Біз сәбимізден бірінші сөйлемді естігіміз келеді. Сөйлеу қабілеті баланың дұрыс психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады. Міне, бірінші сөз айтылды, әрі қарай не істеу керек? 2 - 4, 5 - 6 жас аралығындағы бала не істеу керек? Осы сұраққа біз жауабын табуға тырысамыз.
1,5 - 2 жастағы бала шамамен 50 - 70 сөз айтады, көбінесе зат есімдер: ойыншықтардың және заттардың атауларын; есімдерді; үстеулерді және т.б.
2 жастағы бала жуан дыбыстарды айта алады, Осы жаста балалар кейбір сөйлемдерді құрастыра алады.
3 жастағы сәби көп сұрақтар қоя бастайды. Кішігірім өлеңдерді жатқа айта алады.
4 жастағы бала қатаң дыбыстарды айтады. Күрделі құрмалас сөйлемдерді құрастыра алады.
5 жастағы бала сөйлемдерді қатесіз сөйлейді, суретке немесе бейнелерге қарап өз түсініктерін айта алады. Ол әңгімелерді айтып, қиялдана алады.
6 жастағы бала ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта алады, сөйлемдерді грамматикалық қатесіз құрастырады. Бал монологты меңгереді.