Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің көңілді добым»

Павлодар облысының білім беру басқармасы,Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №48 санаторлық сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Менің көңілді добым» Даярлық,ересек ,ортаңғы тотарға арналған сценарий Музыка жетекшісі:Енсебаева.Қ 2021-2022 оқу жыл Келісілді: Бекіткен: №48 санаторлық с/б Музыка жетекшісі Әдіскер басшысы Еңсебаева Қ.Е Тимиргалиева А.А Қазыбаева А.Т Менің көңілді добым Мақсаты: Балаларды доппен таныстыру. Доптың сипаттамасын түсіндіру. Балалардың физикалық қасиеттерін дамыту. Өтетін орны: аулада ( Аулада шеңбер бойында балалар тұрады) І ұйымдастыру Жүргізуші: Добым менің добым Өзің неткен көңілді едің Зымырайсың, қутыңдайсың Бірақ менен құтылмайсың ІІ Негізгі бөлім - Сәлеметсіңдер ме балалар - Бүгін біз доп әлеміне саяхат жасаймыз.Балалар барғыларың келе ме? Балалар жауабы: - Ал енді біз поезға отырамыз (Музыка қосылып шеңберді бір айналамыз) Жүргізуші: Бірінші аялдамаға келіп жеттік - Балалар бұл аялдамада «Доптың пішіні» (Алдынан доп домалап шығады ) Доп:Сәлем достар,қалдарың қалай? Ауланы да аралап Добым кетті домалап Кәне, тыныш жат, добым Секіремін үстіңнен Жүргізуші: Балалар доптың пішін қандай болады? Балалардың жауабы:Домалақ - Дұрыс, домалақ Доп: Мен не істей аламын? Жүргізуші:допты жерге ұрғылағанда доп секіреді. Доп:Ал ендеше мен сияқты секірейік Жүргізуші:Балалар бұл аялдамада балалар бір ән айтып жіберейік. Ән: «Жаз» Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар.Ал енді пойызға отырайық (Музыка ойналып шеңберді бір айналады) Бұл аялдама «Доптың түсі» (Алдарынан доп домалап шығады) Доп: Ойнағанда добымыз Көңілді болып кетеді Тату болсақ өзіміз Бәрімізге жетеді Сәлем,сәлем балалар қош келдіңдер. Жүргізуші: -Балалар доптың түсі қандай болады? Балалар жауабы: Доп:Балалар доптардың түсі әр түрлі болады (Әр түрлі доптарды көрсетіп түстерін сұрайды) Жүргізуші: Дұрыс, сары, қызыл, жасыл, күлгін доп әр түрлі болады - Жарасыңдар балалар.Бұл аялдамада бір ойын ойнап жіберейік. Ойын: «Допты лақтыр» Шарты: Балалар екі командаға бөлінеді. Ортада дөңгелек тесіктері бар мата болады.Екі жақта доптар жатады.Кекі моманда тесіктерден доптарды бір- біріне лақтырулары керек өз жағында доп қалмауы керек. Жүргізуші:Ал енді тағы да поездға отырып жолға жығайық. (Музыкамен шеңберді бір айналып шығады,доп жолығады) Доп: «доптар әлеміне» қош келдіңдер. Спорт - досың әрқашан Керек балабақшадан Доп тебеміз, күлеміз Спортты біз сүйеміз Балалар,Допты не үшін қажет? Балалар жауабы:Доп ойнау үшін керек Доп:Допты қалай ойнайды? Балалар жауабы: Лақтырып, жерге ұрғылап, домалатып ойнайды. Доп :Мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.Ойнайсыңдар ма балалар. Балалар жауабы: Ойын: «Көздеп түсір» Шарты:Ортада екі жақтан дөңгелек тесігі бар мата болады.Балалар матаның жан-жағынан ұстап тұрады.Матаның үстіне доп лақтырылады,балалар екі жақтан допты бір-біріне лақтыралы.Доп қай жақтың тесігіне түседі сол команда жеңіледі. Жүргізуші: Өте жақсы ойнадыңдар балалар,тағы да доппен жаттығу жасауға болады.Жасаймыз ба? Балалар жауабы: Би: «Жаттығу жасайық» - Ал енді балалар поездға мінейік өз балабақшамызға қайтайық. (Музыка ойналып шеңберді айналады) ІІІ Қорытынды - Жарайсыңдар балалар - Балалар біз қандай әлемге саяхат жасадық? - Сендерге саяхат ұнады ма? - Допты жақсы көресіңдер ме? Ал енді осымен саяхатымыз аяқталды. Қош сау болыңдар!!!