Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстың киелі жерлері бойынша танымдық саяхат
23-11-2020 08:46
Облыстың киелі жерлері бойынша танымдық саяхат

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Павлодар қаласының №41 ЖОМ география пәнінің мұғалімі Алена Григорьевна Паскарь «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы, Павлодар география үйінің директоры Александр Анатольевич Вервекиннің қатысуымен «Киелі Павлодардың рухани құндылықтары» атты білім беру интерактивін өткізді.

   Іс-шарада мектеп оқушылары түрлі діндердің әлемдік храмдарымен танысып, шақырылған қонақтың сөзін тыңдады. Ол 2017 жылы негізгі міндеті рухани құндылықтарды жаңғырту және сол арқылы ұлттық бірегейлік пен тарихи сананың тұтастығын қалыптастыру үшін алғышарттар жасау болып табылатын «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жалпыұлттық жобасының іске қосылғанын айтты. Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі және Ертіс Өңірінің ғалымдары облыстың бірнеше ондаған киелі объектілері туралы материалдар жинады.

  Білім беру интерактивінің практикалық бөлімінде оқушылар Қазақстанның жалпыұлттық киелі ескерткіштерінің республикалық тізіміне енген «Облыстың жеті киелі объектісі» саяхат-ойынына қатысты. Ойын барысында 9 - 10 сынып көшбасшылары түрлі тапсырмаларды орындады: ребустар, басқатырғыштар шешті, QR-кодтарды оқыды, сөздер бұлтымен жұмыс істеді. Білім беру интерактивінің қорытындысы бойынша I орынды 9 сынып оқушысы Косяченко Камила, II орынды 9 сынып оқушысы Қасқырбай Самир, III орынды 10 сынып оқушысы Досанова Дина иеленді, «Павлодар қаласының ақылды тұрғындары» номинациясында 10 сынып оқушысы Волошина Полина, «Павлодардың білімқұмар тұрғындары» номинациясында 9 сынып оқушысы Байгожина Исмина марапатталды.