Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
«Алтын күз» мерекесі

Амансыңдар ма балалар!

Бүгін «Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіңдер!

 

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн, біліп қой

Күзгі бақта сыңғырлап

Алақанды ұрып қой.

Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!

(Балалар қолдарын бұлғайды)

 

Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқайық!

 

Армысың, алтын күз!

Жазмезгілі кіреді. (Гүл киімін киіп, билеп жүреді) Музыка «Жаз лебі»

 

 (көбелек кіреді)

Көбелек–ау, көбелек  Көбелектер музыкасы

Әдемісін керемет.

Гүлге келіп қона ғой,

Өзінде гүл бола ғой

 

Кенеттен күн күркіреп, бұлттанады,жауын жауады.  Жаңбыр сыбдырының музыкасы (бұлттар кіреді)

 Жаз жүгіріп шығып кетеді.

 

(Қолшатыр кіреді)

 Мен ақпын, сары, қызылмын  Қолшатырлар Музыкасы

Қолшатырмын көңілді.

Күз бен жаңбыр егіз ұғым.

Сары күзбен бірге көп ұзамай жауынды күндер басталады.

 Бақшаға қарай көшемен,

 Нөсерге қарсы төпеген,

Қолшатыр астын тасалап,

 Асыға келеді балалар.

(Шығып кетеді)

 

(Балалар қолшатырмен кіреді, барлығы билейді)

Би: «Жау-жау жаңбыр» Қолшатырлармен би

 

Шахматқа тұрады

 

Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды 

 

 

Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз,

Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналанын бәрі алтын.

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің  тойын тойлайық

Би билейік ойнайык

 

Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге бізге нұр төгіп.

 

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

 

 

 Алтын күз ханшайымы кіреді.

                               Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

        Ән «     Күз жомарт       »

Күн кіреді

Амансындар ма балалар,

асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті,

баршаңызды алтын күз

мерекесімен құттықтаймыз!

 

 

Құстар кіреді:

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып Құстар биі

 

Күз ханшайымы: Балалар мен сендерді ертегі әлеміне шақырамын. Бүгін біз «Ақылды ешкіге қонаққа барамыз».    Декорациялар керек

Автор мен сөйлеймін.

Ешкі: Аиша

  • Лақтарыма не беремін, қарбыздарым жарылып қалыпты ғой.
  • Қап білем сендерді ме?

Құстар: (келіп шоқиды), Қарбыз жейміз, қарнымыз тояды, шөліміз қанады.

Ешкі: Сендерді бір алдап соқпасам ба?

(шарды алады, үрлейді, бояйды, көп шарларды апарып бақшаға қояды, өзі қарап отырады.)

Құстар: кәнекей тойып алайық.

(келіп шоқиды, шарлар жарылады, құстар ұшып кетеді.)

Ешкі: енді қайтып келмейтін боласыңдар. (күледі)

Алтын күз: Жарайсың, ешкіжан, осылайша еңбегіңді үнемі қорғап жүр! Өте қызықты ертегі екен. Рахмет, балалар.

Жүргізуші: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.

 

Би: Жапырақтар

 

Шахматқа тұрады

Жүргізуші: Балалар, енді күзге ризашылығымызды білдіріп, қоштасатын кез келді. Ізгі тілектерімізді білдірейік.

 

Қамба толды астыққа

Алғыс саған Алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап бидай алдық біз

 

Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығына ризамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз.

Бұлттанып заңғар аспаным

Толтырды жасқа жанарын

Құстар да қайта бастады

Суықтың сезіп хабарын

 

Қарашы күз келді, күз келді

 Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

 Қара бұлт қабағын түйеді.

Қазан айы басталды
Құстар қайта бастады
Туыстық, адам достықпен
Жалғаса берсін өмірлерін

 

Күздің караша айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі

 

 

 

Күз келді,сары күз келді

Тау ызғарлы түз желді

Тыраулатып аспанда

Тырналарын тізді енді

 

 

             Ән « Алтын күз »

Алтын күз: Қандай керемет, өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр Сау болыңдар балалар! Менің сыйымды алыңдар!

 Жүргізуші: Осымен, күз мерекесі аяқталды. Күз береме, мереке, бірлік, тірлік әкелсін.