Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
8 Наурызға арналған «Мырзалар шоу» ертеңгілігі. Дайындық тобы

Мәди: Хэллоу, ханымдар мен мырзалар! Бүгін сіздерге арналып «Мырзалар шоу» бағдарламасы өтеді және оның жүргізушісі мен Мәди мырза боламын.

            Әрине бүгінгі бағдарламаның тақырыбы «Әйелдер күні» болады.

Осыған сай халық та жиналып қалыпты,

Ендеше мерекені көрген де арманда,

Көрмеген де арманда болады.

 

Ұлдар залға кіреді, қолдарында шляпалар мен таяқтары бар, бір қатарға тұрады.

 

Ермұқан:  Кешіріңіз мырзам, бүгінгі мереке қандай жағдайға сай болайын деп жатыр?

Абдулла:   Балабақшада Әйелдер күні аталып өтпекші.

Санжар: Ендеше біздің ханымдар қайда? Көрінбейді ғой, оларды мырзалар күтіп тұрғанын ұмытқан болар?  

Айтуар: Түсінікті! Әлі сәнденіп жатқан шығар. Әдемі болғысы келеді ғой. Оларды асықтырмасақ болмайды.

                                        МЫРЗАЛАР ӘНІ

О ханымдар - ау, тез келіңдер, уақытты қарап қойыңдар!

Мырзаларды ренжітпеңдер сендерді шақырып тұрған.

Сән келіспесе, сән үйлеспесе, түсініп, тосатын біздер,

О ханымдар – ау, ханымдар!     Тез келіңдер, 

                           Залға қыздар жүгіріп кіреді.  БИ

 

 Жүргізуші.     Міне барлығы жиналды, шоуымызды бастайық!  

              (қыздарға қарайды).  Біздің ханымдар сондай әдемі, нәзік және сәнді, залда отырған барлық әйел жандары да тура сондай, ендеше барлық қонақтарды осынау тамаша мерекемен құттықтап қояйын. Наурыз иісі шықса да, қыс қонақтап ұзақ отырады, бірақ оған қарамастан көктемнің алғашқы күндері Аналар мерекесімен басталып, өз орнына жайғасады. Шуақты мерекеде құшақ – құшақ гүл алып, жүздері бал – бұл жайнап, сұлуланып аналарымыз, әжелеріміз, сүйкімді қыздар отырады.  

              Балалар қараңдаршы, аналарың, әжелерің сондай әдемі, көңілдері хош,  көктемдей құлпырып отыр.

1 бала: Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым, күнім дейтін

Анам менің – алтыным.

 

2 бала: Сегізінші наурыз күні

Мейрамдайды балалар

Аналардың шаттығын

 құттықтайды балалар

 

3 бала: Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам, ай анам,

Сен керексің қайда да

Жүре берсем қасыңда,

Әйбат анам, ай анам

Ботам деген даусыңнан

Мен де мәз болып оянам

4  бала: Асқақ көңіл мерекесімен,

Көктем мерекесімен,

Шашына ақ түссе де, немерелері үшін өмір сүретін,

Біздің әжелерді құттықтаймыз!

 

6 бал: Шын көңілмен, шын пейілмен,

Құттықтаймын деп келем .

Барлығы үшін деп айтам,

Шын жүректен балалық

Барлығы: Сәлем!  

 

7 бала: Бүгін шаттық күлкі болсын,

Балалардың базарлығы қызықты болсын!

Құттықтауларды қабыл алыңыздар!

Балаларға қошемет көрсетіңіздер!

 

8 бала: Бүгін сұлулық және әйелдер күні,

Жалқаулық пен көңілсіздік қашып кетсін,

Әр күніміз ашық және жарқын болып,

Айтайын деп тұрған әнімізді қабыл етсін!

    

                                                   ӘН «КІШКЕНТАЙ МЕНІҢ ӘЛЕМІМ»

1.      Анамызға бұл ән сыйланды, көңіл көктемі бар,

Аяулы, жақын туысқанға тез ол ұшып барар.

Аспандағы ақ бұлт та сенсің, күнге де теңейміз,

Бар ыстық ықыласты, гүлді сіздерге арнаймыз!

 

Қайырмасы:

Мереке мейірлі, көктемнің сәтінде,

Анашым күлімдегеніңді қалаймыз әр кезде.

 

2.      Бақшамызда бүгін мереке, қонақ келеді көп,

Наурыз әйнек қағады келіп, сыбырлап, шақырып,

«Қыдыруға уақытым жоқ!» деп жауап біз береміз,

Бізге қонаққа келіп отыр аяулы анамыз!

 

                                     Орындарына отырады

Жүргізуші: Қадірменді аналар, әжелер, барлық әйелдер қауымы! Жан жылуы мен сүйіспеншілікке толы осы залда сіздерді көріп отырғанымызға қуаныштымыз! Ертеден келе жатқан осынау құдіретті «АНА» сөзі барлық тілде бір сарынмен естілетін сияқты. Бір қолымен әлемді тербеткен, екінші қолымен бесіктегі баланы тербеткен әйел жүрегінің нәзіктілігі, бүкіл әлемге жетерлік сүйіспеншілігі бәрімізге аян. Әр бала өз анасын артық сыйлайды. Ендеше бүгінгі кеш сіздерге ұмытылмас естелік қалдырсын демекпіз!

 

                                          Екі ұл шығады

1 мырза      Иә, мырзам, біздің аналарымызды қалай таңқалдырсақ екен?

2 мырза      Менің ойымша, тамаша өлең жолдарын жолдасақ қайтеді?

                                         ТАҚПАҚТАР

1 бала: Қары еріп даланың,

Арықтардан су ақты.

Ақ жүзіндей ананың,

Күндер келді шуақты

 

2 бала: Күн шуағын мол таратып,

Бізге қолын бұлғайды.

Мерекемен сіздерді,

Балаларыңыз құттықтайды.

 

3 бала: Нұрлы шақта балалар,

Ән – жыр айтып сайрайды.

Құлақ салып естісең,

Құрышың бір қанбайды.

                                                    ӘН «АҚ МАМАМ»

1.      Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін балаңның,

Аман – сау жүр ақ мамам.

Қайырмасы:

Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейірімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен, жақын жан жоқ өзіңнен.

2.      Өзің маған мият күн,

Сен деп таңым жиі атты.

Ақ мамамның айқайы,

Айналайын сияқты.

3.      Мен деп кірпік қақпаған,

Менсіз тағам татпаған.

Бақыты үшін балаңның,

Аман сау бол, ақ мамам!  

                                               Мырзалар шығады

1 мырза:    Біздің аналарымыз кімге тартқан өзі?

                  Дала гүліне ме, әлде хош иісті раушан гүліне ме?

                  Әлде тоғандағы лала гүлі мен бақтағы бақытгүліне ме?

2 мырза:   Анадан артық тек ананың өзі ғана.

                  Мені көзінің қарашығындай қорғайды.

3 мырза:   Менің анам ұмытшақ,

      қарындас пен іні әпер деп, жүрмін мен ғой сұрамшақ.     

                  Сотқар болсын, ерке болсын, әйтеуір бір болсын-ақ!

4 мырза:   Егер мен айтсам, қарапайым сөзбен айтқанда, анаммен орнымды ауыстыруға дайынмын.

Күнделікті жұмысы: кір жуу, үтіктеу, дүкенге бару.

Тәтті тағам пісіру, әрине көп күші кетпейді.

Кім қазір оңып отыр дейсің? Менің өмірімді айтсаңшы...

Ісім көп: тақпақ жаттау, ән жаттау, биді билеп үйрену,

Шаршағаным соншалық, анаммен орын ауысам ғой деймін.

5 бала: мерекеге арнап қандай сыйлық берсек екен?

6 бала: Көп қияли ойлар бар,

Тосын сый дайындау оңай емес,

Ваннада қамыр илейміз,

Креслоны тазалап жуамыз.

7 бала: Мен болсам, анама сыйлық ретінде оның бөкебайын әр түстермен бояушы едім, төбені де бояп тастаушы едім, бірақ бойым аласа.

8 бала: Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен,

Құттықтаймын, анашым,

Көктем мерекесімен!

Барлығы:  Құттықтаймыз, мырзалардың биін сіздерге арнаймыз!

 

                                    МЫРЗАЛАР БИІ

 

Жүргізуші: Аналарыңды құттықтадыңдар, енді әжелер де құттықтауларды қабыл алсын!

