Білім беру саласы: Таным+Коммуникация
Бөлімі: ҚМҰҚ + театрландырылған іс-әрекет
Тақырыбы: «Ғажайып ормандағы оқиғалар».
Мақсаты: логикалық есептерді шығара білуге үйрету
Бағ.мазмұны: 1. Көп заттарды бірнеше қасиеттер бойынша сұрыптай білуге үйрету (түсі, түрі, көлемі, қалыңдығы), салыстыруға, қорытындылауға, «емес» белгісін түсінуге үйрету. Сызбаларды, карточкаларды анықтай білуге жаттықтыру. Есептеу әрекетінің дағдыларын бекіту.
2. Кеңістікті бағдарлаудағы қиялды, логикалық ойлауды, зейінді, есте сақтауды дамыту, ұсынылған ақпаратты шеше білу қабілеттерін дамыту.
3. мақсатына жете білуге, өз бетімен жұмыс істеуге, бір-бірін сыйлауға, достарына көмектесе білу сезімдеріне тәрбиелеу, өз ойларын нақты және сауатты жеткізе білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала өткізілген жұмыстар: Дьенеш блоктарымен дидактикалық ойындар, белгілері-таңбалары бар карточкалармен жұмыс жасау, ертегі оқу.
Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: Дьенеш блоктары, пошта жәшігі, саяхат картасы, тапсырмаларға сызбалар, карточкалар, түнел, құстар суреті, табиғат дыбыстары бар, құстардың дауыстары бар флэшка, теледидар, «Батыл саяхатшы» медальдері
Сөздік жұмыс:хат, дию, шаһар, тұрғындар, сызба
Полилингвальды компонент:дию-злодей – villain, мысық – кот – cat,соқпақ жол – тропинка – path, көпір – мост- бридж
Өткізу барысы:
- Балалар, біздің топта бір нәрсе пайда болды. Ол не екен?
- Пошта жәшігі
- Неге пайда болды екен? Қалай ойлайсыңдар?
- Хат келді
- Қарайық, не бар екен, хат болса кімнен келген екен?
- Мысықтан келіпті
- Біртүрлі ғажайып мысық қой деймін, ол хат жазып және сөйлей білетін сияқты. Қалай ойлайсыңдар, ол қай ертегіден келіпті.
- Етік киген мысық.
- Тексеріп көрейік (хат ашылады, мысық суреті көрсетіледі, оқылады)
- Хат: «Балалар, көмектесіңдерші, мен ұстап алып тышқанға айналдырған дию өзінің шаһарының жанындағы орманды сиқырлапты. Ол барлық тұрғындарын түрлі түсті тастарға айналдырып тастапты, тек сендер ғана маған көмектесе аласыңдар, өйткені сендер ақылды, өжет, епті балаларсыңдар, сендер ғана орманның сиқырын алып тастай аласыңдар. Достарың етік киген мысық».
- Балалар, мысыққа көмектесеміз бе? Ол бізге карта-сызба жіберіпті, сол сызба бойынша қайда баратынымызды білетін боламыз (сызбаны қарастырады)
ІІ. Негізгі бөлім:
- Балалар, бұрын сиқырлы орманға әдемі түрлі түсті пішіндерден тұратын соқпақ жол апаратын. Бірақ дию пішіндерді тығып қойды, сондықтан соқпақ жолды сиқырлы пішіндерден өзімізге құруға тура келеді. Барлықтарыңа тапсырмалары бар карточкалар беремін, соған қарап тез соқпақ жолды құра қояйық (түрлі деңгейдегі тапсырмалар - карточкалар беріледі)
- 1. 5-ке дейін қызыл дөңгелектер
- 2. 4-ке дейін көк үшбұрыштар
- 3. 3-ке дейін сары үлкен тіктөртбұрыштар
- Жарайсыңдар, соқпақ жолымызды құрдық. Енді жүруге әзірленейік. Әр жолда қанша пішіндер бар екен? Қызыл жолда? Көк жолда ше? Сары жолда?
- Кеттік, орманға кіргенде өздеріңді ұқыпты ұстаңдар, шуламаңдар, гүлдерді таптамаңдар, абай болыңдар (судың дыбысы бар музыка ойналады)
- Естисіңдер ме? Бұл ненің шуылы? Судың, ендеше жақын маңда су бар ғой деймін. Бізге біреу келе жатыр
Мысық: Амансыңдар ма, балалар! Мен сендерді көмекке шақырдым. Маған көмектесесіңдер ме?
- Қайда келдік?
- Мысық: Өзенге келдіңдер. Көпірден өту керек. Көпірдің басы мен аяғында ғажайып тастар жатыр. Көпірден өткенде тастардың қасиеттері өзгеру керек.
- Балалар біз өзенге келіппіз ғой. Өзеннен өту үшін көпір арқылы жүреміз. Одан өткенде тастардың (блоктардың) қасиеттері өзгереді, бір немесе бірнеше қасиеттері де өзгеруі мүмкін.
- Ендеше көпірден өткенде тастардың қандай қасиеттері өзгеретінін бақылап көрейік (үңгірдің алдында кішкентай блоктар жатады, үңгірден шыққанда басқаларға өзгереді). Әр бала блокты алады, қарастырады және қалтырады. Сосын үңгірден өткенде өзгерген блокты алып көрсетеді (пішіні, түсі, қалыңдығы). Барлықтарың өттіңдер ме? Бұл тапсырманы да орындадық.
- Балалар міне сиқырлы орманның нақ ортасына келіп те жеттік.
- Мүмкін шаршаған шығарсыңдар, кішкене дем алып алайық.
- Сергіту сәті: Қарлығаш (қимылдармен жасайды)
- Әрі қарай қайда жүрсек екен? Сол жаққа қарай жүрейік. Балалар, орман неге тып – тыныш? Құстар қайда? Аңдар қайда? Дауыстары естілмейді ғой.
Мысық: Дию құстарды, аңдарды да сиқырлап тастады. Оларды босатуға көмектесесіңдер ме?
- Балалар, дию құстарды да, аңдарды сиқырлап тастапты. Ендеше оларды сиқырдан арылтайық (құстарды, аңдарды, мысықты құрастырады)
- Құстар да, аңдар да тірілді, дауыстары естіле бастады (құстар дауысы естіледі), орман іші көңілденген сияқты енді әрі қарай жүрейік. Орманның тіршілігі өз орнына келе бастады. Дегенмен де, енді оларды өз үйлеріне қайтарайық. Індерін, ұяларын да жауып тастапты. Ол үшін мына сызбаға қарайық, тапсырманы орындайық (аңдарды, құстарды өз үйлеріне қайтарады).
- Балалар, осымен мысықтың тілегін орындадық енді бұл шаһарға мысықтың иесі патша болады емес пе. Иә, естеріңде ме? Ендеше бұл ісімізге мысық не дейді екен?
Мысық: Рахмет, балалар, орманды сиқырдан босаттыңдар. Орман қандай әдемі болып кетті. Мен сендерге «Батыл саяхатшы» деген медаль беремін. Сау болыңдар!
- Сау бол, мысық, саған да рахмет.
ІІІ. Қорытынды:
- Рахмет, балалар, мысықты көрдік, диюдың сиқырынан орманды арылттық, Орман қандай әдемі болып кетті! Біз барлық қиындықтарды жеңдік. Сендерге ұнады ма? Енді топқа қайтатын кез келді.
- Сабақта не істедік? Қандай тапсырмалар қиын болды?
- Сендерге бүгін барлығы риза. Тіпті күн де риза. Ұнаса келіп күнге шуақтарын қояйық, ол да шаттанып қалсын.
- Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар.