Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Адрес: st.Sagadat Nurmagambetov 128/1
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Портфолио деген не?

                       Тәрбиеленуші портфолиосы

Портфолио – бала дамуының жеке маршруты стратегиясының құрамды бөлігі.

Портфолио деген не?

-         Бала дамуының білімділік жеке маршрутын анықтау құралы.

-         Бала дамуының шынайы жетістіктерін бағалау әдісі.

-         Тәрбиеленушінің жетістіктері жайлы материялдарын жүйелі жиынтығы.

-         Дамуында іргерлеу барлығы туралы жазбалар.

-         Бала не істеді,ол неліктен маңызды?

-         Ата- аналарға кеңес беру, ойын түріндегі ата – ананың үйде балаға қалай көмектесуі туралы ұснастар.

-         Бала жайлы барлық ақпарат жиналатын, баланың жетістіктері мен нәтижелеріне куә болатын түрлі матетериялдар жиналады, оған қарап бала дамуының түрлі сапаларындағы табыстары мен жетістіктерін кешенді түрде қарастыруға болатын жиынтық – папка.

Мектеп алды баланың портфолиосы– оның дамуының өзінше бір маршруты. Жылына екі рет тәрбиешілер, медециналық қызметкерлер, мамандар ата-аналарға белгісі келетін мәселелелер боынша танымдық , дене, эстетикалық,құрлықтық даму туралы тілектерін білдіріп отырады.

Балабақшамен қоштасарда портфолио баланың өзіне табыс етіледі. Бұл оның ата –анасы үшін де тамаша сыйлық.

Балалар мен олардың қызығушылығы, әуестенушіліктері жайлы ақпарат алуға көмектеседін негізгі әдіс – бақылау болып табылады.

Бақылау деген не?

-         Бұл әдіс.

-         Білім беру процесіне барлық қатысушылардың көзқарасы тұрғысынан баланың дамуы туралы жорамал пікірлер растйтын фактілерді жинау.

Портфолио – жетекшілер папкасы.

Біз баланыңбірінші рет бірінші сыныпқа баратын күні тағатсыздана күтеміз. Ал сосын сәт туған кезде оқушы атанған баланы құттықтап, енді ол үшін «жаңа өмір басталатынын», «енді оны оқушы екенін»,  «уақыт өте келе көп нәрсені білетін»... міндетті түрде атап айтамыз. Ал бұл бала өмірінің алғашқы аптасын бастап – ақ өсіп келе жатқанын, дамып келе жатқанын, өз білімі мен білігін арттырып келе жатқанын ескермейміз. Ата – аналар баласының қайталанбас сәттерін альбомға  жазады, бейнекамераларға түсіреді, фотосуретін шығарады, яғни  тарих үшін сақтап қалуға тырысады. Алайда негізінен бойының өсуі мен сыртқы өзгерістері тіркеледі. Ал олардың ішкі әлемі ше? Олардың қызығушылығы, олардың ғажайып ашулары, тәтті сөздері мен күлкілі ойлары?... өкінішке орай , баланың шығармашылық жұмыстары да: суреттері, текшеден тұрғызған мұналары, қандай соққан қамардары мен құмнан тұрғызған замоктары, ермексаздан жасалған бейнелері, т.б. «кадыр сыртында» қалып жатады. Сонымен бірге қыдырудан,саяхаттанудан,театрға немесе концертке барудан алған әсерлері, тағы – тағы көптеген жайттар.

Балан балабақшаға апара бастағаннан ата –ана тәрбиешілермен әңгімелесуге уақыт тауып, баласының әлеуметке кірігу қалай өтуде, көпшіл ме,  қарым –қатынасқа жақын ба,соның бәрін біліп отыруға тырысады. Психологқа немесе басқа маман кабинетіне кіріп, жарты сағат әңгімелескеннен кейін ересектер: «Ия , баламыз туралы не ойлайсыз?» деген сұрақтардың астына алып,»нақты диагнозын» қойып беретіндей үміттене қарайды. Ал кері байланыс қайда қалады?

Баланың бір жағынан жақсы білетін балабақша тәрбиешілеріне (ұжымдағы бала) оны екінші қырынан да білу пайдалы болар еді (отбасыдағы немесе өзімен – қзі қалғандағы бала) . Кез келген , тіпті ең бір эмоцияға толы әңгіменің өзі ешқандай «иллюстрациялық материалымен» теңдесе алмайды. Портфолионы – өсу,даму,жетістіктер папкасын балабақша тобында аталып өтетін баланың туған күнінде кішігірім тұсаукесер ретінде ұсынуға болады( ұсыну керек те!) . Осылайша біз баланы жақсы ынталандыра алмыз.

