Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
«Бірлескен театр» педагогикалық технологиясы Г.Р.Мырзаханова

Мектепке дейінгі білім берудегі біріктіру принципін іске асыру қажеттілігі ойлау табиғатының өзінде бекітілген, жоғарғы нерв әрекетінің объективті заңдарымен, психологияның және физиологияның заңдарымен ұсынылады. Мектепке дейінгі білім беруде біріктіруді қолдану ең алдымен биологиялық феномен тұрғысында қарастырылады, яғни ағзаның қарқынды өсіп жетілуіне және психиканың қалыптасуына ықпал етеді. Біріктіру үдерісінің жүйелі қызметін қамтамасыз ету мектеп жасына дейінгі баланың танымдық белсенділігінің толыққанды даму жүйесін құруға және табиғатын бұзбай қоршаған ортаны шынайы түрде толық қабылдауға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі педагогикада балалар әрекетінің барлық түрін өзара байланыстыру  мәселелері кешенді және біріккен тәсілдеме позициясында Н.А. Ветлугина, Т.Г. Казакова, С.П. Козырева, Т.С. Комарова, Г.П. Новикова және т.б. айналысты. Т.С. Комарова, мысалы біріктіруді өзара байланыс формасы ретінде қарастырады, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың білім беру мазмұнына ену, көркемдік – шығармашылық әрекеттің барлық түрін қамтиды дейді. Ол біріктіруде өнердің бір түрі – басымдық, екіншісі – ілеспелі деп көрсетеді, яғни бейнені терең және кең түсінуге көмектеседі және оларды түрлі мәнерлі құралдармен көрсете алады деген. Бірақ та бірлескен сабақтар мектепке дейінгі білім беруде интеграциялық білім беру формасы ретінде қарастырылмайды. Одан басқа осы мезетке дейін МДМ дамыту, тәрбиелеу және оқытудың заттық жүйесі ғана бар болды, сондықтан білім алу тек заттық принцип бойынша бөлшектенген болып қалған.

Осылайша біздің де іздестірген бағатымыз осы болғандықтан біз балабақшамызда «бірлескен театр» технологиясын алып қолдануды жөн көрдік.

«Бірлескен театр» – мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда қолданылатын бірлескен денсаулық сақтау – психологиялық технологиясы.

Біріктіру әлеуметтік үдеріс сияқты, яғни жеке даралық өмірлік тәжірибені кеңейту дегенді білдіреді, жалпыадами тәжірибеге қатыстыру, қолжетімді рөлдердің диапазонын кеңейту мен мінез – құлықты үлгілеу дегенді де білдірді.

Біртіндеп балалармен жұмыс жасауда барлық қолданып жатқан әдістер мен тәсілдерді бірыңғай «сценарийлерде», «театралды әрекеттерде» біріктіруге болады деген, ол баламен бірге ойналғанды көзге түседі. Сценарий негізіне таныс ертегі не ертегі кейіпкерлері алынады. Бала ертегі көрінісіне еніп кетеді, ертегі барысында «саяхаттайды» да өзін үйретіп, тәрбиелеп, дамытып жатқанын байқамай қалады.

          Ертегі балаға қажетті күйзеліс гаммасын ұсынады, ерекше, ештеңемен салыстырмайтын көңіл – күй, мейірімді және қатал сезімдерді тудырады.  Ертегі ертеден бері баламен, үлкендермен де жұмыс жасауда психотүзету және түзету – дамытушылық жұмыстың алдын алу мақсатында қолданылады. Осындай бағдарламалармен және курстармен таныса келе біз өзімізше ұжымның жұмысында ертегіні қолдану мүмкіндігін көрдік. Бірлескен әрекет формасында ұсынылған ертегі біздің педагогикалық ортада әр баланың толыққанды дамуы үшін психологиялық жағдай құру, оның жеке даралық ерекшеліктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға көмегін тигізді. Ертегілік әрекет үдерісінде мектеп жасына дейінгі баланың танымдық тұрғыда дамуының мақсаттарын шешуге болады, бірақ та біз баланың шығармашылық және жеке даралық мүмкіндіктерін дамытуға екпін қойдық. Біздің театрдағы маңызды сәттің бірі болып өзара қатынас жасау және педагогтар мен балалар арасындағы ерекше психологиялық контакт көрінеді, ол екіжақтылық қызығушылықты, сенімділікті, эмоцияналды және зиятты күйзелісті, қоса ойлауды, қоса әрекет етуге жетуге мүмкіндік береді.          

