Өз білімін жетілдіру тақырыбы:
«Мектепке дейінгі мекемеде жаңартылған технологияларды іске асыру жолдары»
Әдістемелік тақырып мақсаты:
· Педагогтармен жұмыс жасау
· Жаңартылған технологиялар арқылы балалардың тілін, ойлау қабілетін, танымдық, сезімдік қабілеттерін дамыту
· Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке, тапқырлыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
Міндеттері:
· Балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ету
· Балалардың танымдық құзіреттілігін іске асыру
Күтілетін нәтиже:
· Балалардың есте сақтау, таным және сөйлеу белсенділіктері артады
· Салыстырып, заттың маңызды белгілерін жалпылап, ерекшелеуге талдауға икемді болады
· Жаңартылған технологиялар арқылы заттармен қоршаған орта туралы мәліметтерді өз беттерінше белгілеп, айта алады.
· Тәрбиеші-бала-ата-ана болып бірігіп жұмыс істейді.
Жоспар
2017-2018 |
Жаңартылған технологияларды іске асыру жоспарын құру |
Бағдарлама құрастыру |
2018-2019 |
Мектепке дейінгі мекемеде қолданатын технологияларды іске асыру |
Педагогтарды балабақша ішілік, қалалық, облыстық деңгейдегі іс-шараларға қатыстыру |
2019-2020 |
Мектепке дейінгі мекемеде қолданатын технологияларды пайдаланып әдістемелік құрал шығару |
Әдістемелік құрал шығару |