Қызылды - жасылды папканы қарау сондай қызықты! Сонымен бірге «нақты диагнозын» қою үшін кез келген маман дәрігер үшін мұндай папканың берері мол болмақ.

Сонымен , шешім қабылданады – «Портфолио жасаймыз!», «жинау үшін ғана жинай бермей», ең алдымен портфолионың негізгі міндеттерін анықтап алу керек. Бұл міндеттерге мыналар жатады:

-         Диагностикалық – белгілі бір кезең арасындағы өзгерісткрі мен өсуін тіркеу (ақыл –ойы мен денесінің);

-         Мақсаттық – оқу мақсатында (балны біз неге, не үшін үйретеміз);

-         Уәждемілік – баланың қол жеткізген нәтижелерін мадақтау;

-          Мазмұндық – орындалған жұмыстың барлықө спектірінашып көрсету;

-         Дамытушылық – жылдан – жылға оқыту мен дамыту процессінің үздіксіздігін қамтамассыз етеді;

-         Рейтингілік – дағдылар мен біліктер ауқамын көрсетеді.

Бұл міндеттерді қалай асыру қажетті портфолио құрлымымен танысқаннан кейін түсінікті болады.

Біздің балабақшада портфолионы тәрбиешілер ата – аналарымен бірлесіп жүргізеді. Өте қажет нәрсе деп санаймын.

Кешенді алып жүру жүйесіндегі жұмысты бастай отыра, біз баламен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге, мамандарға оның даму маршрутын білу оңайға түседі деген қорытындыға келдік.

Ата – аналар  көбіне  баласының әр басқан қадамын бақылап жүре алмайды. Кейде олар   баласы басынан кешкен қызықты сәттерді,өзгерістерді байқамай да қалады. Ал мақсатты бақылау осыларды бйқауына мүмкіндік береді. Көбіне бала балабақшада өзің үйдегіден мүлде басқаша ұстайтыны болады. Балабақшадағы тәрбиешілер бала бойындағы  оң өзгерістерін жазып отырса, ата – ана үйде бақылап, балабақшаға өздерінің «жазбаларын» алып келеді. Ал портфолионы әдемілеп безендірсе, баланың өзіне де бос уақытында анасымен немесе тәрбиешімен өзі туралы жазыылғандарды оқып, өзі жасаған нәрселерді тамашалу қызықты болмақ. Мұның балаға ұнайтындығанда сөз жоқ.

Портфолионың өз құрлымы болады.

Портфолио құрылымы.

Титул бет

Бұл бетте бала туралы мәлімет (тегі,ата,әкесінің аты, туған күні). Сондай – ақ басталу күні, аяқталу күні белгіленеді. Ең алдымен жоғарғы жағынан ақ –қара параққа баланың алақаның «түсіріп алыңыз».

Нұсқаулары:

-          Алақанды фломастермен бастырып, контурын қарындашпен ақырындап бояу;

-         Алақанды бояуға (ақшыл түстіге) малып алып, ізін қалдыру;

-         Жеке барқыт немесе түсті қағазға басылған алақанын қиып алып, титул бетке желімдеу.

«Алақан! Дайын болған соң, оны бояп,безендіруне кірісіңіз, «Мен өсіп келемін» бөлімінде, алақанның ішіне жасы және  туған күні жазылады.

Менімен таныс болыңыз

-         « Міне , мен қандаймын»  қосымшасы – бұл жерде туған күндерінде түсірілген портреттері ретімен жапсырылады. Мүмкіндігінше оның барлығы бір типті, яғни барлығы да түрегеп тұратын немесе кеудесіне дейін бет – әлпеті ғана баоғаны жөн;

-         « Мен туралы»  қосымшасы – парққа туған мезгілі мен орыны, баланың есімі нені білдіреді, ата – анасы нақ осы есім неліктен тандап алғаны туралы кішігірім әңгіме жазса,тіпті жақсы. Фамилиясы қайдан шыққан, ол нені білдіретінің туралы материял жинауға болады. Тағыда кез келген дербес мәліметтермен: зодиак белгісі, гүлдік және басқа жұлдыз жорамал, бойтұмары және т.б. толықтыруға болады.

Менің отбасым

Қосымша парақтарда отбасы мүшелері туралы қысқаша әңгімелер болады. Мамасы пен папасына жеке парақ арнауға болады, басқа отбасы мүшелерімен бірлескен беттер арнауға да  болады. Әңгімеде отбасы мүшелерінің жеке деректерінің басқа, мамандығғы, мінезі, сүйікті істері, бірлескен бос уақытты өткізуі сөз болады.

Қолымнан келгенше көмектесемін

Балалар бір жасынан бастап – ақ үй жұмысына «белсене қатысады» . Олар кірді кіржуғыш машинаға салуға, гүлді суаруға, шаң сүртіге ықыласпен көмектеседі. Алғашында бұл ойын,еліктеу ғана. Содан кейін бала үй міндеттеріне шындап ынта сала бастайды. Кішкентай көмекшінің үй жұмысын орындап жатқан сәтін түсіріп алу қиын емес.

