«Алтын күз» IV халықаралық шығармашылық байқауында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Эмералд» бөлімшесіндегі «Айналайын» би ұжымы «Хореография» номинациясы бойынша 11 - 14 жас аралығындағы балалар арасында жеңіске жетті.
Би ұжымы байқауда «Саябақтағы күз» атты эстрадалық биін орындады. Ұжымның құрамында клубтың келесі 7 тәрбиеленушісі қатысты: № 21 ЖОМ 6 сынып оқушылары Аскарова Айдана, Есепбаева Рабиға, Уюкпаева Мадина, Ксенофонтова Ангелина, Альбина Абдулина, 8 сынып оқушысы Саулеханова Шырайлым, 4 сынып оқушысы Кежегали Диана. Байқаудың қорытынды нәтижесі бойынша «Азбука.kz» Халықаралық білім беру порталының І дәрежелі дипломмен марапатталды, ұжым жетекшісі Сагиева Зарина Ерлановна, қосымша білім беру педагогі жеңімпаздарды дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.
- Клубта «Айналайын» би үйірмесі 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Үйірмеде 6 - 14 жас аралығындағы 40-тан астам тәрбиеленуші бар, - дейді би ұжымының жетекшісі.
Байқау 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің балалары, педагогтары мен тәрбиешілері арасында өтті. Басты мақсаты - өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз өлкесіне ыстық ықыласпен қарау, эстетикалық тәрбие беру және жәрдемдесу балалар көркем шығармашылығы үшін жағдай жасау, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру.