ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілер өздерінің шығармашылық шеберліктерін Мәскеуде ұсынды
11-12-2020 16:48
Жас суретшілер өздерінің шығармашылық шеберліктерін Мәскеуде ұсынды

   2020 жылдың шілде айында Мәскеу қаласында өткен «Шексіз балалық шақ» XXII халықаралық фестивалінің «Жас  ғажайыпшы» атты бейнелеу өнері және көркем-қолданбалы шығармашылық байқауына Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары өз жұмыстарын жіберді.

   Желтоқсан айында байқау қорытындысы бойынша 20 жас павлодарлық суретші жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынды 8 оқушы, II орынды - 12 оқушы иеленді.

  I дәрежелі дипломмен «Біз сақтаймыз және ұмытпаймыз!» номинациясында Милана Половкова, 9 жаста, аралас техникада орындалған «Мерекелік концерт» жұмысы үшін, «Балалық шақтың барлық түстері» номинациясында - Анастасия Кочетыгова, 15 жаста, аралас техникада орындалған «Балалық шақтан естеліктер» жұмысы үшін, «Шебер қолдар» номинациясында - Полина Казаченко, 13 жаста, «Қолөнершілер», Камил Абитов, 14 жаста, «Мен суретшімін!» гуашьпен орындалған «Өз қолымен жасаған сыйлық» номинациясында - Анастасия Панфилова, 13 жаста, аралас техникадағы коллаж үшін, «Біз сақтаймыз және ұмытпаймыз!» - Анастасия Григораш, 11 жаста, «Біз ұмытпаймыз!» аралас техникада орындалған «Жарқын тақтайша» номинациясында - Яна Родкина, 11 жаста, фломастермен орындаған «Шуақты  күн» жұмысы үшін, «Өз қолымен жасаған сыйлық» номинациясында - Полина Коваленко, 11 жаста, түрлі-түсті қарындаштармен жасалған «Жұмсақ ойыншықтар тігеміз» жұмысы үшін марапатталды. Олардың жетекшілері мектеп ұстаздары Светлана Евгеньевна Рейн, Оксана Валерьевна Сидоренко, Анна Валерьевна Аткина, жәнеЛариса Борисовна Илларионова болып табылады.

   Әр түрлі жас санатындағы балалар әртүрлі тақырыптық номинациялар мен техникаларда жұмыс жасады. Жыл сайын балалардың өз суреттерін шеберлікпен орындауы байқаудың қазылар алқасына да, олардың ұстаздарына да ұнайды, - дейді мектеп меңгерушісі Инна Владиславовна Масленникова.