Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс барысында кейс-әдісін қолдану С.С.Оразханова

Заманауи өмірдің қарқындылығы ол ізденістер мен жаңа да тиімді технологияларды ойластыруда көрінеді. Инновациялық педагогикалық технологиялар оқытудың нәтижесін балада көруге бағытталған. Осының бірі ретінде бүгінгі күнде өзекті болып саналатын кейс – технология туралы айта кеткен жөн болар. Оның мектепке дейінгі білім беру үрдісінде қолданылуы қалай өтетінін төменде талдайтын боламыз.

Кейс технологиясы – латын сөзінен алғанда casus-шытырман, ерекше жағдай дегенді, ал ағылшын тілінен аударғанда case – шабадан, портфель дегенді білдіреді.

Бұл технология Гарвард бизнес мектебінде 20 ғасырдың басында ұшқын тапқан және көптеген елдерде адам әрекетінің барлық сфераларына тараған.

Бұл әдісті барлық білім беру орталықтарында қолданады, оқушылармен тіпті кейінде мектепке дейінгі балаларды оқыту жолына да қолданылып отыр. Ол үшін кейстерді бала жасына, логикасына, тіл байлықтарына сай үлгілеп жасау керектігін ерекше ескерген жөн.

Кейс-технологиясы - жағдайларды талдайтын әдістері бар оқыту технологиясы. Ол қысқа мерзімде оқытуға арналған интерактивті технология деп те айтып жатады. Оның негізінде шынай не ойлап тапқан жағдайлар бар, олар білім, жаңа сапа мен шеберлікті қалыптастыруға бағытталған. Мектеп жасына дейінгі балалар жағдаяттарды зерделеу керек, мәселені шешпес бұрын оның мәнісін ұғу керек, содан кейін барып оны шешу жолдарын түрлі әдіспен ойластыру керек.

Кейсттің керегі не?

Кейс практикаға жақындастырады, адамның позициясына тұрғызады, ол арқылы шынайы шешім мен басқа адамдардың қателігінде көрініс табады.

Кейсте не болу мүмкін?

Мәтіндік материал – сұхбат, мақала және көркемдік мәтіндер.

Бейнелі материал – фотосуреттер, диаграммалар, кестелер, аудиожазбалар т.б.

Алдымен біз кейстерді өзіміз ойлап табуымыз керек. Ол үшін бізге керекті:

  1. Зерделеудің тақырыбы мен мәселесін анықтау – олар балаларға қызықты болуы шарт.
  2. Зерделеудің нысанын табу – «нақты жағдай»;
  3. Контекстті анықтау;
  4. Кейс – зерделеуді жоспарлау, материалды жинақтау және талдау;
  5. Шешімдер табу, жағдайдың әріректе дамуына мүмкін болатын сценарийлерді талқылау;
  6. Кейсті сипаттау және оны түзету;
  7. Жағдайды әрі қарай талдауға сұрақтар қалыптастыру.

Сіздің ойлауыңызша, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасағанда кейс технологиясын қалай қолдануға болады?

Мақсаты:

- педагогтарды белсенді оқыту әдісінің бір түрімен таныстыру;

- педагогтарды өз беттерімен кейс-жағдаяттарын ойластыруға үйрету;

- педагогтарды ұжымдық шығармашылық үрдіске қатыстыру, шығармашылық үлес қосу, өз білімін жетілдіруге қатыстыру;

- әдістемелік мәдениетті арттыру және өз ойын өңдеуге қатыстыру, педагогикалық тәжірибемен алмасу тәсілдерін және  педагогикалық әрекеттерді тиімділігін өзіндік талдауға үйрету;

- педагогтарда келесі құзыреттерді дамыту: талдамалық дағдылар, болжауды білу, ақпаратпен жұмыс жасау қабілеті, өз көзқарасын кәсіби әрекеттің қажетті элементі ретінде дәлелдеу және оны қалыптастыру, белгісіз жағдайда баламалық тәсілдерді іздеу қабілеті.

