8 сентября 2018 года в школе состоялось республиканское родительское собрание "Казахстанские родители 21 века: стань примером для своего ребенка". Целью которого являлось психолого-педагогическая помощь родителям первоклассников.
1 сентября 2018 года прозвенел первый школьный звонок для первоклассников 2018.
Прошла торжественная линейка в 1-11 классах.
Жаңа 2018-2019 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін республикалық бойынша "Мектепке жол" атты акция өткізу жарияланды. Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балаларға мектепке барар дайындық кезінде демеу жасау, киім-кешектің, аяқ-киімнің, кеңсе тауарларының және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудын алдын алу акцияның мақсаты болып табылад
Мұқыш Мұхаммедали, Путинцев Александр и Петряков Данил ученики нашей школы продемонстрировали своих роботов: Поломойщика, Робота-Малыша, щенка и Танка на выставке, посвященной Дню Астаны.
"Балдаурен" лагерінің ұлдары "Super ұлдар" қалалық сайысына қатысып, белсенді қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды.
Біздің коржынға тағы бір жеңіс қосылды!
Петропавловск қаласында өткен волейболдан КР жазғы чемпионатына қатысып, 6 сынып оқушысы Кузьменко Анжела қола жүлдеге ие болды.
"Балдаурен" жазғы лагерінің қатысушылары К. Абусеитов атындағы ойын-сауық орталығына барып қайтты.
"Балдәурен" жазғы лагерінің "The Jigits" командасы А.Ж. Абильдинованың жетекшілігімен Астана қ. 20-жылдығы және Павлодар обл. 80-жылдығына орай "Super Ұлдар" қалалық жобасында Мақтау қағазымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
"Футбол сабағы" жобасын сапалы жүргізіп, оқушылар арасында футболды дамыту жолында зор үлес қосқаны үшін Павлодар қаласы №1 ОМ Дене шынықтыру мұғалімі Қизат Саят Қизатұлы Казақстан Футбол Федерациясы Президентінің алғыс хатымен марапатталды.
Біздің мектебіміздің 3б сынып оқушысы Ермуратова Дайана Астана қ. 20-жылдығы және Павлодар обл. 80-жылдығына арналған "Ерке ханшайым" жазғы қала жобасының "Музыкальность" номинациясында Мақтау қағазбен мараптталды. Құттықтаймыз!!!
"Жас құтқарушы" отрядының күні "Алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары" тақырыбына арналды. Жие кездесетін оқиғалар қарастырылды: сыну, қан кету (сыртқы), жүректің тоқталуы. Балалар зардап шеккен адамға қолда бар құралдармен қалай көмектесуге болатынын үйренді. Бұл адамға алғашқы көмек көрсетуіне және адам өмірін құтқаруына көмектеседі.
"Білім маржаны" бейінді отрядының балалары А.А.Сагумбаева және Г.Б.Жантемированың басшылығымен "Встреча у памятника" атты қалалық жобасын қорғауға дайындалуда. Тақырыбы Павлодар облысының қасиетті, атақты адамы М.Ж. Көпеевке арналған.
Мектебіміздің "Балдәурен" атты би ұжымы жетекшісі Г.Б. Жантемировамен бірге "Ұлы дала өнері" атты қалалық шығармашылық фестивалінде өз шеберліктерін көрсеткендері үшін сертификатпен марапатталды. Жазғы мектеп жанындағы лагерінің ұжымы құрамында Г.С. Балпекова, А.А. Сагумбаева, Л.С. Қуанова және Г.Б. Жантемировалар қала өмірінде табысты шығармашылық жұмыстарына белсене қатысқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
"Білім маржаны" бейінді отрядында жас өрт сөндірушілерге арналған күні өтті Бұл күні балалар жетекшілермен бірге Павлодар қ. №34 Өрт бөлімшесіне барып қайтты. Онда балалар түрлі жабдықтармен танысты, тәжірибе сабақтарына қатысты, "Төтенше жағдай кезінде өзінді қалай ұстау керек" ережелерімен танысты.
2018 жылдың 19 маусымында мектептегі жазғы сауықтыру лагерінде кітапхана меңгерушісі Г.Х. Раембекова балалармен "Ойна, ойла!", атты қазақ ұлттық ойындарын тереңінен білу және үйрену үшін, тәрбиелік мәні бар ойын сауық бағдарламасын өткізді.
"Білім маржаны" бейінді отрядының балалары арасында "Ең талантты балалар" атты сайыс өтті. Біздің балаларымыз сурет салады, би билейді және өз қолдарымен бұйымдар жасайды.
2018 жылғы 15 маусымда №1 ЖОМ үлкен өмірге өзінің кезекті түлектерін шығарып салды. Мектеп 11 сыныптың 22 оқушысын шығарды. Мектепті бітіру - кешегі ғана оқушылардың өміріндегі өте маңызды қадам, алдарында жауапты іс - ҰБТ тапсыру, жоғары оқу орындарына түсу және әр қайсы өзінің алдына қойған жоспарларға жету. Ақ жол Сіздерге, 2018 жылғы түлектер!