Нағыз қатынас жасау механизм негізінде бірлескен әрекет (театралды іс - әрекет), психикалық бейімделу, эмоцияналдық күйзеліс, онымен балалар да үлкендер де жұғысып жатады. Осындай қатынасты тудырудың ішкі жағдайы шынайылықты, нақты сыйластықты балалар мен педагогтар арасында тудырады. Ертегі әлемі осындай жаңалықтарды ашуда және шығармашылық қатынасқа икемді, ол балаларды ғана емес, сонымен қатар үлкендерді де еліктіріп әкетеді.

          Біздің театрдың ерекшелігі болып саналатыны ол балалардың ешқандай рөлді жаттамауында және өзінің орындаушылық қабілетін жаттықтырмауында көрінеді. Ертегі ойынына дайындық балалар үшін ертегінің әдеби тәсілімен танысуда жатады, яғни талқылауы, мазмұнын қайта ойластыру, ертегі кейіпкерлерінің мінезі, олардың істеріне баға беру, өзінің оларға деген көзқарасын білдіруде көрсетіледі. Балалар сурет салады, мүсіндейді, ұсақ заттарды бейнелейді, ертегіге арналған декорациялардың кейбір бөліктерін дайындайды. Театралдық әрекеттің өзі (сценарий, сюжет, ертегілік әрекет) көптеген педагогтардың ұзақ уақыт жасалған жұмысының нәтижесі, күштерінің, сүйіспеншіліктерінің, мейірімділік, ойы мен талантының нәтижесі болып табылады. Барлығы ойластырылады: сөз, қимыл, қызықтыру үшін оқиғаны бұрмалау, ойында, жаттығуларда, билерде, кейіпке айналуда барлық балаларды қатыстыру. Балалардың орындағанының барлығы сырт көзден қарағанда басқа болса да сәттілік, жетістік, ең жақсы болғаны болып белгіленеді. Маңыздысы балалар өздерін еркін сезінсе, ашылып сөйлесе, өздеріне және өздерінің күштеріне сенімділігі пайда болса болғаны. Біздің ертегі ойындарында біз бұрын меңгерілмеген көптеген түрлі тәсілдерді, техникаларды, жаттығуларды қолданамыз.

Біздің ертегі қойылымдарымыз қарапайым сипатта, балалардың тобымен өткізіледі, шығармашылық элементін үнемі көрсетеді, өз бетімен шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Әр бала ертегіні әр түрлі қабылдайды және оның ішінде өз бетінше әрекет етеді, одан керегін алады, мәселелер мен қажеттілікке ұқсас келетін өзектісін бөледі. Ертегі өз бетімен балаға эмоцианалды тұрғыда ықпал етудің күшті құралы болып табылады, ол тәрбиелеу мен дамытудың әсерін алып жүреді.

Ертегінің негізгі қызметі:

  • Жеке даралық өмірлік тәжірибесін кеңейтеді, жалпыадами тәжірибеге қатыстырады;
  • Тұлғаның шығармашылық әлеуетін, бейнелі және абстарктылы ойлау қабілетін анықтайды және дамытады;
  • Қажетті күйзелістердің гаммасын, мейірімді және жүректік сезімдерді тудырады; ерекше көңіл – күйді құрады, жан дүниені тазартуға, жан тыныштығына, қорқынышты алып тастауға ықпал етеді;
  • Көркемдік, экологиялық, этникалық валеологиялық және құндылық мәдениетті қалыптастырады, сүйіспеншілік пен мейірімділікке үйретеді;
  • Үлкен мен баланы біріктіреді, бір – бірлерін тануға көмектеседі, үлкендер әлемімен тәрбиеленушілердің жан – дүниесінің әлемін жалғастыратын тасымалдаушы болып саналады;
  • Терең ойлау үдерісін енгізеді, философтық ойларды түсіне білу арқылы оның өзектілігі артады.  

