Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қауіпсіз өмір» ойын-сауық
Павлодар облысының білім беру басқармасы,Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №48 санаторлық сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қауіпсіз өмір» Даярлық,ересек ,ортаңғы тотарға арналған сценарий Музыка жетекшісі:Енсебаева.Қ 2021-2022 оқу жыл Келісілді: Бекіткен: Музыка жетекшісі №48 санаторлық с/б Еңсебаева Қ.Е басшысының м/а Тимиргалиева А.А «Қауіпсіз өмір» Мақсаты: балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. Ұйымдастыру-іздестеру Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз - Сәлеметсіздер ме! - Балалар бүгінгі күніміз ерекше болмақ, себебі кауіпсіздік ережелері туралы айтамыз. Тосын сәт: - Балалар кәне құлақ салайықшы біреу есік қағып тұрған сияқты, қәне қарап көрейік. Ішке жылап Буратино кіреді. - Буратино сен неге жылайсын? Буратино:- қолымды пышақ кесіп кетті. Жүргізуші: Қалай ойлайсыздар Буратино неліктен қолын кесіп алды? -Балалар:Ия себебі пышақ қауіпті, Буратино қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Жүргізуші:Буратино сенде қонақ бол қауіпсіздік ережесін үйрен. - Балалар мен сендерге мына Буратино сияқты қауіпсіздік ережесін сақтамаған ертегі кейіпкерлерін жасырамын, ал сендер тауып көріңіздер. 1. Қай ертегі кейіпкері үлкендердің ұрықсатысыз терезеден орманға жалғыз кетеді? (Бауырсақ) 2. Ал мына ертегі кейіпкерлерін қасқыр жеп қояды, себебі олар оған есік ашады. (Жеті лақ ертегісі) 3. Келесі кейіпкеріміз жалғыз орманға шығып, қасқырға әжесінің үйін қайда екенін айтқан үшін қауіпті жағдайға ұшырайды, ол кім? (қызыл телпек) - Ия балалар бұл кейіпкерлер нені сақтаған жоқ? - Дұрыс қауіпсіздік ережесін сақтамаған үшін не істеді олар? Өте керемет, рахмет - Тағы қандай қауіпті заттарды білесіздер? - пышақ, қайшы, балға, дәрі дәрмек, ине, сіріңке т.б - Ол құралдар қайда тұру керек? - Ия дұрыс айтасындар, әр қайссысының өз орындарында тұру керек. - Ендеше «Өз орнына қой» ойынын ойнайық Ойын:«Өз орнына қой» Жүргізуші:Көрдің бе Буратино біздің балалар қай зат қай жердк тұру керек екенін біледі.Енді сен балалардың әнін тыңда. Ән: «Қошақан» Буратино:Рахмет сендерге балалар.Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырамын. - Келісесіздер ме? Аузы жоқ, сөйлейді, Көзі жоқ, көрсетеді. (Теледидар) Өзі күнде шаң жеген, Шаң жеп әбден дәндеген. (Шаңсорғыш) Көйлек қыртыс-қыртыс Ол жүріп өтсе теп-тегіс (Үтік) – Өте керемет, бұл заттарды тұрмыстық техникалар дейміз. – Қалай ойлайсыңдар, киім үтектеген соң, теледидар қарап, шаңсорғышпен тазалап болған соң не істеу керек? (балалар жауабы) – Дұрыс айтасыңдар, электрқұрылғыларды сөндіру керек. – Себебі олар өте кауіпті , өрт шығуы мүмкін – Ал өрт шыққан жағдайда қай номерге қоңырау шаламыз? – 101 Буратино: Мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. « Ұйқасын тап» ойыны: • Бір, екі, үш, төрт, үйде болып жатыр …….