Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Эльза» жаңа жылдық мерекесінің сценарийі

Павлодар облысының білім беру басқармасы,Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №48 санаторлық сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Эльзаның жаңа жылдық хикаясы» Даярлық тотарға арналған сценарий Музыка жетекшісі:Енсебаева.Қ 2021-2022 оқу жыл Құрастырған: Бекітемін: № 48 санаторлық с/б № 48 санаторлық с/б Музыка жетекшісі басшысы Енсебаева Қ.Е. Қазыбаева А.Т. «Эльза» жаңа жылдық мерекесінің сценарийі Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру. Кейіпкерлер: Аяз ата Ақшақар Анна Эльза Олоф Қарақшы Жүргізуші: Келді,міне көптен күткен Жаңа жыл, Ортамызда міне шырша тұр. Келіңіздер жүзі жылы қонақтар, Таң қалдырар бізде қызық думан бар. -Балалар міне біздің көптен күткен Жаңа жыл мерекесіде келіп жетті. Мен сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. 1-бала:Неліктен бәрі жер кұмістей жарқырайды? 2-бала:Неліктен бәрі көңілді, қуанышты ? Жетекші. Себебі ұлдар-қыздар – барлық халық-жаңа жылды тойлап жатыр! 1 –бала: Алақай!. Бүгін көңілді болады. 2-бала: Алақай жаңа жыл келді. Жетекші:Ендеше балалар,мерекемізді жаңа жыл әнімен бастайық. ♫Ән: «Жаңа жыл» (әннің соңында Эльза мен Анна келіп отыра қалады) Анна: Эльза менің ұйықтағым келмейді қарашы аспанда, жұлдыздарда оянды жарқырап тұр,Екеуіміз ойнайықшы Эльза: Менсіз ойна. Анна: Эльза, мұңаймашы! Далаға қарашы қанша қар! Жүр, екеуіміз аққала соғайық! Жүр,жүр (Эльзаны қолынан тартады)сиқырлашы,сиқырлашы Эльза:Жарайды жүр (сиқырлы әуен қойылып сқырлай бастайды,аққала пйда болады) Олоф:Сәлем мен Олофпын,мен құшақтасқанды жақсы көремін. Анна:(күліп) ол сөйлейді Олоф:Неге тұрсыңдар,балаларға бару керек,жаңа жылды қары алу керек.Балалар мерекені тойлап кеткен шығар.(шыршаны айналып шығады) Барлығы бірге:Сәлеметсіңдер ме балалар Анна:Біз сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаға асыға келдік. Эльза:Біз сендерге алыстан келдік Олоф:Ия,ия,ия Жүргізуші:Қош келдіңдер Эльза,Анна,Олоф (Музыка қойылып Қар ханшайымы кіреді) Қар ханшайымы: Соқ, соқ боран қаттырақ Бүкіл әлем мұзға айналсын. Алай- дүлей соқ боран Барлық дүние шайқалсын. Бір, екі, үш, төрт, бес, Мереке болмайды,сыйлықтар бәрі менікі Қар ханшайымы Музыка залын айналып өтіп залды, балаларға қарайды. Эльза:Балалар, қар ханшайымыны қарамаңдар, көздеріңді жұмыңдар.(Балалар көздерін жұмады,бірақ Эльза көзін жұмуға үлгермей қатып қалады (Қар ханшайымы Қарқылдап күліп шығып кетеді) Анна:Балалар бәрің барсыңдар ма?Ешкім зардап шеккен жоқ па? Ал, жақсы! Эльза, Сен қалайсың? ( Эльзаның қолынан ұстап) Сен өте сып- суық сияқтысың! Эльза:Мында бәрі неге жиналды?Не қылған мереке-жаңа жыл?Шырша әдемі емес(шыршаны ұстап көреді) Анна:Сен қолғап кимепсің!(шыршаның шамы сөнеді) Эльза:Сен кімсің? Анна :Бұл мен Анна сенің кішкентай сіңілің.Біз балаларға келдік, күлкі мен қуаныш әкелдік. Жүргізуші:Балалар сендердің келгендеріңе өте қуанып қалды. Эльза: Қуаныш,күлкі.....