1 бала: Әжемізге денсаулық, қайтпас қайрат, көктемдей көңіл тілейміз!

            Армандары орындалсын деп тілеу тілейміз!

2бала: Әжем менің мейірлі,

             Әжімі жарасқан мейірімді.  

             Көңіліңе ешқашан қаяу түсірмеймін,

            Дені сау болсын тілеймін!

                                                 2 мырза шығады                                          

1 мырза: Мырзам, көңіл хошыңыз болмай тұр ғой?

2мырза:  Әжеме не сыйлайтынымды білмей тұрмын.

1мырза:  Гүлді шәлі мен кестелі орамал болсын!

2мырза:  Не дейсіз? Менің әжеме сәнді шляпа жарасады, менің әжем сәнді, өмірі оның мәнді. Екеуіміз әрқашан доспыз,, ән айтып көңіл көтереміз.

                        Түрлі ойынды ойнаймыз, саябақта қыдырамыз.

                        Кока – кола ішеміз, жарқын өмір сүреміз,

                        Менің әжем әлі жас,

                        Жалқаулық оған қас.

                                          Ән «Сағындым әже»

1.      Сағындым әже өзіңді,

Мейірімді көзіңді.

Ертегіңді сағындым,

«құлыным» деген сөзіңді.

Қайырмасы:

Сағындым әже, сағындым,

мейіріңе табындым.

Демалысқа шығамыз,

Аяғында мамырдың.

Сағындым әже сағындым,

Ағайын, туған бауырды,

Қуат алып келейін,

Топырағынан ауылдың.

2.      Сағындым әже, сені шын.

Даналықтың кенісің.

Құрт майыңды сағындым,

Сақтап қойған мен үшін.

 

1 мырза:       Қалай ойлайсың, біздің ханымдар қандай сыйлық алғысы келеді екен?

 2 мырза:        Әрине, Барби қуыршағын шығар

 1 мырза:       Жоқ, таба алмадың. Оларға қарап тамашалауыңа болады.

                                    (Қыздар  туфли киіп көреді)

2мырза:           Иә! Бұл қыздар сәнқойлар, өспей жатып киім сұрайды,

Күні бойы қобалжып, киім өлшеп, өздеріне ермек тауып алды.

Барлығы:  Осы қыздар ма! Осы сәнқойлар ма!

     Қыздар шляпаларын киіп бір қатарға тұра қалады. .

1қыз          Анам жұмысқа жиналғанда, мойнына үш елі моншақ тағады.

 2қыз          Киножұлдыздай айнаға қарап күлімдеп қояды.

3қыз           Жалғызсырап отырамын да, шкафты ашамын,

 4қыз          Моншақты да таққым келеді, шляпаны киіп көрсем бе екен?

5 қыз          Өсемін де сатыдан тақылдатып тақамен түсемін,

6қыз           Анам сияқты қызының еркелігін көтеремін.

                                                       Аналардың сәні МАМИНА   МОДА

                                            2 мырза шығады

1 мырза      Білесіңдер ме, оларға қарасаң, болашақ жігіттерінің басы қататын шығар.

                   Қолдары ақ саусақ – кір жууды білмейді.  

                   Машина – автомат, біліп қойыңдар,

                   кір жууды үйрететін сендерге ұлдар болад!  

2 мырза             Кір жууды көрсетеміз, аналарымызға көмектесеміз!

                                        

                                       БИ       «Кір жуу»

Жүргізуші         Әрине біздің қыздар кішкентай ғой, кір жууды білмейді. Бірақ есесіне олар аналарымен бірге сұлулық салонына жиі барады. Ендеше қазір біз аналарымызды сұлулық салонына шақырамыз.  

      Аналарға сұлулық салонына бару ұсынылады. Оларға жас шаштараздар әдемі шаш үлгілерін жасайды.  Аналар  (3 адам) орындыққа отырады және қолдарында бет сиятындай ойығы бар ватман болады, мойнының суреті салынған. Маркермен балалар – шаштараздар басына әдемі шаш үлгілерін салады. Сосын әдемі шаш үлгілерінің дефилесі өтеді.

                                                     Номер  девочек?

                       Қолында балалайкасы бар ұл шығады. (орыс киімінде)

1 мырза:  Мырзам сіз мені тағы таң қалдырдыңыз! Мына заманда кім балалайкада ойнайды. Жаңа заманға сай емес қой.

2 мырза:   Айта кетсем, біздің қыздар тек балалайкамен билегісі келіп тұр.

1мырза:   Ендеше оны да бір көріп тамашалайық!

                            БИ     « ФАБРИКАНЫҢ ҚЫЗДАРЫ»

                      2 мырза шығады

1мырза:  Балабақшаның барлық әйел затын мерекемен құттықтаймыз! Көңілді билеп, ән тарту етеміз!

2 мырза: Балабақшадан артық еш жер жоқ,

                Бізге келсең     осы сәнді көре аласың!

                Сабақта билеп те, ән айта аласың! 

                Санауды, сурет салуды да үйренесің!  

                Педагогтар мен мейірбике, аспазшылар тағы бар!

    Қолдарынан өнер тамған шеттерінен шеберлер!    

                               П  Е  С  Н  Я    «Қанша бала, қанша қыз»  

Жүргізуші:Құттықтауларыңа рахмет! Оларды қабыл аламыз, ал өз тарапымыздан ойнауға шақырамыз!

                                               ОЙЫН    «Тауып ал»

                         2 мырза шығады. Біреуінің қолында глобус бар.                                    

1 мырза: Мырзам, жағрапиямен айналысатын болыпсың ғой.?

2  мырза: Иә, мырзам, саяхатқа шыққым келеді, бүкіл әлемді араласам ба деген ойым бар! 

1 мырза:  Қам жемеңіз, бәрінің өз уақыты бар, тек аздап қиялға енсең болғаны.  Мырзалар Англияға келіппіз ғой.  

                                                БИ     «ЧИУАУА»

 Жүргізуші:  Біздің шоу аяқталуға жақындады. Мырзаларымызға сөз берелік.

                       Барлық ұлдар қонақтар алдында тізіліп тұрады.

1 бала:           Аналарымызға не сыйлайтынымызды көп ойландық,

                       Сыйлығымыз ең қызықты болу керек.

                  

2 бала:      Ойлана келіп, аналарымызға ғажайып гүл сыйлайтын болдық. Армандары бір орындалсын!

Ұлдар кезекпен айтады:

               -     Анама жай гүл бермеймін,

                 -   Жапырағы түсті болсын деп ойладым.

                -    Қызыл күлте көйлек әперсін,

                -    Сарысы Қырымға жолдама берсін,

                -    Жасылы – әкем батыр болсын,

                    Аспаннан анама жұлдызды әперсін.

               -     Тоқ сары – анама жылу сыйласын,

               -     Ағы – жұмысында жолы болсын

                -    Қызғыл түсі әдемі, ол нәзік қой!

                     Анам әрқашан жанымда болсын деп қой!

               -     Көк күлте – ғажайып, сиқыр болсын,

                    Анама арнап әнші ән айтсын!

               -     Анам күлтелерді жұлғанда, бар арманы орындалатынын ұмытпасын!

               -     Айналайын аналар! Осындай тілек гүлін қабыл алыңдар!

                -    Сұлу, нәзік, мейірімді болыңдар!

                    Айналаға жан жылуын себіңдер!

                                Әдемі гүлдерін аналарына береді (түсті гүл)

                       Балалар жартылай шеңберге тұрады

                                                            

                       ӘН           

Қоштасатын сәтіміз келді, қимастықпен қараймыз біз.

Көңілімізді жабырқатпай  осы залды тастаймыз

Аз уақыт қалды мектепке де, бұл соңғы кешіміз емес.

Әзірше шоуды аяқтап «Гуд бай» деп айта саламыз.

 

           Балалар залдан шығады

 

 

Керек заттар: ұлдарға фетр шляпалары, ақ атласты шарф, қолдарына таяқ, қолдарына сағат, қыздарға түрлі шляпалар, моншақтар, сумкалар, орыс киімдері, балалайкалар, аналарға цветик – семицветик – сыйлыққа, 3 ватман, 3 маркер, үлкен айналар

 

15 ұл

15 қыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ӘН «КІШКЕНТАЙ МЕНІҢ ӘЛЕМІМ»

 

1.      Анамызға бұл ән сыйланды, көңіл көктемі бар,

Аяулы, жақын туысқанға тез ол ұшып барар.