(өрт) • Түтін басып кетіпті, сөндірмеген біреу……(үтікті). • Қызыл жалын лаулады, демек сірінкемен біреу…….. (ойнады) • Тек тұрғаның жарамас, тез 101 ге сен …… (хабарлас) • Өртке оранды шатыр, өртсөндірушіні тез…….( шақыр) Жүргізуші: Жұмбақ: Үш көзді батыр Жол көрсетер батыл. Үш көзі үш түрлі: Қызыл, сары, жасыл. Бұл не? (Бағдаршам) Ал жол ережесін, көше қауіпсіздігін білесіздерме? - Үлкен қалаларда көше ережесін қалай сақтап жүреді? - Ия бағдаршам және белгілер болады, соған қарап адамдар, көліктер жүреді. - Мына белгілерді білесіздерме? - Белгілер нені білдіреді? (Балаларға жол белгілерінің суреттері көрсетіледі.) Буратино:Балалар,мен сендермен тағы бір ойын ойнап жіберейін. Ойын: « Бағдаршам» Шарты: бағдаршам шам көздері туралы айтады, балалар сол шам көздерінің түсін тауып, бояйды. Буратино:Креремет ойнадыңдар балалар. Жүргізуші:Балалар енді біз сендермен «Егер ұнаса саған» ырғақты қимылын жасап жіберейік. Ырғақты қимыл «Егер ұнаса саған» Жүргізуші:Буратино, сен енді қауіпсіздік ережелерін мәңгі есте сақтап жүр. Буратино:Әрине, рахмет сендерге балалар, сау болыңдар.(деп шығып кетеді) Қорытынды: - Егер өрт шықса қайда хабарлаймыз? - 101 - Егер үйге бөгде адамдар кіріп бұзақылық жасап жатса? - 102 - Егер бір жерімізді жарақаттап, ауырып қалсақ қайда хабарласамыз? - 103 - Бағдаршамның қызыл көзі жанса? - Жасыл көзі жанса? - Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүруге…..? - Үлкен адамдарға жолдан өтуге көмектесуге......? - Өте жақсы рахмет, осы өткен қауіпсіздік ережелерін сіздер сақтап жүреді деп ойлаймын. Павлодар облысының білім беру басқармасы,Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №48 санаторлық сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қауіпсіз өмір» Даярлық,ересек ,ортаңғы тотарға арналған сценарий Музыка жетекшісі:Енсебаева.Қ 2021-2022 оқу жыл Келісілді: Бекіткен: Музыка жетекшісі №48 санаторлық с/б Еңсебаева Қ.Е басшысының м/а Тимиргалиева А.А «Қауіпсіз өмір» Мақсаты: балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. Ұйымдастыру-іздестеру Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз - Сәлеметсіздер ме! - Балалар бүгінгі күніміз ерекше болмақ, себебі кауіпсіздік ережелері туралы айтамыз. Тосын сәт: - Балалар кәне құлақ салайықшы біреу есік қағып тұрған сияқты, қәне қарап көрейік. Ішке жылап Буратино кіреді. - Буратино сен неге жылайсын? Буратино:- қолымды пышақ кесіп кетті. Жүргізуші: Қалай ойлайсыздар Буратино неліктен қолын кесіп алды? -Балалар:Ия себебі пышақ қауіпті, Буратино қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Жүргізуші:Буратино сенде қонақ бол қауіпсіздік ережесін үйрен. - Балалар мен сендерге мына Буратино сияқты қауіпсіздік ережесін сақтамаған ертегі кейіпкерлерін жасырамын, ал сендер тауып көріңіздер. 