Ертегінің ерекшеліктері бірлестік механизмі сияқты төмендегілерде көрінеді:

      - баланың ішкі жан дүниесінің ертегі әлемінің ішкі жан дүниесіне сәйкестігінде, барлығы бүтін болып, көлемі бөлінбегенде: өткені, болашағы мен қазіргі шағы, аспан әлемі, жер мен жер асты әлемі, микро және макро әлем, өлі және тірі табиғат пен адам қоғамының бір сезімде тоғысқанында;

       - ертегі әрбір балаға сол бір мағынаны, тәжірибені, идеяны, ойды таңдауға мүмкіндік береді.

Бірлескен театрдың ерекшеліктері денсаулық сақтау технологиясы сияқты:

  • Тәрбиелік сипатына ие емес;
  • Бірлестіктің көптеген табиғи механизмдерін біріктіреді (ойынды, белсенді қозғалысты, ертегі сюжеттерін драмалау, сурет салу), тұлғаны дамытудың әлеуеті мен қорын белсендіру үдерісіне ықпалын күшейтеді;
  • Түрлі білім беру мен түзете – дамытушылық тәсілдерді, жаттығуларды: логоритмика, психогимнастика, релаксация, аутотренинг және басқаларын қолдануға мүмкіндік береді;
  • Педагогтар ұжымын шығармашылық қауымдастыққа біріктіреді, балалар мен үлкендердің тұлғалық өсуіне ықпал етеді.

          Л.В.Трубайчук мектепке дейінгі білім беруде бірлестіру үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін бірлестіру факторын «жұмыс бірлігі» ретінде қарастырады, оған мектепке дейінгі білім беру мазмұнының кез келген компоненті бола алады, оларға қатысатындардың сападық мінездемесіне ие болады. Ол төрт жүйелеп құрылған факторды анықтаған:

1. Негізгі жүйені құратын фактор – білім беру салалары 5 түрлі білім беру салаларын бөліп көрсеткен, олар таза күйінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде білім беру әрекетін іске асырмау керек, міндетті түрде жинақтау қажет, бірлестіру қажет, ол мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық сапасын қалыптастыруды сапалы тұрғыда өзгертуге көмектеседі. Ол білім беру салаларының толыққандығын біріктіргенде көрсетеді, яғни бір саланың келесі бір салаға енуін көрсетеді.

2. Екінші жүйені құратын фактор  – күнтізбелік – тақырыптық жоспарлау негізінде білім беру салаларын бірлестіру, ол толыққанды білім беру үдерісінде логикалық – мазмұнды негізді анықтай алады. 

3. Үшінші фактор – мектеп жасына дейінгі балалар әрекетінің негізгі түрлерін бірлестіру: танымдық – зерттеушілік, еңбек, көркемдік – шығармашылық, қатынас, қозғалыс. Әрекет ету бірлестірудің психологиялық негізі сияқты ол өз алдына бөлшектеніп кеткен компоненттерді біріктіреді және жаңа білім беру өнімінің пайда болуына қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, оны құруға педагогтар, балалар, ата – аналар ат салысады. Осылайша білім беру өнімі болып жаңа алған білім, сурет, би, бала өзі құрған спектакль және т.б. болып көріне алады. Нәтижесінде балада меңгерілген бірлескен әрекет әлеуметтік және психологиялық білім беру тұрғысында қалыптасады, бір саладан екінші біреуіне оңай ауысатын әрекеттің бірлескен тәсілдері, әрекет етудің жеке стилі, әлеуметтік тәжірибені меңгеру, шығармашылық қабілеттерді дамыту қалыптасады.

4. Төртінші жүйені құратын фактор – жеке тұлғаның біріктірілген сапасын қалыптастыруды көздейді, жалпыбілім беру бағдарламаларының негізін меңгерудегі соңғы нәтиженің сапалы болуын қарастырады. Мағынасына қарай жеке тұлға толыққанды, жүйелі. Жеке тұлға ретінде қалыптасу үдерісінде бала біртіндеп өз бетімен әрекет етуге ие болады, ол автономды түрде бар болуына және әлеуметтік белсенділікті көрсете алу қабілеттілігі сияқты, өзінің қатынасын өскен ортасымен үйлестіріп отыру қабілеттілігі сияқты болып көрінеді. Интеграциялық даралық әрбір тұлғада тәрбиелеу, дамыту және оқыту үдерісінде қаттала бастайды.

Білім беру салаларын біріктіру мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту үдерісін қамтамасыз ету және оны үнемі ескеріп отыруды көздейді. Бірлестіру толыққанды жағдай дедік, ол өз тарапынан барлық білім беру салаларын біріктіреді, түрлі әрекеттерді, тәсілдер мен әдістерді тақырыптық – күнтізбелік жоспарлау негізінде бір жүйеге шоғырландырады, мектепке дейінгі білім беруде жетелеуші форма түрінде сабақтар ғана емес, үлкен мен баланың бірлескен әрекеттері де қарастырылады.

Біріншіден, бұл нақтылық, оқу материалының ауқымды ақпараттылығы, соның арқасында мектепке дейінгі дидактиканың негізгі принциптерінің бірі іске асады, ол сабақ, көлемі бойынша аздау болмау керек, бірақ та ауқымды, кеңінен ашылуы керек, оны бірлескен сабақтарда көре аламыз.

Екіншіден, оның негізгі ерекшелігі логикалық тұрғыда өзара келісімділігі, бірлескен заттардың өзара байланысы болып табылады. Осындай сабақтарда түрлі әрекеттер арқылы әртүрлі білім беру салаларының материалдары өзара кірісіп, матасып жататынын қамтамасыз етеді, мысалы, музыка, әдебиет, өнер шығармаларының көмегімен «көңіл - күй» түсінігін қарастырайық. Маңыздысы білім беру салалары бір – бірімен үйлескенде олардың арасында байланыстыратын элемент – бейне болуы керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау ерекшеліктерін ескере отырып сабақтарда міндетті түрде әртүрлі көрнекі материалдар мен атрибуттардың (картиналардың көрмелері, репродукциялар, тұрмыстық заттар, костюмдердің элементтері) көптеген түрін қолдану керек. Оларды балалар еркін келіп көріп, қарастырып және қолдана алатындай бөліп тастау керек.

Бірлескен сабақтардың маңызды ерекшелігі болып динамикалық қозғалыстарды және балалар әрекетінің түрлерін ауыстыру саналады.

Сабақтар кезінде балалар әрекетінің түрлерін қолдану керектігін ескертіп едік, оларды өзара бірлестіре аламыз, мысалы, құрылыс материалдарын құрастыру арқылы ертегіні сахналауға болады, құрылыс материалдарынан декорациялар құрамыз, ойындарға атрибуттар әзірлейміз, тақпақ оқуды музыкамен сүймелдейміз, сурет салу мен бейнелеу өнерінің шығармаларын қарастырамыз.

           

Әдебиеттер:

 

1. Веракса, Н.Е. Проектная деятельность дошкольников: Пособие для педагогов дошкольных образовательных учреждений / Н.Е. Веракса, А.Н. Веракса. – М.: Мозаика-синтез, 2008. – 112с.

2. Емельянова, И.Е. Интегрированная познавательная задача как системообразующий фактор художественно - творческого  развития ребёнка / И.Е. Емельянова // начальная школа Плюс До и После. – 2011. – №10. – С.1-7.

3. Кириенко, С.Д. Интеграция содержания образования в практике работы ДОУ /С.Д. Кириенко /Начальная школа Плюс До и После. – 2011. – №10. – С.1-5.

4. Морозова, Л.Д. Педагогическое проектирование в ДОУ: от теории к практике / Л.Д. Морозова. – М.: ТЦ Сфера,  2010. – 128с.

5. Савенков, А.И. Методика исследовательского обучения дошкольников / А.И. Савенков. – Самара: Учебная литература, 2010. – 128 с.

6. Трубайчук, Л.В. Интеграция как средство организации образовательного процесса/ Л.В. Трубайчук // Начальная школа Плюс До и После. – 2011. – №10. – С.1-7.

7. Успех. Методические рекомендации: пособие для педагогов/ [Н.О. Березина, О.Е. Веннецкая, Е.Н. Герасимова и др.; науч.рук. А.Г. Асмолов; рук.авт.коллектива Н.В.Федина]. – М.: Просвещение, 2011. – 240с.

8. Кипнис, М. Драмотерапия. Театр как инстурмент рещения конфликтов и способ самовыражения. – М.: «Ось-89», 2002.

9. Айхингер, А., Холл, В. Психодрама в детской групповой терапии. М.: «Генезис», 2003.