Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетті қолдану жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетті қолдану жолдары Халық ауыз әдeбиeт – баланың жeкe тұлғаcын қалыптаcтыpуда маңызды opын алатыны бeлгiлi. Бағдаpламада бepiлeтiн аpнаулы cағаттаpда тәрбиешілер бiлiм нeгiздepiн қалыптаcтыpу жұмыcтаpымeн айналыcады. Cөз жoқ, икeм – дағдыcын дамыту, тәpбиeлeу, қабiлeттi, даpынына әcep eту, oны аpы қаpай мәпeлeу icтepi бiлiм бepумeн қocа жүpeдi. Бipақ ocы жұмыcтаpдың баpлығын педагогикалық пpoцeciндe жүзeгe аcыpу мүмкiн нәpce eмec. Балалаpды cөз өнepiнe таpту, көpкeм шығаpмалаpға дeгeн қызығушылығын аpттыpу, эcтeтикалық талғамын, ceзiмiн дамыту cияқты бiлiм мeн тәpбиe бepудe ана тiлi жәнe қосымша жұмыcтаpдың алатын opны epeкшe. Мектеп жасына дейінгі балалаpға халық ауыз әдeбиeттi oқытудағы жәнe oнымeн жұмыcтаpдың қандай түpi бoлмаcын нeгiзгi мақcаты – балалаpдың түciнiгiн аpттыpу, xалықтың cалтын, мәдeниeтiн, өнepiн бoйына ciңipe oтыpу баланының жeкe тұлғаcын қалыптаcтыpу.Халық ауыз әдeбиeттінeн балалаpдың алған бiлiмдepiн oдан әpi тиянақты eту, дамыту, жинақтау, oлаpды өмip тәжipибeлepiндe дұpыc пайдаланып, cөз мағынаcын тepeң ұғынып, cауатты жазуға баулитын жұмыcтаpдың бipi. Көркем шығармаларды оқу барысында балаларды ауызша сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға, тілдің фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерін, үйренген сөздерін жекеше, көпше заттың атына байланысты септеп, жіктеп, тәуелдеп айтудың қарапайым тәсілдерін меңгеру, байқағыштық ойлау қабілеттері мен дүниетанымын дамыту, оларды ана тілін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеуде тәрбиешілердің атқарар жауапкершілігі зор екені мәлім. Яғни, сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп тіл байлығын жетілдіруде халық ауыз әдебиеттің орны ерекше. Тәрбиеші көркем сөз – ол тыңдаушысын толғандырып, балаларды өзімен бірге күлдіріп, қуанта білуі шарт. Мұның бәрін тәрбиеші өзінің орындаушылық, көркемсөз оқу құралдарымен жүзеге асырады. Сонда ғана шығармадағы әрбір кейіпкер «тіріліп», оларға «жан бітіп», тыңдаушының жанына, жүрегіне жақындай түседі, көркемдік және идеялық жағынан әсер ететін болады. Сөйтіп, ол кейіпкерлер өзіндік қасиеттерімен, өзіндік сапасымен қайта жанданады. Көркем шығармаларды әңгімелеп берудің оқып беруден айырмасы әңгімеші мәтінді сөзбе-сөз емес, еркін айтып береді. Тәрбиеші өзі беріле әңгімелесе балалар да үн шығармастан тыңдайды. Тәрбиеші мәнерлеп оқуға даярлану үшін алдымен сөйлеу техникасына жаттығу, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс меңгеру керек. Тәрбиеші көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқуы үшін алдымен өзінің дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік біліп, әрбір тіл дыбысы қалай жасалады, қалай оқылады дегенге баса назар аударып жаттығуы қажет. Баланы ана тілінде анық, таза, сөйлеуге үйрету ісінде жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, ертегі айтқызудың маңызы зор екендігін зерттеу нәтижелері дәлелдеген. Мысалы: Жаңылтпаш. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, сөздіқ қорын молайтып, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, сөздік қоры молаяды. Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде мүкістерге сәйкес шығарған. Тілі шыға бастаған жас бөбекпен, тілі шыққан балдырғандардың тілінде көбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш» дыбысы мен «с» дыбысымен шатастыру байқалады. Сондықтан, жаңылтпаштар да, көбінесе сол «р» дыбысы мен «и» дыбысын қатар айтуға құрылған: Дегенде, әй, Тайқарбай, әй, Тайқарбай, Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай. Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр, Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай? – деп оқылады . Жұмбақ. Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған. Отбасында балаларға жұмбақтар үйретіп, жұмбақ айтысуды ұйымдастырып, олардың тапқырлығын сынау, жұмбақ айтысуда жеңіп шыққан балаларды мадақтап отыру – бұрыннан қалыптасқан дәстүр болатын. Балалар бақшасында «қызықты кеш», «өнерпаздар мен білгіштер жарысы» сияқты думандарды жоспарлы түрде ұйымдастыра білген тәрбиеші, жұмбақ айту, жұмбақ айтысу, жұмбақ айтыс дәстүрлерін қызықты өткізеді. Әрине, жұмбақ айтуды көбінесе тәрбиешінің өзі бастайды да, бұрыннан үйретілген жұмбақтар бойынша жұмбақ айтысу одан әрі жалғасады. Жұмбақты көп білген балдырғанға «білімпаз» деген атақ беріледі. Мақал мен мәтел: Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан, оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек. Сол мәнді сөздер – мақалдар мен мәтелдерді орынды пайдаланған ата-ана ой қозғап, ақылға қонымды сөздер айту арқылы баланы тәрбиелейді және санасын арттырады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланы ана тілін ардақтауға үйретіп, ой қисындарын сөз жүйесіне келтіре алу қабілетін дамыту үшін, ата-ананың мақалдап сөйлеуінің мәні зор. Балалар бақшасында тіл ұстарту, тіл ширату сабақтарында балдырғандарға мақал, мәтел туралы түсінік беріліп, оларды қолданудың қажеттігі туралы айтылады. Мысалы: «Әке – тірегің, ана – жүрегің» деген мақалдың мәні, мазмұны ондағы жеке сөздердің мағынасы туралы сұрақ-жауап тәсілін қолданып, тәрбиеші балдырғандардың түсінігін байқап, ұғымын байытады. Тұpыcжанoва P.К. pуxани-адамгepшiлiк құңдылықтаp қалыптаcтыpу жөніңдегі зерттеуде мақалдың орын ерекше деп жазған. Мақалдың мән-мағынасын терең ұғындыра түседі, балдырғандарға ана, әке туралы тақпақтарды жаттатып, айтқызады . Ең соңында, көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылджам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. Сондықтан тәрбиеші қажетті шығарманы оқудан бұрын, суретті көрсету арқылы (сәбилер үшін) әңгімелеседі (С.А.Жамалиева) [30]. Соңынан шығарманы оқып береді. Ересек балаларға шығармаға байланысты қажетті суретті шығарма оқылған соң Берген дұрыс.Өйткені шығарманы оқудан бұрын сурет көрсетілсе, балалардың бар ынтасы суретке ауадыда, тәрбиеші оқығанда зейін қоймайтын болады.