Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Су асты патшалығына саяхат» ойын-сауық
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №48 санаторлық сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Су асты патшалығына саяхат» Даярлық,ересек ,ортаңғы тотарға арналған сценарий Музыка жетекшісі:Енсебаева.Қ 2021-2022 оқу жыл Құрастырған Келісілді: Бекіткен: Музыка жетекшісі Әдіскер №48 санаторлық с/б Еңсебаева Қ.Е Темиргалиева А.А басшысы Қазыбаева А.Т Су асты патшалығына саяхат Мақсаты: -қоршаған ортамен танысуда алған білімдерін, іскерліктерін, бекіту, қорытындылау; -тіл байлығын, есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту арқылы ұсақ қол моторикасының ептілігін жетілдіру; -балаларды ұқыптылыққа, ептілікке, әсемділікке тәрбиелеу. Керекті құрал-жабдықтар: аквариум, проектор, слайдтар, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы, ылғалды сүлгі. Қолданылатын әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап Дүйсенбіде доп ойнадық қорада, Сейсенбі де серуен құрдық далада. Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп, Бейсенбіде би биледік әндетіп, Жұма күні жидек тердік қорықта, Сенбі күні кино көрдік клубта. Жексенбі де үйде болдық демалдық, Осылайша өте шықты бір апта. 2. Негізгі кезеңі (Балалардың назарын аквариумға аудару). Тәрбиеші: –Балалар мынау не, қараңдаршы? Балалардың жауаптары: -Бұл аквариум. Тәрбиеші: - Балалар менің мына жұмбағымды шешсеңдер аквариумның ішінде не бар екенін табасыңдар. Жұмбақ Бет көретін айнам, Тауып алдым сайдан. (Су) Балалардың жауабы. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал су бізге не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Балалардың жауаптары. Тәрбиеші: Балалар судың дәмі қандай? Түсі қандай? Судың балалар 3 қасиеті болады. Олар: су буланады, қатады, сұйық. Тәрбиеші: Ал су туралы тақпақтар, мақал – мәтелдер білесіңдер ма? Балалардың жауаптары. Тақпақтар Су деген - өмір көзі, Тіршіліктің нәрі бұл. Су болмаса оянбайды, Табиғаттың барлығы. Болмас еді шөп-шалаң, Болмас еді тірі жан. Сол себепті балалар, Ысырап қылмайық суды. Сылдырлайды мөлдір су, Мөлдір суға қолыңды жу. Жуынсаң сен әрдайым, Таза бетің, маңдайың. Тазалықтың досы, Су дегенің осы. Мақал-мәтелдер Су бергеннің сауабы бар, Су төкеннің жауабы бар. 2.Ағын су жолын табады, Ақ адам оңын табады. 3. Сумен ойнама – батарсың, Отпен ойнама – жанарсың. 4.Су анасы – бұлақ, Сөз анасы – құлақ. Тәрбиеші: -Бәрекелді! Су туралы көптеген мағлұматтар біледі екенсіңдер. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Балалар бүгін біз ерекше, қызықты сахатқа барамыз. Сендер саяхатқа барғанды ұнатасыңдар ма? -Саяхатқа шықпас бұрын акваланг киіп алуымыз керек. (Балалар киіну иммитациясын жасайды, теңіздің шулаған дыбысы естіледі,балалар көздерін жұмып,бір айналады ) (Су ханшайымы келеді) Су ханшайымы: -Сендер кімсіңдер? Менің еліме қайдан келіп қалдыңдар! Балалардың жауаптары: -Біз №48 «Ақжарқын» бақшасынан келдік. Су ханшайымы: Не деген әдемі сүйкімді балаларсыңдар. Су асты еліне қош келдіңдер! Балалар балабақшада сендер не істейсіндер? Балалардың жауабы: ойнаймыз, сабақ оқимыз, ән айтамыз, би билеймиз. Тәрбиеші: -Қане балалар су ханшайымына өз өнерімізді көрсетейік. Балалар сізге ән айтып береді. Ән: «Жаз» Су ханшайымы: -Жарайсыңдар, бәрекелді! Ал менің мына жұмбағымды шеше аласыңдар ма? Жұмбақ Суда өседі, өнеді, Сыртқа шықса өледі (Балық) Балалардың жауабы: -Бұл балық! Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар. Айтыңдаршы балалар балықтардың қандай түрлерін білесіңдер? Балалардың жауабы: - Олар: сазан, бекіре, жайын, шортан, майқап, алабұға, жыланбас, мөңке, табан. Су ханшайымы: - Ия дұрыс айтасыңдар балықтың түрлері өте көп. Балалар недеген ақылды едіңдер! Маған сендер ұнадыңдар, ақылды екенсіңдер. Тәрбиеші:Бізің балалар бір көңілді би билеп береді. Ойын би: «Теңіз ғажайыбы» Су ханшайымы: Керемет,керемет.Мен енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын: «Су тасушылар». Шарты: Балалар бос шелегімен мәреге барады. Шелегін суға толтырып, келесі балаға шелегін береді. Келесі бала суды мәредегі ыдысқа төгеді. Су ханшайымы:Тамаша ойнадыңдар ал енді менің кішкентай су толқындарым би билеп береді Би: «Толқындар» Су ханшайымы: -Жарайсыңдар! Осындай ақылды да, тәртіпті балалармен танысқаныма қуаныштымын. Ойын: « Теңіз толқиды» Шарты:Балалар шеңбер бойында тұрады.Ортада көгілдір мата.Матаның үстінде көгілдір шарлар жатады. Балалар: Толқиды теңіз бір, Толқиды теңіз екі Толқиды теңіз үш Толқиды теңіз төрт сөз жолдарын айтады. (Матаны қозғап шарларды ұшырады толқын жасайды) Тәрбиеші белгісі бойынша: «Толқын мұз бол» дегенде балалар қозғалмау керек. Тәрбиеші: Су ханшайымы, сізге балаларымыздың әндері,билері,ойындары ұнады ма? Су ханшайымы: Әріне ұнады. Өте тамаша, қызықты сумен ойындар ойнадыңдар. Менің де сендерге сыйлығым бар. Міне сендерге сабынды көпіршіктер. Сендер сабынды көпіршіктерді үрлеп көңілді көпіршіктерді тамашалаңдар. Тәрбиеші: -Ал, енді балалар біздің де елімізге қайтатын уақыт боп қалды. Ондай болса су ханшайымымен қоштасып үйімізге қайтайық. Тәрбиеші: -Балалар бүгін біз сендермен қай жерге саяхатқа бардық? -Дұрыс айтасыңдар! -Су астында не көрдіңдер, онда кімдер мекендейді екен? -Саяхатымыз сендерге ұнады ма? -Дұрыс балалар сендердің жауаптарыңа көңілім толды.Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды.