Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Наурыз келді

Мақсаты:Балаларды халықтық салт-дәстүрге баулу.Ұлт мерекесін қастерлей білуге тәрбиелеу. Кейіпкерлер: Қыдыр ата Күн Ана Әже Желаяқ Құрал жабдықтар:Бесік,асықтар,құрсаулар, қамшы (барлық балалар «Наурыз »әнімен музыка залына кіреді,ауылдарға бөлініп отырады. Жүргізуші: Кел,балалар ойнайық, Наурыз тойын тойлайық.. Баянды боп мереке, Қыр гүліндей жайнайық.. Бүгін ұлыстың ұлы күні!Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ«Ақ түйенің қарны жарылған күн». Бұл күн –күн мен түннің теңелетін,жан –жануар төлдейтін,адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жырсышы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын! (осы кеде жарапазан айтып үш бала кіреді) «Жарапазан» 1-бала :Алақай наурызда тәттіге тоятын болдық 2-бала: Енді көрші ауылға барып жарапазан айтайық 3-бала: Жүріңдерн ,жүгірелік (үшеуі үш столдан тәттілер алады,шығып кетеді) Жүргізуші: Оу, ағайын тұрмайық! Шаттықтан құр қалмайық Тойдың сәнін келтірер Наурыз әнін тыңдайық Ән: «Наурыз той» Тақпақтар: Жүргізуші:Аталар салтын сақтаған Жақсы адамын мақтаған Көздегенде дөп тиген Мерген атын ақтаған . дей отыра «мергендер» ауылына барын Наурыз Мерекесімен құттықтап «наурыз көжеден»дәм татайық 1-ауылға келіп Жүргізуші: Ұлыс оң болсын ,дастарханымыз мол болсын! Әже: Мергендер ауылына қош келдіңіздер,төрлетіңіздер. Жүргізуші:Сіздер Ұлыстың ұлы күні қандай дәстүрді жаңғартып отырсыздар Әже: Бүгін менің кішкентай немерем Ертайдың бесікке бөлеу тойын тойлаудамыз (Бесікке бөлу дәстүрін көрсетеді.) Жүргізуші: Бесікке бөледік ,нәрестеміз тәтті ұйықтасын деп қыздарымыз «Бөпешім» әнін айтып берсін Ән:«Бөпешім» (Әннен кейін Күн Ана кіреді) Күн Ана:Зарыға күткен жаңа жылым Наурызым келді – ау! Жаңа жылым жарылқа,ескі жылым есірке. Ұрпақтарым аман ет. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Береке бірлік болсын! Жүргізуші:Армысыз әлемнің алтын шырағы, Күн Ана! Төрлетіңіз! Наурыз мерекесіне құтты келдіңіз . Әже:Бүкіл ауыл болып наурыз тойын тойлап жатырмыз. Жүргізуші:Біздің қыздардың наурыз мерекесіне дайындаған билері бар .Қыздар ортаға шығып билеп беріңдер Би: « Төрлет наурыз » Күн Ана:Өркендерің өссін қыздар ,өздерің өнерлі екенсіңдер. Жүргізуші: Балалар енді бір ойын ойнасақ қайтеді Балалардың жауабы: ойнайық Жүрг: Ендеше «Асық ату» ойынын ойнайық. Ойын: «Асық ату Шарты:Кішкентай асықтарды бір сызықпен қатарлап қойып ,алыста тұрып қолындағы үлкен асықпен кішкентай асықтарыды көздеп тигізіп,қанша асықты құлатып ұтып алады сонша ұпайға ие болады Жүргізуші: Мен сіздерден бүгін көп нәрсе көріп, мерекелік көңілмен келесі ауылға барсам деймін.Күн Ана менімен бірге көрші ауылға барып наурыз мерекесін тойлатыңыз. Күн Ана: Ия, ауылдарға барсақ барайық Жүргізуші:Сау болыңыздар Әже: Сау болыңыздар (Музыка ойналады, айналып барып келесі ауылға барады) 2-ші ауыл «Желаяқтар» Жүргізуші: Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Күн Ана:Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын! Жел аяқ : Бірге болсын,төрлетіңіздер ,қадірлі қонақ болыңыздар(деп құшақ жая қарсы алады) Жүргізуші:Бұл ауыл қай ауыл болады? Жел аяқ: Желаяқтар ауылы Жүргізуші: Білдім- білдім сонда сендер ертегідегі желаяқтың ұрпақғы болдыңыздар ғой. Күн Ана:Бұл ауылда наурыз тойын қалай тойлап жатыр екен Жел аяқ: Қане жігіттер өнерлеріңді көрсетіңдерші Би: «Шабандоздар» Күн Ана: Ой керемет биледіңдер балалар өнерлерің өрге жүзсін (Биден кейін музыка әуенімен Қыдыр ата келеді) Қыдыр ата: Армысыңдар халайық, Армысыңдар балалар! Сендерге арнап көктемде, «Қарғалдақты» өсірдім. Белгісі болсын көктемнің Берекесін берсін өткеннің. Наурыз көже сыйлықпен, Сендерге бүгін жеткенмін.Ұлыстың ұлы күні құтты болсын балалар,ақ мол болсын Күн Ана:Амансыз ба Қыдыр ата.Ұлыс оң болсын ақ мол болсын. Жүргізуші:Сәлеметсіз бе Қыдыр ата Жел аяқ:Қыдыр ата төрлетіңіз «Желаяқтар»ауылыны хош келдіңіз Жүргізуші:Қыдыр ата Балалардың наурыз ға дайындаған әндерін тыңдаңыздар Ән: «Көктем» Желаяқ:Ендеше біздің батыр ұлдарымыздың күшін сынап « Итеріспек » ойынын ойнап жіберсін. Ойын: «Итеріспек» Шарты:Екі жақтан екі құрсау жерге қойылады ,екі-екіден балалар шығарылады да құрсаудың ішінде бір аяқтап тұрып қолдарын артқа қойын ,иықтарымен бір-бірін итереді.Қай бала құрсаудан шығып қалады ,сол бала жеңіліп қалады.Ал құрсаудың ішінде қалған бала жеңімпаз атанады.Осылай ойын жалғасын табады. Қыдыр ата:Ой керемет, ойнадыңдар Күн Ана: Ұлыстың ұлы күні , әр шаңыраққа шуағын төксін . Жүргізуші:Күн Ана ,Қыдыр ата жолға бет алайық ,әлі баратын ауылдарымыз көп. Желаяқ:Қыдыр ата иләи әмин ақ батаңызды беріңіз (Деп қол жаяжы) Қыдыр ата: Осындай ұлы күні, жиналған өрендеріме ерекше батамды берейін. Ия, Аллам! Адам болсаң адамдарға қас қылма Сорлы қылма көк аспанның астында Мынау келген Ұлыстың ұлы күні Оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын Ұлыс бақты болсын Төрт түлік ақты болсын Ұлыс береке берсін Пәле-жала жерге енсін Өмірін қосқан екі жас Үйірлі-шүбірлі болып Құмырсқадай өсіп-өнсін! Әумин! Барлығы: Әумин! (Батадан кейін үшеуі шығып кетеді)