Павлодар қаласының К. Бекхожин атындағы мектептің 2 сынып оқушысы Даирова Айша «Жұлдызды фестиваль» балалар және жасөспірімдер «Pavlodar Music sтudio» ХХ Мерейтой халықаралық конкурсына қатысып II дәрежелі дипломмен марапатталды. Фестиваль ұйымдастырушысы Нұр-Сұлтан қаласындағы TS «Pavlodar music sтudio», директоры Г. О. Темиржанова. Фестивалде Айша «Эль» би шеберлігі «Блестяшки» тобымен «Шопоголик» эстрадалық биін орындады.
- Айша 5 жасынан «Эль» би шеберлігіне қатысады және билегенді ұнатады. Ол жан-жақты, шығармашыл бала. 2017 жылы «Звездный лист» вокал бойынша IV республикалық фестиваль-конкурсының қатысушысы және гран-при жеңіп алды дейді, - жетекшісі Байгожина Кұралай Сериковна.
2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Familyday» облыстық конкурста «Холли» үнді биінің республикалық шығармашылық конкурс-фестивалінде I дәрежелі диплом иегері атанды. 2020 жылы «Сұңкар» интеллектуалдық білім беру порталымен ұйымдастырылған, «Мир живописи» республикалық конкурсында I орын алды.
Айша мектепте үздік оқиды, математику, оқу, қазақ тілі, сурет салғанды, өлең айтып, би билегенді ұнатады. Мектепте би және вокал үйірмесіне, әртүрлі деңгейдегі конкурстарға қатысады.