ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Басшылардың аттестациядан өтуі: жаңа формат және технология
10-12-2020 14:16
Басшылардың аттестациядан өтуі: жаңа формат және технология

  2020 жылы алғашрет ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын аттестациядан өткізудің жаңа жүйесі енгізілді. Білім беру ұйымы басшысын аттестациядан өткізудің мақсаты - басшының атқаратын лауазымына сәйкестігін объективті бағалау, менеджменттің жаңартылған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін бағалау, жауапкершілікті және орындаушылық тәртіпті арттыру.

  Мектеп директорларына, оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету шеңберінде «Мекеме басшысы мен басшысының орынбасарын аттестаттауға дайындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында басшы мектебінің кезекті отырысы өтті.

  Семинарға мектепдиректорлары мен директор орынбасарлары қатарынан 108 басшы қатысты. Тыңдаушыларға аттестаттауды өткізу бойынша нормативтік құжаттар ұсынылды, аттестаттаудың негізгі кезеңдерін өткізу технологиясы, қызметті бағалау бойынша мониторингтің мазмұны және басшы педагог үміттенетін санатқа байланысты директор орынбасарларының портфолиосы бойынша түсініктемелер берілді.

  Сұрақтар мен жауаптар барысында аттестаттау және санат беру қағидаларының негізгі ережелері бойынша түсініктемелер берілді. Семинардың әдістемелік ұсынымдары мектептерге жолданды.