ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«ECOSTAN-ға саяхат » республикалық конкурстың қатысушысы
10-12-2020 08:44
«ECOSTAN-ға саяхат » республикалық  конкурстың  қатысушысы

   Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының «ECOSTAN-ға саяхат» республикалық  конкурсына 7 - 12 сынып оқушылары қатысты. Конкурс екі бағыт бойынша өтті: «Лучший натуралистический фоторепортаж» (7 - 8 сыныптар), «Лучший экологический видеоролик» (9 - 12 сыныптар). Конкурс бас директор және бас редактор Жакипов Еркін Жақыпұлының басшылығымен «National Geographic Qazaqstan» журналымен бірлесіп ұйымдастырылды, осы конкурсты қолдап, демеушілік көрсетті. Әділ қазылар ғалымдар, Қазақ университеті технология және бизнес оқытушылары.

   Конкурсқа  Қазақстанның 17 аймағынан 200 аса тапсырыс ұсынылды. Барлық аймақтар белсенді қатысты, бірақ сапасы бойынша ең жақсы Нұр-Сұлтан, Маңғыстау және  Павлодар облысы қатысушыларының  жұмыстарын атап өтті. Конкурс қорытындысы бойынша павлодарлық оқушылар бес жүлделі орындардың иегері атанды, Врачевский Илья, Павлодар қаласының№17 ЖОМ 10 сынып оқушысы «Дарын» Орталығының грамотасымен марапатталды.

   Илья конкурсқа «Кто такие муравьи и что они приносят в наш мир?» бейнеролигін ұсынды. Оның бейнеролигі құмырсқа отары туралы, экожүйесінде құмырсқалардың  ролі.  «Мен 2019 жылы құмырсқалардың дамығанын қадағалау үшін ,өзімнің құмырсқалар фермасын құруды шештім» - дейді Илья. Құмырсқалар - кішкентай қоғамдастық және өркениет. Олардың дамуын бақылау  қызықты. Әрқайсысының өз қызметі бар: құмырсқа-күтуші, құмырсқа-жұмысшы, құмырсқа- барлаушы, адамдар үй жануарларын өсірсе, солай құмырсқалар тамақтану үшін кішкентай жәндіктерді өсіреді - құрт-құмырсқа селбесі».

  Илья құрт-құмырсқа өмірімен айналысады, бақылау күнделігін жүргізеді, жазба жазады. Ол бұрын осындай конкурстарға қатысқан жоқ, алғаш рет республикалық сый алды.