Кімге? Жоқ ештеңе есімде жоқ. Шынымды айтсам, Балалар зұлым! Маған сендермен қызықсыз.(кетпекші болады)Мен Қар ханшайымына кетім бау болыңдар(кетіп қалады) Би « Эльза» Анна.Балалар, Енді не істейміз? Балалардың жауабы: Эльзаны құтқару керек Олоф: Достар, дұрыс айтасыңдар, Эльзаны Қар ханшайымынан құтқару керек. Анна:Сен қар ханшайымы қайда тұратынын білесің бе? Олоф:Әрине, білемін! Зұлым қарақшылар күзететін теңізді кесіп өтіп, зұлым сиқыршының иелігінен өтіп, солтүстікке қарай жүру керек. Бұны тек кім ғажайыпқа және достыққа сенеді солардың қолынан келеді.Сендер ғажайыптарға сенесіңдер ме? Балалардың сжауабы:Ия Жүргізуші:Әрине,біздің балалар достықты бағалайды,ғажайыптарға сенеді. Анна:Ендеше седердің қолдарыңнан келеді. Өйткені жақсылық әрқашан жамандықты жеңеді.Ендеше жолға, достар! (Боранның дауысы шығып,шыршаны айналады) Анна: Түк көрінбейді.Қар ханшайымы сарайын қайдан табамыз? Жүргізуші:Жолды бәрін қар жауып тастапты,бұлжерден тек шаңғымен ғана өте аламыз.Ендеше ойын ойнап жіберейік Ойын: «Шаңғы» (ойыннан кейін Олоф) Олоф:Қараңдар мен бірдеңе көріп тұрған сияқтымын. Анна: Қатып қалғанынына қарағанда бұл біз іздеген теңіз, біз дұрыс бағытта жүреміз! Міне, кеме де тұр! (Қарақшылар жүгіріп шығады) Би: «Қарақшылыр» Қарақшы: Сонымен, ... бізге кім келді!(Аннаны қолын байлай бастайды) Анна: Сіз не істеп жатсыз? Қарақшы: Жап аузыңды! Олоф: ханыммен бұлай сөйлесуге қалай дәтіңіз барады? Қарақшы: Ол сөйлеседі, аққала сөйлеседі(күледі)бұл қар ханшайымының қызметшілері. Оларды Зынданға апарыңдар! Олоф: Мені Эльза ханшайым жасап шығарды. Қарақшы:Эльза? бұл аңызда айтылған қыз емес пе? Анна: Аңызда, қандай аңыз бар? Сіз не туралы айтып отырсыз? Қарақшы: Қар ханшайымын жеңе алатын және оған әлемді мәңгілік қысқа батыруға жол бермейтін жалғыз адам Эльза есімді қыз болады деген аңыз бар. Біздің күткеніміз де сол, өйткені егер ешкім қар ханшайымын жеңе алмаса, біз бұдан былай теңізді көре алмаймыз.Жүріңдер мен сендергет жол көрсетейін. Жүргізуші:Жылдамдатып жүркйік,Эльзаны құтқаруымыз керек. Анна:Олоф, жүр кеттік. Қарақшы: Жүр кеттік үлкен мұрын(мұрнына тиседі) Олоф:мұрыным (мұрынын ұстап) Ештеңесі үлкен емес.Неге мазақтайды.(Анна Олофтың қолынан ұстайды) (Шыршаны бір айналып шығады сол кезде қар ханшайымының тағы қойылып ортада қар ханшайымы отырады.) Анна: Сәлеметсіз бе Қар ханшайымы. Олоф:Сәлем зұлым сиқыршы. Эльзаны ұрлап кеткен! Жүргізуші:Олоф,абайлап сөйле. Қар ханшайымы:Менің түсінуім бойынша сендер құтқарушылар ? (қарқылдап күледі ) ал, сендер Эльзаны қалай құтқарасыңдар? Анна:Біз Сізбен сөйлесуге және Эльзаны жіберуіңізді сұрауға келдік! Қар ханшайымы: (Қарқылдап күліп) Сөйлесейік,келісейік Күлкімді келтірдіңдер менің.! Эльза мәңгі мұзды жүрек боп қалады. ( Эльза пайда болады) Анна:Эльза, жүр үйге кетттік( оны құшақтап жылайды) Эльза:(Аннаны итеріп) Мен әлі жұмысымды бітірген жоқпын. (таққа отырып) (Анна қолын сипап үрлеп жылытады) Анна: Эльза, әпкетайым ояншы! Олоф:Балалар бізге кім көмектесетінін мен білемін. Біз солтүстікте жүрміз, демек аяз ата да бізге жақын. Жүргізуші:Балалар Аяз ата әнін қаттырайқ айтайық,сода естіп аяз ата да келіп қалар. Ән: «Аяз ата» Олоф:Аяз ата келмей жатыр мен оны шақырайын. Ал балалар сендер маған көмектесіңдер. (Олоф шығып кетеді) Жүргізуші:Ендеше, Аяз атаны шақырайық Балалар:Аяз ата,аяз ата (Музыка әуенімен Аяз ата келеді) Аяз ата:Сәлем бердік достарым.