1. Қай ертегі кейіпкері үлкендердің ұрықсатысыз терезеден орманға жалғыз кетеді? (Бауырсақ) 2. Ал мына ертегі кейіпкерлерін қасқыр жеп қояды, себебі олар оған есік ашады. (Жеті лақ ертегісі) 3. Келесі кейіпкеріміз жалғыз орманға шығып, қасқырға әжесінің үйін қайда екенін айтқан үшін қауіпті жағдайға ұшырайды, ол кім? (қызыл телпек) - Ия балалар бұл кейіпкерлер нені сақтаған жоқ? - Дұрыс қауіпсіздік ережесін сақтамаған үшін не істеді олар? Өте керемет, рахмет - Тағы қандай қауіпті заттарды білесіздер? - пышақ, қайшы, балға, дәрі дәрмек, ине, сіріңке т.б - Ол құралдар қайда тұру керек? - Ия дұрыс айтасындар, әр қайссысының өз орындарында тұру керек. - Ендеше «Өз орнына қой» ойынын ойнайық Ойын:«Өз орнына қой» Жүргізуші:Көрдің бе Буратино біздің балалар қай зат қай жердк тұру керек екенін біледі.Енді сен балалардың әнін тыңда. Ән: «Қошақан» Буратино:Рахмет сендерге балалар.Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырамын. - Келісесіздер ме? Аузы жоқ, сөйлейді, Көзі жоқ, көрсетеді. (Теледидар) Өзі күнде шаң жеген, Шаң жеп әбден дәндеген. (Шаңсорғыш) Көйлек қыртыс-қыртыс Ол жүріп өтсе теп-тегіс (Үтік) – Өте керемет, бұл заттарды тұрмыстық техникалар дейміз. – Қалай ойлайсыңдар, киім үтектеген соң, теледидар қарап, шаңсорғышпен тазалап болған соң не істеу керек? (балалар жауабы) – Дұрыс айтасыңдар, электрқұрылғыларды сөндіру керек. – Себебі олар өте кауіпті , өрт шығуы мүмкін – Ал өрт шыққан жағдайда қай номерге қоңырау шаламыз? – 101 Буратино: Мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. « Ұйқасын тап» ойыны: • Бір, екі, үш, төрт, үйде болып жатыр …….(өрт) • Түтін басып кетіпті, сөндірмеген біреу……(үтікті). • Қызыл жалын лаулады, демек сірінкемен біреу…….. (ойнады) • Тек тұрғаның жарамас, тез 101 ге сен …… (хабарлас) • Өртке оранды шатыр, өртсөндірушіні тез…….( шақыр) Жүргізуші: Жұмбақ: Үш көзді батыр Жол көрсетер батыл. Үш көзі үш түрлі: Қызыл, сары, жасыл. Бұл не? (Бағдаршам) Ал жол ережесін, көше қауіпсіздігін білесіздерме? - Үлкен қалаларда көше ережесін қалай сақтап жүреді? - Ия бағдаршам және белгілер болады, соған қарап адамдар, көліктер жүреді. - Мына белгілерді білесіздерме? - Белгілер нені білдіреді? (Балаларға жол белгілерінің суреттері көрсетіледі.) Буратино:Балалар,мен сендермен тағы бір ойын ойнап жіберейін. Ойын: « Бағдаршам» Шарты: бағдаршам шам көздері туралы айтады, балалар сол шам көздерінің түсін тауып, бояйды. Буратино:Креремет ойнадыңдар балалар. Жүргізуші:Балалар енді біз сендермен «Егер ұнаса саған» ырғақты қимылын жасап жіберейік. Ырғақты қимыл «Егер ұнаса саған» Жүргізуші:Буратино, сен енді қауіпсіздік ережелерін мәңгі есте сақтап жүр. Буратино:Әрине, рахмет сендерге балалар, сау болыңдар.(деп шығып кетеді) Қорытынды: - Егер өрт шықса қайда хабарлаймыз? - 101 - Егер үйге бөгде адамдар кіріп бұзақылық жасап жатса? - 102 - Егер бір жерімізді жарақаттап, ауырып қалсақ қайда хабарласамыз? - 103 - Бағдаршамның қызыл көзі жанса? - Жасыл көзі жанса? - Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүруге…..? - Үлкен адамдарға жолдан өтуге көмектесуге......? - Өте жақсы рахмет, осы өткен қауіпсіздік ережелерін сіздер сақтап жүреді деп ойлаймын.