ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін 11 павлодарлық педагог марапатталды
14-12-2020 09:05
Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін 11 павлодарлық педагог марапатталды

   Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында 2020 жылғы 11 желтоқсанда облыс әкімдігінде, аймақтың 35 білім беру қызметкерін, оның ішінде Павлодар қаласының білім беру ұйымдарының 11 педагогін марапаттау рәсімі өтті. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» арнайы төс белгісін және 2,7 миллион теңге (1000 АЕК) мөлшеріндегі сыйлық ақыны табыс етті.

   Марапатталғандар қатарында №25 ЖОМ денешынықтыру мұғалімі Әубәкіров Ермек Мұхтарұлы, тарих мұғалімі Исабаева Зарина Нұрланқызы, бастауыш сынып мұғалімі Конкышева Әсел Сағындыққызы, Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінің жетекшісі Зозуля Александр Николаевич, №37 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Қасымжанова Әлия Егінбайқызы, қазақ тілі мұғалімі Жүсіпова Ләйлә Бажқызы, №34 ЖОМ физика мұғалімі Лымарчук Лариса Михайловна, №36 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі Лобанова Татьяна Владимировна, Мұхтар Әуезов атындағы мектептің тарих мұғалімі Купесова Аимгүл Белгібайқызы, №16 лицей-мектебінің физика мұғалімі Батаева Айжамал Сланбекқызы, Б. Момышұлы атындағы мектептің дене шынықтыру мұғалімі Дошматов Сұнғат Бейсембайұлы болды.

   Биылғы жылы марапат аймақтағы білім беруді дамытуға ерекше үлес қосқан мұғалімдерге арналды. «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін алуға өтінімдерді педагогтердің өздері берді. Олардың әр кандидатурасын педагогикалық еңбек ардагерлері, салалық кәсіподақ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен тұратын қазылар алқасының мүшелері қарады. Жұмыс өтілі, оқу құралдарының авторлығы, кандидаттар мен олардың оқушыларының республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктері ескерілді.