Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Адрес: st.Sagadat Nurmagambetov 128/1
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін. В. А. Сухомлинский

Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.      

В. А. Сухомлинский

 

Мақсаты:

                 1.Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.

     2.Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына  өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда        қызығушылықтарын дамыту.

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім  алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығын ақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.

1.  Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.

2.  Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

3.  Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әкеде қыран болуы керек.

4.  Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса,  15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.

 

Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді. 
Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады. 
Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы.

 

-  Ашық сабақтар - ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуы балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары туралы ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді.

- Жеке тақырыптық кеңестер - бұл ата-аналармен өзінің баласы жайында, балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тәрбиешінің отбасымен тығыз байланыс орнықтыруынд маңызыз ор.

Балаңыздың қуана балабақшаға баруы үшін не істеуге болады?

(Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары)

- Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз.

- Балабақша туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше тәрбиешілерді сөз қылмаңыз.

- Балаңыз балабақшадан берген  тапсырмаларға, сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.

- Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.

- Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс. 

- Егер бала сізбен  қатты әсер алған оқиғасыме нбөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастыруын өтініңіз, ал кешкісін оны  барлық - отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.

- Балабақша өміріне үнемі белсенділік танытыңыз.

- Балабақшада сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға 

Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.

Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін «Шебер қолдар» үйірмесін ұйымдастыруға болады. Балаларды қолөнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға араластыруға болады. Балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады.

Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні.

Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіскер ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз.

Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында

«Білгім келеді» сабағын өткізуге болады.

«Бала тілі - бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп қою.

«Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен таныстыруға болады.

«Балам өсіп келеді...» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп пікір сайыс ұйымдастырып, талқылауға болады.

Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.

 

                                                          

Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

    «Павлодар қаласының №48 санаторлық сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

 

 

 

 

 

 

Балабақша және жанұя жағдайындағы балалардың әлеуметтік тұлғалық даму ерекшеліктері мен міндеттері бойынша ата-аналармен сабақтастық жұмыс жүргізу

 

Әлеуметтік педагог: Г.Е.Тулебаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы