Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық байқаудың жеңімпазы
11-11-2020 09:56
Республикалық байқаудың жеңімпазы

  Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы мектебі «Үздік Online Mektep 2020» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Байқаудың нәтижесі бойынша интерактивті тақтаны ұтып алды. Байқау 2020 жылғы 2 қазан мен 5 қараша аралығында өтті. Бұл Online Mektep.org платформасына қосылған Қазақстанның барлық мектептері арасында Bilim Book атты 15 интерактивті панелін ұтып алудың бірегей мүмкіндігі. Байқаудың мақсаты - Online Mektep.org платформасында қашықтықтан оқыту сапасын арттыру.

  Байқау шарты бойынша әкімшілік рұқсаты бар мектептің бір өкілі, информатика пәнінің мұғалімі Ахметова Мира Мұхаметқанқызы қатысты. Online Mektep.org платформасында байқауға қатысу туралы барлық пәндер бойынша бекітілген мұғалімдермен 5 - 11 сыныптардағы сабақ кестесі, сабақ және үй тапсырмасы бойынша бағалары бар журналдар, мұғалімдер мен оқушылар аккаунттарының өзекті тізімдері ұсынылды. Посттың сипаттамасында мектепте қашықтықтан оқыту қалай өтетіні туралы қысқаша ақпарат берілген.

   Павлодар облысы бойынша 18 мектеп байқауға қатысуға өтінім берді. Жеңімпаздар әр аймақ үшін кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталды. Облыс бойынша жеңімпазды таңдау кезінде Б. Момышұлы атындағы мектепке дейін кездейсоқ сандар генераторының көмегімен 2 мектеп таңдалды, бірақ сайыстың тиісті шарттарының орындалмауына байланысты бұл мектептерге жүлде беруден бас тартылды. 3-ші рет кездейсоқ сандар генераторы Б. Момышұлы атындағы мектепті таңдады. Байқау шарттарының барлық тармақтарының орындалуын тексергеннен кейін, мектеп байқау жеңімпазы және интерактивті панельдің иегері болып танылды.