтің кеңесі

 

          Баланың тілің дамуы жалпы психикалық дамуға байланысты.Бұл үшін негізгі алғы шарттар болып мыналар табылады: қарым-қатынастың коммуникативтік бағытталынуы,баланың қоршаған ортаға деген қызығуы, есту зейіні мен қабылдауы, фонематикалық естуінің жеткілікі дамуы және артикуляциялық аппараттың дайындағы.

         Бала тілінің дұрыс дамуына тілдік орта әсер етеді.Баламен сөйлескенде анық,асықпай, барлық дыбыстарды дұрыс дыбыстап айту керек.Сонымен қоса, балада толық жауап қайтаруды дағдыландыру қажет.

         Баланың фонематикалық естуін дамытудың маңызы зор.

          Ол дұрыс дыбысталудың бұрыс айтылудан ажыратуға, ана тілдің әр түрлі дыбыстарын дифференциялауға көмектеседі.

        Дыбыстарды дұрыс айту бойынша жұмыста артикуляциялық гимнастикалары мен дем алу жаттығуларының маңызы зор. Артикуляциялық гимнастиканың күнделікті орындау:

        Артикуляциялық мүшелердің қозғалғыштығын арттырады:

тіл, ерін және ұрттың бұлшықет жүйесін жетілдіреді

балаға белгілі бір артикуляциялық қалыпты ұстап тұруға көмектеседі;

қимыл-қозғалыс амплитудасын жоғарлатады. Баланың толық қамды жеке тұлға балып қалыптасуында дұрыс сөйлеу тәрбиесінсіз болмайды.Бала сөйлеуінің кез келген кемшіліктері оның құрдастарымен,ересек адамдармен қарым-қатынас жасауына кедергі жасап, эмоционалдық сферасының қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

Ұсыныстар:

1)Баламен қалыпты интонациямен, анық және түсінікті сөйлеңіз.

2) Фонематикалық естуді өлі табиғат дыбыстары мен адам сөйлеуімен ажыратуға үйретіңіз. Балаға былай деп айтыңыз: «Тыңдап көрші қалайша ит үреді, қалайша жел еседі». Бұл ит үрісі, ұшақ моторы, есік сықыры және т.б болуы мүмкін.

3) Ұсақ қол моторикасын дамытыңыз, өйткені,қолдың ұсақ моторикасының дамығандығына баланың ақыл-ойы мен тілі дамуы тығыз байланысты.

4) Баламен бірге ойын түрінде айнаның алдында артикуляциялық жатығуын орындаңыз.

 

                                                   Дайындаған педагог-логопед Смакова А.С