Саяхаттар романтикасы

Бала үшін теңізге бару, немесе басқа қалаға саяхаттау ғана емес, зообаққа бару немесе күзгі орманды аралау да ғажайып саяхат болып есептеледі.

Маған қызықты

Көптеген балалар балабақша қабырғасында ғана емес,қосымша білім  беру ұйымдарында да спорт секцияларында, музыкалық және би мектептерінде, түрлі студиялар мен балалар шығармашылығы үйірмелерінде айтарлықтай табысқа қол жеткізеді. Ал енді біреулері сүйікті ісімен сағаттап үйде айналысады. Әрине, мұның барлығы назардан тыс қалмауы керек. Бұл бала үшін өткінші хоььи ме, немесе өмірлік өнері ме, ол онша маңызды емес. Бастысы, бала бұл әрекетпен қызыға айналысып,саналы түрде белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге ұмтылысы. Бұл бөлім баланың қызығушылығын мұқиыт бақылап, қол жеткізген нәтижелерін тіркеп отыруға мүмкіндік береді.

Алтын қолдар

Бұл бөлімде жұмыстарының фотосуреттері (егер ол көлемді болса) немесе өз қолымен жасаған жұмысының өзі : табиғи материялдан жасалған бұымдар, қар ұлпалары, конструкторда жасалған құрылыс, өзі жасап шығарған қағаз және басқа көптеген бұйымдары жинақталады.

Ақылды бас

3 – 6 жаста баланың психикалық дамуына үлкен өзгерістер болады. Оның танымдық белсенділігі барынша ұлғаяды: қабылдауы, көнекі ойлауыдамиды, логикалық ойлау нышандары пайда болады. Мектепке дейінгі баланың қабылдауы, көрнекі ойлауы қалай қалыптасқандығынан оның танымдық мүмкіндіктері, сондай – ақ одан әрі сөйлеуінің дамуы, одан гөрі жоғары, логикалық ойлау формалары және оқу әрекетіне қабілеттілігі дамиды. Ата – ана  баласына жасына  байланысты ойлауға жетелейтін, логикасын ,назар аударуын жетілдіретін дамытушылық сабақтар үшін мүмкіндіктер жасау тиіс.

Даму қарқыны

Бұл бала меңгерген дене жаттығулары, оны  баланың қай жаста меңгергені, қайталулар саны немесе ұзақтығы көрсетілген жиынтық кесте.

Оқып көр

Қазіргі ата - аналар оқуға қызығушылықты дамытуға көп көңіл бөледі деп сенгенгіміз келеді.бала портфолиосының міндетті құрама бөлігі  оқыған кітаптары туралы пікір, жерлес ақын – жазушылар жайлы мәліметтер болуы тиіс. Бала кітпқа сурет салумен қатар, ол туралы пікірін білдіруге , ұнаған кейіпкерін білдіруге , ұнаған кейіпкерін атап, қызықты үзінділерін қайталап айтуға қабілетті.  Педагог – психологтар әдебиетті  тек оқып қана қоймай, туындымен танысқысы кішігірім сауалнама түрінде қорытындылауды, еркін отырып баладан оқыған кітабы туралы типтік сұрақтарға жауап беруді өтінген дұрыс деп санайды.

Батыр марапаттары

Бұл жалпы болмағанымен, кейбір балалар өзінің тұңғын дипломдары мен медалдарына мектепке дейін – ақ қол жеткізеді. Біреу асфальтқа сурет салу кокурсында жеңімпаз  болады, біреу спорт секциясының кубогін иеленді, енді біреу шығармашылық конкурс жеңімпазы аталады.

Мектепке баруға дайындық

Бұл бөлім бала мектептегі дайындық сабақтарға бара бастағанда немесе үйде оқу жылының басталуына мақсатты түрде дайындық кезіңде толтырылады. Баланың дайындық сабақтарына алып барған дәптерін тұтастай салуға немесе  неғұрылым табыстары парақтарын тандап алуға болады. Бөлім жақсы безендірілуі үшін, бірінші фотосуреттер жасауды ұсынамыз.

Пікірлер

Балабақшада педагогтері, мамандары, қызметкерлерінің мәләметтері – балның сөздері, табыстары, бақылаулар – барлығы тек жағымды жақтан, баланың әрекет ету саласындағы дамуын сипаттайды.

Мазмұны

Және, ақырында соңғы парақ -  партфолио мазмұны.

Бұл парақты безендірмей – ақ қойыңыз, өйткені оны жиі – жиі ауыстырып тұруға тура келеді.