"Отбасы" орталығының қорытынды отырысы
Мектепте осы оқу жылындағы "Отбасы" орталығының қорытынды отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы келе жатқан каникулға арналды "Құқықбұзушылық, қылмыс, жаза". Мектеп психологі
Ю. В. Ряснова ата-аналарды девианттық мінез-құлықтың психологиялық аспектілерімен таныстырып, ұсыныстар берді. Әлеуметтік педагог А. А. Нұрсеитова кәмелетке толмағандармен жасалатын құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу шараларымен таныстырды. Т. Ж. Ерубаева ата-аналардың назарына оқу жылдың құқықбұзушылықтарсыз аяқталғанын айтты. Ата-аналар көп пайдалы кеңестер алды.