Естідім сендер мені шақырдыңдар.Не болды? Ақшақар:Ата біз қайда тап болдық. Олоф:Сіздер қар ханшайымының сарайындасыздар. Аяз ата:Мында не болды? Олоф:Қар ханшайымы Эльзаның жүрегін қатырып тастады. Анна: Енді ол қатып қалады. Ақшақар: Біз зұлым қар ханшайымының опасыздығы туралы естідік! Ата, біз оларға көмектесе аламыз ба? Аяз ата:Бұл жерде менің сиқырлы күшім ғана емес, сендердің де көмектерің керек. Ал, балалар әр біреуің менің таяқшамды ұстаңдар.Менің таяқшам арқылы жылулық бере аласыңдар.(Аяз ата таяқшасымен балаларды айналып шығады сиқырлы әуен қойылады соңында Эльзаны үш рет айналып шығады таяқшаның басындағы шамы шанады.Эльза ояна бастайды ортаға шығып керіледі ) Анна: Эльза! Эльза:Анна! (Екеуі құшақтасады) Анна: Рахмет сізге Аяз Ата! Рахмет балалар! Егер сіздер болмасаңыздар, біздің қолымыздан келмеуші еді. Аяз ата: Әрине, бәрі жақсы, бірақ біз әлі қар ханшайымының сарайында екенімізді ұмытпайық, жаңа жылды қарсы алатын кез келді! Боран,боран,ақ боран Жеткіз бізді бақшаға. (Сиқырлы әуен ойналып балала,аяз ата,ақшақар бақшаға оралады.Эльза,Анна,Пират шығып кетеді) Аяз ата:Жаңа бақыт,жаңа жыр Құтты болсын жаңа жыл! Ақшақар: Жаңа жылмен, жаңа жылмен Құттықтаймыз бәріңді. Бала: Тамаша, Тамаша! Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы, Көз тоймайды қараса Бірақ шамдары жанбай тұр. Аяз ата:Кәне бәріміз бірге Шырша, шырша, шыршамыз! Жан! Жан!Жан! Жүргізуші:Ендеше балалар шыршамызға арнап ән айтып берейік. Ән: «Шыршаға бардық» Ақшақар:Қандай керемет ән айттыңдар балалар.Аяз ата,балалармен бір ойын ойнап жіберейік. Ойын: «Шыршаны безендіру» Шарты:Екі топқа екі шырша беріледі балалар жылдам безендіруі керек. Ақшақар:Балалар,енді әсем шыршамызға арнап ән шырқайық. Жүггізуші:Аяз ата шаршадыңыз отырыңыз,енді балалардың саған арнаған өлең жолдары бар. Ақшақар:Аяз ата,сен балалармен өлең айттың ба? Аяз ата:Ия Ақшақар:Балалармен ойнадың ба? Аяз ата:Ия Ақшақар:Ендеше балаларға сыйлық беруге ұмытып кеткен жоқсың ба? Аяз ата: Жоқ ұмытқан жоқпын. Мен силықтарды шыршаның астына қойып қойғанмын.(қарайды жоқ болады) Түсінбедім мында жоқ,мында да жоқ! Сендерге мерекеге ешкім келген жоқ па? Жүргізуші:Сылықтарды қар ханшайымы алып кеткен болар.Енді не істейміз? Ақшақар:Ата сенің сыйқырлы таяқшаң көмектесетін шығар. Аяз ата:Дұрыс айтасың!Қалай ұмытып кеттім.(Таяқшасымен айналып жүріп силықты табады) Жүргізуші:Ешкімді ұмытып кеткен жоқсың ба ,Аяз ата? Рахмет саған аяз ата. Ақша қар:Аяз ата ал енді кетейік бізді басқа балалар да күтіп қалған болар.Сау болыңдар балалар. Жүргізуші қорытындылайды.