Сенім телефоны
55-37-76
email: sad17@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Едіге Би 76/1 көш.
Басшы Татьяна Вячеславовна Гончарова 553776 Әдіскер Жулдыз Сайлаубаевна Кайракбаева 553776 Бухгалтер Лаура Секеновна Игимбаева 553435 Медициналық бике Ольга Ивановна Кимля 553435 Завхоз Виктория Владимировна Артамонова 553435
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - жұма 16.00 - 17.30
Құрметті ата-аналар!
Құрметті ата-аналар!  
Баланың тіл дамуы жалпы психикалық дамуымен тығыз байланысты. Бұған негізгі алғышарттар болып табылатындар:  қарым-қатынастың коммуникативтілік бағыттылығы,  баланың қоршаған ортаға деген қызығушылығы, есту зейіні мен қабылдауы,  дамыған фонематикалық есту және артикуляциялық аппараттың дайындығы. Баланың бір жасқа дейінгі дамуы когнитивтік дамудың негізгі кезеңі болып табылады. Бұл кезде адам тұлғасы мен физикалық және психикалық денсаулықтың  негіздері қалыптасады. Балада қабылдаудың барлық түрлері қалыптаса бастайды: есту, көру, тактильді. Бұлардың негізінде  түйсіну қалыптасады. Бала әлемді тани бастайды. 2-3 жаста дыбысталудың кемшіліктері жасерекшілікті деп саналады. Бала дыбыстарды жұмсартып немесе оңай дыбыстарға алмастыруы мүмкін және бұндай жағдай осы жастағы балалар үшін қалыпты деп есептеледі. 4 жаста балада кәдімгі қалыппен дұрыс дыбысталу үшін тілдік механизмдер қалыптасады.  Әртүрлі себептерге байланысты бұл қалыптасу кешігуі мүнкін. 4 жастан кейін логопедиялық сабақтарға қатысуға болады және керек.
 
Л.С. Выготский мен оның мектебінің жұмысы бойынша даму концепциясы дамудың екі деңгейіде бағдарлануы керек: І деңгей – өзекті даму (дамудың бар деңгейі – бала өз бетімен қол жеткізеді) және ІІ деңгей – жақын даму аймағы (бала  бірге жасалатын жұмыс барысында қол жеткізеді, яғни баланың ертеңгі күні). Л.С.Выготский негіздеген жақын даму аймағының феномені баланың дамуының сентизитивті кезеңдерін есепке ала отырып, жас шамасының психологиялық жаңа пайда болуларына бағдарлай отырып,  оқудың өзімен дамуды ілестіретін, алға тарта білім беруді білдіреді.  Сондықтан, балаға дұрыс сөйлеп,  ұқсас дыбыстарды ажыратуға және байданыстырып сқйлеудің маңыздылығы зор.
 
Ұсыныстар:
 
1)      Баламен  қалыпты интонациямен, анық және түсінікті сөйлесіңіз.
 
2)    Фонематикалық естуді өлі табиғат дыбыстары мен адам сөйлеуінен ажыратуға үйретіңіз. Балаға былай деп айтыңыз: «Тыңдап көрші қалайша ит үреді, қалайша жел еседі». Бұл ит үрісі, ұшақ моторы, есік сықыры және т.б болуы мүмкін.
 
3)    Ұсақ  қол моторикасын дамытыңыз, өйткені, қолдың ұсақ моторикасының дамығандығына баланың ақыл-ойы мен тілі дамуы тығыз байланысты.
 
4)    Баламен бірге ойын түрінде айнаның алдында артикуляциялық жаттығуын орындаңыз.
 
Тіл дамуына саусақтарының әсері неде?
 
         Бүгінгі күнде қол саусақтарының ұсақ моторикасының дамуы ми қыртысының белгіленген аймақтары арқылы бала тілінің қалыптасуына, зейіні мен ақыл-ой белсенділігіне, интеллектуалдық және шығармашылық іс-әрекетін белсендіруіне оң әсерін тигізетіні белгілі. Ағзаның барлық қимылдары мен тілдік моторикасы бір механизмге ие, сондықтан қолдың ұсақ моторикасының дамуы баланың тіл дамуына жағымды ықпал етеді. Халық ауыз әдебиетінде сөйлеу мен іс-қимылдармен бірлесіп келуі жиі кездеседі. Кез келген балаға сөйлеуге дейінгі кезеңде қолдың массажы кедергі келтірмес,  керісінше, өлеңмен ұласқан саусақ ойындары ұсақ моторика мен тілді дамыта түсіп, тыңдауға үйретеді. Қол саусақтарының қимылдары анағұрлым анық болса, соғұрлым баланың ақыл-ой қабілеті мен тілі дами түседі.
 
Отбасым
 
Мынау саусақ – ата,
 
Мынау саусақ – әже,
 
Мынау саусақ – әке,
 
Мынау саусақ – апа,
 
Мынау саусақ – мен,
 
Мынау менің   – отбасым!
 
Жұмыс жасайық!
 
Қане, саусақтар, жұмысқа,
 
Көрсет өзінді тұрмыста.
 
Бас бармақ жусын ыдысты,
 
Балаң үйрек, су әкел,
 
Ортаң терек тамақ пісірсін,
 
Шылдыр шүмек үй жинап,
 
Шынашақ, сен де отырма,
 
Кіріс сен де жұмысқа!
 
Өнерлі-ақ!
 
Жалғыз саусақ тіпті де,
 
Ұстай алмас жіпті де.
 
Екі саусақ бірікті,
 
Ине қолға ілікті.
 
Үш саусағым  орамды,
 
Жүгіртеді қаламды.
 
Міне, менде он саусақ,
 
Қала салсақ, жол салсақ!