Өзектілігі

Қазіргі кездегі заманауи әдістердің талабына сай біз балалармен жұмысты заманға сай құруымыз керек. Бүгінгі күнде мектепке дейінгі  мекемеде жаңадан енген технология ол – кейс-технологиясы деп аталып жүр. Кейс-әдісі проблемалық оқытудың заманауи технологиясына жатады. Бүгінде кейс әдісімен таныса отырып біз өз бетімізбен білім беру үрдісін жобалай алатын боламыз. Оның көмегімен түрлі жағдайларды үлгәлей аламыз, онда әр бала өз қабілетін көрсете алады, көңіл-күйлерін білдіреді, қызығушылықтарын көрсетеді және білім беру әдісінің мазмұнын таңдатады.

Оның мағынасы неде және оны балалармен бірге жұмыс істегенде қалай қолдануға болады? Кейстердің көмегімен білім беру жағдайларын қалай шешеуге болады? Сондай көкейкесті сұрақтарды шешуге кіріссек еді.

Кейс әдісі – практикалық жағдайларды, шынайы және үлгіленген жағдайларды талдау әдісі болып саналады. Сұрақтар, тесттер мен басқа да жағдайлардан басқа ол меңгерілмеген ақпараттың көлемін бағалауға көмектеседі, яғни баланың алған білімдерін белсендіру мақсатында қолданады.

Кейс-әдісінің мәні практикалық әрекет арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттырады және үлгіленген жағдайлардың көмегімен диалог құрғызады. Кез келген үлгіленген және шынайы жағдайлар бірнеше шешімдерді шешуге және балалар тәжірибесіне етене жақын болу керек.

 Кейс-әдісі білім беру үрдісіне қатысатын барлық қатысушыларға өзара әрекет етуге мүмкіндік береді. Мұғаліммен бірге балалар жағдайды талдайды, бірге мәселені қарастырады, оны шешудің тәсілдерін ұсынады және ең жақсы тәсілін таңдайды. Осылайша мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымдығы, сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдылары, жауапкершілігі, қажеттілігі және топпен жұмыс істеудегі біліктілігі, шығармашылық қабілеттері, күрделі жағдайларды өз беттерімен шешуге, жеке дара болса да топпен болса да шығармашылықпен қаруға, таныс не бейтаныс жағдайларда ақылмен әрекет етуге, қарапайым тұрғыда пайымдай білу дағдылары дами бастайды.

Кейс технологиясы арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында қалыптасатын дағдылар мен машықтар:

- Негізгі әрекеттердің мәдениетті жақтарын қолдана білу, ықпал мен түрлі әрекеттерде өз бетімен жұмыс жасау дағдылары;

- Коммуникативтік дағдылары келісімге келе білу, өзінің де өзгенің де қызығушылығын ескеруге, ұрыс-керісті шеше білуде көрінеді. 

- Мінез-тұрысының әлеуметтік нормалары мен ережелерін түрлі жағдайларда көрсете білу.

- Үлкендер мен қатарластарына сұрақ қоя білу, өз беттерімен әрекеттеріне, қылықтарына түсініктеме бере білу.

 

  • Түрлі әрекеттердегі дағдылар мен машықтарға сүйене отырып өзінің шешімін шығара білу.
  • Ойындардың түрлі формалары мен басқа да түрлерін меңгеру дағдылары, шартты және шынайы жағдайларды айыру.
  • Ауызша сөйлеу дағдыларын меңгеруі, өз сөйлеу тілін өзінің ойын жеткізгенде, сезімдері мен ықтиярын көрсеткенде, қарым-қатынас жағдайында сөйлеп білдіру.

Кейстехнологиясы педагогикалық технология ретінде өте ыңғайлы және уақыт шегіне тәуелді емес.

- Кез келген кейсті мұғалім түрлі мақсатпен қолдана алады және білім беру әрекетінің түрлі кезеңінде де қолданады, о сабақтың бір бөлігі немесе әрекеттің көмекшісі сияқты, ал оның шешімін балалар табады.

а) сабақ басында кейс тақырыпқа деген қызығушылықты қалыптастырады;

б) бірге жұмыс істеуге бағыттайды;

в) біртіндеп өз бетімен жұмыс істеуге итермелейді.

Кейс-әдісінің көмегімен мұғалім балалардың өзекті қызығушылықтарын және себептерін анықтай алады және білім беру үрдісіне көмектеседі.

Балалар проблемалық жағдайларға барлығы бірдеу қызығушылық көрсете бермейді, түрлі жағдайларда олардың белсенділіктері әр түрлі көрінеді.

Мұғалімнің міндеті – балалармен қарым-қатынас жасауды ұйымдастыру және балалардың қызығушылығы мен мүмкіндетін анықтау. Сондықтан кейс-әдісі – мектеп жасына дейінгі балаларды жеке даралап оқытуда және жағдаяттарға сүйене отырып оқытудың тиімді бір тәсілі.

Аталмыш әдіс өте ыңғайлы және қазіргі кезде дәл осы мектеп жасына дейінгі кезден басталуы да соған байланысты. Бірақ оны толықтай білім беру практикасына енгізуді тіпті кіші топтан бастау керек ене деп жатыр. Ол балалардың көрнекі, көзбен көру және көңіл-күйлерінің ашылуына, бір-бірімен араласу тәжірибесін жинақтауға қажет.

Кейс-технологиясының әдістері:

Кейстердің түрлілігіне қарамастан, олардың барлығы типтік құрылымға ие, ереже бойынша ол былай:

• жағдай – шынайы өмірден шығып жатқан хикая, жағдаят,

• жағдаяттың контексті – тарихы, бірізді, алып жатқан орынның, жағдаятқа қытсушылардың немесе олардың әрекеттерінің ерекшелігі.

• автор ұсынға жағдаятты сынап тұру, оған ақпарат беріп тұру.

• кейспен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар мен сұрақтар.

• қосымшалар.

Бүгінде біз кейстердің бірнеше түрлерімен танысамыз, олардың құрылымын қарастырамыз және білім беру үрдісінде қолдануға арналған кейстердің бірге құруға үйренеміз.

Кейспен жұмыс жасаудың кезеңдері:

Бірінші кезең: дайындық

  • Балаларды жағдаймен таныстыру. Олардың зейіндерін тұрақтандыру. Жағдайға деген ұнамды қатынас құрылады. Баллар педагогпен бірге мәселені анықтайды, оның мақсатты бөлігін табады. Балалар өз беттерімен іздеудің мақсатын құрады.

Екінші кезеңде педагог тірек сұрақтардың көмегімен балаларды белсендіреді, балалардың эмоцияналды көңіл-күйлерін қолдайды, ізденіс кезінде түзету жұмысын жүзеге асырады.

Үшінші кезеңде (шешім қабылдауды талдау), педагог әрекет етудің жоспарын құруға балаларды қатыстырады, балалар логикалық тұрғыдан талдауға үйренеді.

Төртінші кезеңде, яғни бағалау-қорыту кезеңінде, тәрбиеленушілер өз дәлелдемелерін ұсынады, ойластырады, алған білімдерін қолданады.

Осы тұста тағы бір рет мысалдар келтіріп ашып берсек.

Кейс – бейне (иллюстрация), бұл проблемалық жағдайларды қарастыруға арналған бейне деп табады.

Бұл жұмыстың мақсаты: мәселені бөліктерге бөлу, оны шешудің түрлі шешімдерін талдауды және ең жақсысын таңдап алуды меңзейді.

Кейс-иллюстрация, көркемдік кейстен оның ішінде үнемі проблема бар екендігімен айрықшаланады. Бейнелерді қарастыра отырып, балалар алған ақпаратты талқылайды, ортаға салады, шешімді қабылдайды, не тұспалдап немесе оның негізінде болжам құрады. Мәселе (проблема) балаларға ашық түрде берілмейді.

Біз таңдап алған жағдай сол мәселелерді бейнелеуге көмектесуі керек, онымен бала өмірде кездесуі мүмкін не болмаса ездескен де болуы керек. Әрине, бұл жағдай баланы толғандырады. Алдымен педагог мәселелік жағдайды бейнесімен бірге балаларға ұсынады, сосын оны талқылауды ұйымдастырады.

  • Балалар бейнемен танысады, мәселені анықтап алады.
  • Топтарға бөлінеді және өз идеялары мен шешімдерімен қатарластарымен бөліседі.
  • Өз идеялары мен шешімдерін кейсті ұсынғанда көрсетеді.
  • Екінші қосарлы бейнені ұсыну қызығушылықты ұстап тұруға көмектеседі.
  • Иллюстарцияға (бейнеге) қарағанда фото өз бетімен балаларда қызығушылық көп тудырады. Балалар оларды қарастырады, жағдайды талдайды, кейбір бөліктерге назар аударады.

Кез келген педагог кейс – технологиясын өз жұмысына енгізгісі келсе, оны кәсіби түре жасай алады, ол үшін арнайы әдебиеттерді оқып және оқу жағдаяттарын мысалға алса болғаны.

Кез келген кейсті түрлі мақсатпен және білім беру әрекетінің түрлі кезеңдерінде де қолдануға болады, сабақ алдында ұсынатын түрткі ретінде де болуы мүмкін, немесе өз бетіндік сабақ та бола алады. Сонымен қатар этикалық әдепті әңгімелерде де қолдануға болады, барлық лексикалық тақырыптарды да қамтуға болатын жағдайы бар.

Негізінде кейс – технологиясы – ол біздің шынайы өміріміз сияқты, өмірімізде қанша қиындық болса, сол қиындыққа сонша адам тап болып, шешімін тауып жатады. Өмірден түңілмеу үшін, адам баласы өз мәселесін тануы, түсінуі және оны мойымай шеше білуі керек, яғни өз мәселесіне ену, оны дұрыс талдау, шешімнің түрлі тәсілдерін табу және оның ішінде ең оңтайлысын таңдап алу, яғни күші жететінін. Мен үшін бұл жағдайда маңызды болғаны алдымда отырған бала мәслені қабылдай алуында, қиындықты шеше білуінде, өз бетімен алдына мақсат қоюында. Балалар кіші жастан бастап құлшыныс, әрекет, ізденіс дегенді түсінуі керек. Әр мәселеден шешім табуға болады, ең бастысы жағдайларды шешу дағдысы қалыптасқан болса. Кез келген мәселе шешімін табатынын түсіндіруіміз керек. Сонда бала өзіне сенімді, ұстамды болып өседі.

Осылайша, кейс-технологиялар білім беру үрдісінде зерделенетін материалға қызығушылығын арттырады, мұқият тыңдап және өз ойларын сауатты жеткізуге итермелейтін сапаларға ие болады. Кейс – технологиялардың басты мәнісі – түрлі проблемаларды зерттейтін және оны шешетін қабілеттерді дамытады.

          Менің ойымша, кейс – әдісін қолдануға бірден-бір жетіспеушілік – кейсті дұрыс әзірлеуде, өйткені нақты қолдану әдістемесі жоқ, ал дайын ейстер қатары аз не өте аз әзірленген. Оның орнына кәсіби болжамдар жүзеге асады, алғашқы қадам осы бағытта жасалды, қазір мен өз жұмысымда кейс-технологиясының төрт әдісін қолданамын, олар:

  1. Кейс – иллюстарция (бейне)
  2. Фото-кейс
  3. Рөлдерді ойнау кейсі
  4. Кейс-пікірталас.

Олардың менің жұмысымда берері көп, балалардың қызығуылығы артады, жұмыс барысыммен педұжыммен де бөлісіп, арнайы мастер-класс та өткіздім.

Ол қосымша бөлікте берілетін болады.

 

Әдебиеттер:

 

1. Алексеева, М.М. Методика развития и обучение родному языку дошкольников /

М.М. Алексеева, В.И. Яшина. - М.: Академия, 2000. – 400 с.

2. Богуш, А.М. Речевая подготовка детей к школе / А.М. Богуш. – К.: Рад.школа,

1984. – 175 с.

Земскова А.С. Использование кейс-метода в образовательном процессе // Совет ректоров. – 2008. – №8. – С. 12-16.

Кейс-метод. Окно в мир ситуационной методики обучения (case-study). [Электронный ресурс] / Доступ: http://www.casemethod.ru

Сурмин, Ю. Что такое CASE-метод? Взгляд теоретика и практика./ URL: http://www.casemethod.ru/about.php?id_submenu=1

ШимутинаЕ.Н. Использование кейс- технологий в учебном процессе

http://www.psylist.net/pedagogika/inovacii.htm    Педагогические технологии и инновации

http://www.ido.edu.ru/ffec/psych/ps13.html   Развивающие педагогические технологии