ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық бейнелеу шығармашылығы байқауының жеңімпазы
22-10-2020 09:05
Халықаралық бейнелеу шығармашылығы байқауының жеңімпазы

«Жыл мезгілдері» ІІ халықаралық бейнелеу шығармашылығы байқауының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 7 ЖОМ 9 сынып оқушысы Байнакаров Азат I дәрежелі диплом иегері атанды. Байқау 29 қыркүйек пен 9 қазан аралығында қашықтықтан өтті, ұйымдастырушы «XXI ғасыр көшбасшысы» халықаралық инновациялық білім беру орталығы болып табылады.

Байқауға ол «Итті ұстап тұрған қыздың» суретін ұсынды. Жұмыс қарапайым қарындашпен штрихтау және жаймалау техникасында орындалды. 2019 жылы XVII қалалық «Менің елімнің болашағы» блиц-байқауында гран-при иегері атанды және Павлодар қаласының көркемсурет мектебінде бір жыл бойы тегін оқу құқығына ие болды. Ол қалалық, республикалық жүлделердің иегері. Үздік суреті үшін 2019 жылы республикалық «Қош келдің, Наурыз!» байқауында «Сурет» номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Саттаров Нұрлыбек Сағидоллаұлы: «Азат мектепте сурет салуға әуестенгеніне қарамастан жақсы оқиды, мектептің түрлі іс-шараларына белсенді қатысады, ол дарынды оқушы - портреттерді әдемі салады, кескіндемемен әуестенеді», - дейді.