Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Б. Момышұлының 110 жылдығына арналған кездесу
08-12-2020 13:44
Б. Момышұлының 110 жылдығына арналған кездесу

   Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 7 сынып оқушылары аты аңызға айналған қолбасшы, белгілі жазушы Б. Момышұлының 110 жылдығына арналған кездесуге қатысты. Кездесу М. Катаев атындағы оқушылар сарайында ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.

  Кездесуде мектеп оқушылары өз сөздерінде әскери қайраткер, жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманының шығармашылығы туралы айтып, оның дана сөздеріне, дәйек сөздері мен афоризмдеріне талдау жасады. Олардың сынып жетекшісі Гүлмайрам Рақышева батыл қолбасшының ерліктері туралы, 2015 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласының №22 мектебіне Б. Момышұлының есімі берілгендігі туралы айтып берді.

  Оқушылар сарайының «Қаламгер» баспасөз орталығының жас журналистері оқушыларға батырдың өмірі мен балалық шағы туралы деректі фильмнен қызықты деректер ұсынды. Баспасөз орталығының жетекшісі Әсем Аипова «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім - Бауыржан Момышұлы» атты викторинаны өткізді. Қатысушылар кейіпкердің балалықшағы, өмірі, соғыс жылдары, шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді.