«Жаса Қазақстан» әнімен балалар кіреді, жалаулармен би билейді, отырады, жалаулар жиналады.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Барымызды салайық.
Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, әріптестер, балалар!
«Батыр туса – ел ырысы» батырлар сайысымызға қош келдіңіздер!
Біз балабақшамызда тәрбиеленіп жүрген ұлдар мен қыздарымызды заман талабына сай ақылды да, парасатты, ер жүректі, тәрбиелі, иман жүзді болып өскенін қалаймыз.
Сондықтанда біз ұл балаларымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, Бәріміз куә болайық.
«Батырлар сайысы» 5 кезеңнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің атасы». Өзін – өзі таныстыру.
2. «Білімді мыңды жығады». Тапқырлар сайысы.
3 «Талантты болу – тәңірден». Өнер сайысы
4. «Батырлардың жасақтары» Үй тапсырмасы.
5. Қазақтың қолөнері. Қамшы өру.
Ал енді қонақтар сайысты біз бастайық,
Сайыста көңіл менен қол соғайық - дей отыра сахнаға «Батыр» атына лайықпын деп үміт артқан сұлтандарға әділ бағасын үлестіретін
Әділқазы береді
Өздеріңе билекті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты
- деп ең алдымен Сіздерді әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Бүгінгі байқауға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Жумагалиева Диана Серикбаевна
2.
3.
4.
Жүргізуші:
І.Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Сәлем – сөздің атасы» деп аталады.
1. Елгезек жігітіміз Нурислам
2.Сері жігіт Руслан
3. Алғыр жігітіміз Әлімхан!
4.Әнші жігітіміз Батырлан!
5. Ақылды жігітіміз Батырхан
6. Мықты жігітіміз Рифат!
7. Мейірімді жігітіміз Асанали!
8. Өр мінезді Аңсар
9. Шырайлы жігітіміз Айсұлтан!
10. Өнерлі жігітіміз Әли!
ТАНЫСТЫРУ сөздері
1. Орманшы менің елім Катьетов менің тегім Мақсатұлы Нурислам Даярлық В тобынан келдім! Сәлем бердім бас иіп қарсы алыңдар Мақсатұлы келді қол соғыңдар Машина ойнап, теледидар көргім кеп тұр Кездескенше көрермен қош болыңдар!
|
2. Менің атым Руслан, Жасым бесте Отбасымда 3 адам бар, Мен, анам Айя, әкем Зариф Мен Көбелектер тобына келемін.
|
3. Әлімхан |
4. Батырлан |
5. Атым менің Батырхан Руым менің Тобықты Әкем менің Алмас Анам менің Динара Жасым менің 5-те Топтың аты «Көбелек» |
6. Менің атым Рифат, Жасым бесте Отбасымда 5 адам бар, Мен, анам Алия, ағам Мақсат, Атам және апам бар. Руым.....
|
7. Менің атым Асанали, Жасым бесте Отбасымда 4 адам бар, Мен, анам Айгүл, әкем Бақытжан Әпкем Әдел Мен Көбелектер тобына келемін.
|
8. Менің атым Аңсар, Жасым бесте Отбасымда 5 адам бар, Мен, анам Сәуле, әкем Жан Ағам Әлішер Әпкем .............. Мен Көбелектер тобына келемін.
|
9. Менің атым Айсұлтан Жасым бесте Руым Бадай Әкем Саят, анам Дина Айгөлек тобына барамын Би билеймін |
10. Менің атым Әли, Жасым бесте Отбасымда 5 адам бар, Мен, әкем Рустамбек Қарындасым Адия Апам...... Атам.......... Мен Көбелектер тобына келемін.
|
Бірінші сайысымыздың қорытындысы бойынша әділ - қазылар алқасы бағаларыңызды берсеңіз.....
ІІ. Жүрг.: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан өтсең егер сүйінші
Келді кезек тапқырлықты танытар - деп
«Білімді мыңды жығады» деп аталатын сайысымызға кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Қоржыннан алған сұрақтарға мүдірмей жауап берген жауаптарға 5 балл қойылатын болады.
Экспресс – сұрақтар
Отбасында неше адам бар? Атап бер
Ұлттық ойындарды ата (Қыз қуу, Аударыспақ, Бәйге, Ханталапай, Ақ сүйек, Арқан тарту, Теңге алу)
Ұлттық киімдерді ата (шапан, камзол, бүрмелі көйлек, шалбар, жейде, кеудеше т.б.)
Төрт түлікті ата (Жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе)
Жеті қазынаны ата ( Жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қақпан, кездік, сұлу әйел)
Президентіміз кім? (Қасым-Жомар Тоқаев)
Ас ішіп болған соң не беріледі? (Бата: есесін алла берсін, не берсе де қайырымен берсін)
Амандасу түрлері (төс қағыстыру, қол алысу, қол бұлғау )
Рәміздерді ата (ту, елтаңба, әнұран)
Ұлттық бас киімдерді ата (тақия, тымақ, айыр қалпақ, дулыға, малақай)
Мұны «ер жігіттің жеті қазынасы» деп анықтап айту керек. Бұл ер-азаматтың жеке басына, тұрмыс-тіршілігіне қажетті бағалы дүниелеріне байланысты айтылған.