Аспандағы ақ бұлт та сенсің, күнге де теңейміз,

Бар ыстық ықыласты, гүлді сіздерге арнаймыз!

 

Қайырмасы:

Мереке мейірлі, көктемнің сәтінде,

Анашым күлімдегеніңді қалаймыз әр кезде.

 

2.      2. Бақшамызда бүгін мереке, қонақ келеді көп,

Наурыз әйнек қағады келіп, сыбырлап, шақырып,

«Қыдыруға уақытым жоқ!» деп жауап біз береміз,

Бізге қонаққа келіп отыр аяулы анамыз!

 

ӘН «АҚ МАМАМ»

 

1.      Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін балаңның,

Аман – сау жүр ақ мамам.

 

Қайырмасы:

Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейірімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен, жақын жан жоқ өзіңнен.

 

2.      Өзің маған мият күн,

Сен деп таңым жиі атты.

Ақ мамамның айқайы,

Айналайын сияқты.

 

3.      Мен деп кірпік қақпаған,

Менсіз тағам татпаған.

Бақыты үшін балаңның,

Аман сау бол, ақ мамам!

 

                     Ән «Сағындым әже»

 

1.      Сағындым әже өзіңді,

Мейірімді көзіңді.

Ертегіңді сағындым,

«құлыным» деген сөзіңді.

 

Қайырмасы:

Сағындым әже, сағындым,

мейіріңе табындым.

Демалысқа шығамыз,

Аяғында мамырдың.

Сағындым әже сағындым,

Ағайын, туған бауырды,

Қуат алып келейін,

Топырағынан ауылдың.

 

2.      Сағындым әже, сені шын.

Даналықтың кенісің.

Құрт майыңды сағындым,

Сақтап қойған мен үшін.

 

 

        ӘН           

Қоштасатын сәтіміз келді, қимастықпен қараймыз біз.

Көңілімізді жабырқатпай  осы залды тастаймыз

Аз уақыт қалды мектепке де, бұл соңғы кешіміз емес.

Әзірше шоуды аяқтап «Гуд бай» деп айта саламыз.

 

                                        МЫРЗАЛАР ӘНІ

О ханымдар - ау, тез келіңдер, уақытты қарап қойыңдар!

Мырзаларды ренжітпеңдер сендерді шақырып тұрған.

Сән келіспесе, сән үйлеспесе, түсініп, тосатын біздер,

О ханымдар – ау, ханымдар!     Тез келіңдер!

 

 

              

 

 

 


ӘН «КІШКЕНТАЙ МЕНІҢ ӘЛЕМІМ» - маленькая страна

 

1.Анамызға бұл ән сыйланды, көңіл көктемі бар,

Аяулы, жақын туысқанға тез ол ұшып барар.

Аспандағы ақ бұлт та сенсің, күнге де теңейміз,

Бар ыстық ықыласты, гүлді сіздерге арнаймыз!

 

Қайырмасы:

Мереке мейірлі, көктемнің сәтінде,

Анашым күлімдегеніңді қалаймыз әр кезде.

 

2. Бақшамызда бүгін мереке, қонақ келеді көп,

Наурыз әйнек қағады келіп, сыбырлап, шақырып,

«Қыдыруға уақытым жоқ!» деп жауап біз береміз,

Бізге қонаққа келіп отыр аяулы анамыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘН

Қоштасатын сәтіміз келді, қимастықпен қараймыз біз.

Көңілімізді жабырқатпай  осы залды тастаймыз

Аз уақыт қалды мектепке де, бұл соңғы кешіміз емес.

Әзірше шоуды аяқтап «Гуд бай» деп айта саламыз.

 

 

 

МЫРЗАЛАР ӘНІ-песня джентельменов

 

О ханымдар - ау, тез келіңдер, уақытты қарап қойыңдар!

Мырзаларды ренжітпеңдер сендерді шақырып тұрған.

Сән келіспесе, сән үйлеспесе, түсініп, тосатын біздер,

О ханымдар – ау, ханымдар!     Тез келіңдер!