Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Денсаулық-зор байлық

«Мектепке дейінгі ұйымында қолданылатын денсаулық сақтау технологиялардың тиімділігі» Мектепке дейінгі тәрибе-оқыту жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Балалар еліміздің ертеңгі зияткерлік әлеуеті екенін ескерсек, мектепке дейінгі сапалы білім беру және балалардың қабілеттерін дамыту – қоғам үшін жоғары маңызы бар іс екені сөзсіз. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым – жан-жақты жетілуге, дамуға ұмтылатын, жаңа мүмкіндіктер іздейтін, баланың, отбасының, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, педагогтардың шығармашылық, кәсіби жұмыстарына қажетті жағдайлар жасайтын, барлық замануи талаптарға сәйкес келетін күрделі үдеріс. Денсаулық сақтау технологиялары және салауатты өмір салтын қалыптастыру балабақшаның білім беру процесінде маңызды орындардың біріне ие болды. МДҰ-ғы инновациялық жұмыс формаларын ашатын және тиімді қолданылатын денсаулық сақтау технологиясының негізгі түрлері: 1. Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: • ырғақ пластикасы; • динамикалық үзілістер; • қимыл-қозғалыс және спорт ойындары; • саусақ гимнастикасы; • тыныс алу гимнастикасы; • шынықтыру. 2. Салуатты өмір салтына үйрету технологиясы: • дене шынықтыру ҰОІӘ; • коммуникативтік (қарым-қатынас) ойындары; • өзіне-өзі массаж жасау; • нүктелік массаж; • қолдардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар кешені. Коррекциялық (түзету) технологиясы: • ертегі терапиясы; • уәенмен ықпал ету технологиясы; • психогимнастика; • арттерапия. Мақсаты : Мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады. Міндеттер: - мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау; - денсаулық сақтау технологиясына сипаттама бере отырып, мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану әдістемесін ұсыну; - білім берудің жаңа технологияларын қолдану (денсаулық сақтау, ақпараттық) ғылыми -әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмдерін жетілдіру; - балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық-техникалық база қалыптастыру. Күтілетін нәтижесі: Мектепке дейінгі мекемедегі балалардың дені сау, психологиялық және интелектуалдық тұрғыда жан-жақты қалыптасқан, бастауышқа дайын болған мекеме түлегі. Тәрбиешінің балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау технологиялары. Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі мекемеде денсаулықсақтау технологияларының түрлері: Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін тудыруы жөн. Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындарды бекіту әдісі болып табылғандықтан барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады. Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану: • Тыныс алу жаттығулары • Жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары • Сымбатты түзету жаттығулары • Созылу(стретчинг) жаттығалары • Йога жаттығулары • Көзге арналған жаттығулар Таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе тұзды жолмен жүру өте тиімді. Сонымен қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн. Баланың дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын кез-келген ауруға қарсы тұруына маңызды. Себебі ағзада барлық өмірлік әрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады. Жүрек ырғақты жұмыс жасайды, жиырылуы-босауы, тыныс алу, дем алумен -дем шығару кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қортылып отырады. Жалпы табиғатта барлық жағдайлар белгілі реттілікпен жүреді: жыл мезгілдерінің, күн мен түн ауысуы... Міне, сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде күн тәртібі сақталуға қатаң көңіл бөлінген. Шынықтыру-сауықтырудыңда тәртібі болған жағдайда ғана баланың ағзасына тиімді болады. Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды. Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау үшін педагогтардың кәсіби-шеберліктерін өрлету және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру Бұл іс-шаралар барлық білім салаларымен байланыстырып, әрекеттестіріп жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады. Шынықтырудың негізгі міндеттері Баланың тұлғалық ерекшелігін ескере күш-қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп асмәзірін түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды, қимыл-әрекеті үйлесімді ұйымдастырылады. Баламен шынықтыру шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау керек: Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң қадағалауында болуы қажет. Оқу тәрбие үрдісін бала денсаулығына жүктеме болмайтындай, керісінше оны нығайтуға көмектесетіндей етіп ұйымдастыру керек. Балабақшаның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, бала денсаулығын нығайту мәселелері, мектепалды балалардың физикалық дамуы – мектепке дейінгі мекеменің жұмысының негізгі бағыты болып табылады.