Жүйрік ат − жігіттің қанаты. "Ат − ер қанаты" дегендей, атсыз жігіттің күні қараң болған.
Қыран бүркіт − жігіттің алғырлығы, бүріп түсер күш-қуаты.
Құмай тазы − сенімі, досқа адал беріктігі.
Берен мылтық − оты, қаһары.
Қақпан − серті, бірсөзді мәттігі.
Алмас кездігі − сұсы, айбыны.
Сұлу әйел − елдің бәріне сұлу қайдан табыла берсін, бірақ сұлу болсын-болмасын, ол − ер-азаматтың артындағы қамалы, отының берекесі. Сұлу әйел дегенде тек бет көркі емес, оның жан тазалығы, ақыл-парасатын айтқаны болуы керек.
Балалардың орындауында «Нұр - Отан» әні
Жүргізуші: Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.
ІІІ. Жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер өзіменен,
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі әрі ақын, әрі әнші,
Таныстырып кетті ғой тегіменен.
Парасатты ер жігіт,
Ақылына сай жігіт.
Өнеріңді өркендет,
Тең келеді қай жігіт?
Жұрт қарасын қызығып, дей отырып, сайысымыздың үшінші бөлімі «Талантты болу – тәңірден». Өнер сайысы.
Өнерлері
1. Елгезек жігітіміз Нурислам
2.Сері жігіт Руслан
3. Алғыр жігітіміз Әлімхан!
4.Әнші жігітіміз Батырлан!
5. Ақылды жігітіміз Батырхан
6. Мықты жігітіміз Рифат!
7. Мейірімді жігітіміз Асанали!
8. Өр мінезді Аңсар
9. Шырайлы жігітіміз Айсұлтан!
10. Өнерлі жігітіміз Әли!
1. Нурислам
Он алтыншы желтоқсан
|
2. Руслан
Он алтыншы желтоқсан
|
3. Әлімхан Тәуелсіздік алған күн Қайрат Әлімқұлов
16 желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Мерекеге ел тосқан Атамменен барғанмын
Мерекеге шығады Бүкіл халық, біліп қой Отандастар ұғады Тәуелсіздік ұлық той.
Аралаймын алаңды Тәуелсіздік күні мен Батыр Қайрат ағамның Суретіне үңілем.
16 желтоқсан Тәуелсіздік алған күн. Мерекеге ел тосқан Шырқатып ән салған күн.
|
4. Батырлан |
5. Батырхан
Кең жазық Отан мекенім Сенде өсіп көктедім. Сені қорғау парызым. Мұны біліп өтемін. |
6. Рифат Тәуелсіз елміз! Тәуелсіздік еліміз Мәңгі жасар жеріміз Тәуелсіздік жасаған Аға, әпкелеріміз. Тәуелсіздік елдеміз Қуанамыз күнде біз. Ата – бабам қалдырған Қазақтың біз батырымыз, сенсеңіз!
|
7. Асанали
«Болса екен қазақ баласы» |
8. Аңсар
Қазақстан тәуелсіз ел Бар елмен туыс болған. |
9. Айсұлтан Би «Жаса Қазақстан»
|
10. Әли
Тәуелсіздікке тартуым
|
Қыздардың орындауында «Қамажай» биін қабыл алыңыздар
ІҮ.«Табақ тамағымен жарасты, Батыр жарағымен жарасты» демекші «Батырлардың жарақ - жасақтары» Үй тапсырмасына зер салатын кез де жетті.
(Батырлар жасақтарын көрсетеді) Нөмірленген, аты-жөндері бар
1. Елгезек жігітіміз Нурислам -
2.Сері жігіт Руслан -
3. Алғыр жігітіміз Әлімхан! -
4.Әнші жігітіміз Батырлан! -
5. Ақылды жігітіміз Батырхан -
6. Мықты жігітіміз Рифат! – Қалқан бес қарудың бірі, найзадан, қылыш, семсерден қорғайды
7. Мейірімді жігітіміз Асанали! -
8. Өр мінезді Аңсар -
9. Шырайлы жігітіміз Айсұлтан! -
10. Өнерлі жігітіміз Әли! – Ер тоқым, ер жігіттің қанаты
Балалардың орындауында «Достар әні» әнін тамашалаңыздар
Ү. Жүр.: «Ата көрген оқ жонар» демекші Қамшы тарту өнері ортаға салынатын болады. Әкелері ұлдарына қамшы өруді қалай үйреткенін, балалары қалай орындайтынын бағалайсыздар. Берілген уақытта кім қанша өргенін көреміз. (Балалар қамшы өріп тартады).
Батырларымыздың орындауында « Мен қазақтың баласымын» биін тамашалаңыздар
Әділ-қазылар алқасы әділ бағаларын үлестіргенше балалардың орындауында «Отан Ана» әнін тамашалайық.
Ойын «Орамал»
Ойын «Қыз қуу»
Ойын «Теңге алу»
Жүргізуші:
«Батыр болған бабамнан,
Ел қорғауды үйренген» сұлтандарымызды ортаға шақырамыз.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасында.
ФАНФАР
Марапаттау кезеңі
Жүргізуші:
Бүгін жігіттеріміз нағыз тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!