Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ел жүрегі-Нұр-Сұлтан!» мерекелік іс-шара
Павлодар облысының білім беру басқармасы,Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №48 санаторлық сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Ел жүрегі-Нұр-Сұлтан!» Даярлық,ересек ,ортаңғы тотарға арналған сценарий Музыка жетекшісі:Енсебаева.Қ 2021-2022 оқу жыл Келісілді: Бекіткен: Музыка жетекшісі №48 санаторлық с/б Еңсебаева Қ.Е басшысының м/а Тимиргалиева А.А «Ел жүрегі-Нұр-Сұлтан!» Мақсаты:Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру.Бас қала – Нұр-Сұлтан туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу. Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті әріптестер, қонақтар,балалар! Сіздерді алдымызда келе жатқан тамаша мереке – Нұр-Сұлтан күнімен шын жүректен құттықтаймын. Балалар,сендер осы тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бүлдіршіндерсіңдер.Ал бүгін біз, Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтанның туған күнін тойлаудамыз. Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Нұр-Сұлтан – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы.Нұр-Сұлтан – бұл қазақтың мерейі, мәртебесі, ел мақтанышы. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін дей отыра, астана күніне арналған «Ел жүрегі-Нұр-Сұлтан!» атты мерекелік іс- шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі Нұр-Сұлтан күніне ұйымдастырылған іс-шарамызды ҚР әнұранымен бастайық. ҚР Әнұраны Жүргізуші:Нұр-Сұлтан – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі,бейбіт елдің баға жетпес байлығы. Олай болса, Нұр-Сұлтан күніне орай балалардың арнайы дайындаған тақпақтарын қабыл алыңыздар! Астанамыз сүйкімді, Гүлдей жайнап құлпырды. Қызықты болып барады, Бір күннен – бір күні. Астана – бас қала, Әдемі жас қала. Күлімдеп қарайды, Шуақ боп тарайды. Елордамыз - Астана, Мақта оны басқаға. Арман қала, жас қала, Көркейе берсің Астана Інжу тастан өріп бір Салған ғажап – көрік бұл Салтанатын, сәулетін Жаңа Астанамыз жайнап тұр Әсем қала Астана Ел қызыққан жас қала Астана деп жазамын Ақ параққа тағыда Астанама қарашы, Елімнің жас қаласы. Неткен ұлы неткен кең. Қазағымның даласы Астанам туған елдің жүрегісің, Өзінен бастау алар өрелі ісім. Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен, Бәрінен бірегейі, бөлегісің. Жүргізуші:Жарайсыңдар, балалар! Рақмет сендерге!Келесі кезекте «Толқын» тобының балаларының орындауында «Астана» әнін тамашалаңыздар. Ән::«Астана» Жүргізуші:Туған жері-түп қазығы, айбыны, Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны, Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі, Қадамыңа шуақ шашар үнемі! – Келесі кезекте балалардың орындауында флешмоб. Қабыл алыңыздар! Флешмоб Жүргізуші: Домалап қазағымның өрге тасы, Асқар шыңмен таласқан, Сұлулығы жарасқан, Астанасы көркейген, Елімде болсын көк аспан! –дей отыра,келесі кезекте «Әрқашан күн сөнбесін» әнін тамашалаңыздар. Ән:«Әрқашан күн сөнбесін» Жүргізуші: Бүгінгі таңда ұлт пен ұлыстың басын қосқан, бірлік мекеніне айналған елордамыз қарыштап дамып, одан әрі өркендей берсін, гүлдене берсін деген тілекпен «Ел жүрегі-Нұр-Сұлтан» атты мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз.Қош,сау болыңыздар!