ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылардың Тәуелсіздік күніне арналған шығармалары
15-12-2020 17:21
Павлодарлық оқушылардың Тәуелсіздік күніне арналған шығармалары

   Қазақстан Республмкасының Тәуелсіздік күніне орай 2020 жылдың 9 - 14 желтоқсан аралығында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының негізінде «Тәуелсіз елім - тірегім» атты эссе байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты балалардағы азаматтылық және патриотизмді қалыптастыру.

   Байқауға жасы 7 - 18 жас аралығындағы қала оқушыларының 150-ден астам жұмысы ұсынылды. Өз эсселерінде, балалар Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстанның болашағы туралы ойларын, өздері қандай пайда әкелетіндігін пайымдап жазды. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға 27 оқушы ие болды, оның ішінде І орын - 14, ІІ орын - 8, ІІІ орын - 5.

   7 - 10 жас снатында I орынды Қадирбай Айымжан, № 1 ЖОМ 4 сынып оқушысы, Құрманғазин Айбар, 4 сынып оқушысы № 19 ЖОМ Ерофеева Виктория, 2-сынып оқушысы № 17 ЖОМ Жүсіп Абылай, 4 сынып оқушысы №41 ЖОМ Шаймурат Дариға, 3 сынып оқушысы №29 ЖОМ. Айымжан өз эссесінде Қазақстанның болашағы жас ұрпақ екендігін жазды, елдің дамуы үшін  оның қазіргі борышы мектебінде жақсы оқығандығы болып табылады. Сонымен қатар, ол «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы арқылы мәдени дәстүрлер және қазақ халқының әдет-ғұрпының жаңғыруы туралы ой-пікірін жазды

  11 - 14 жас санаттағы I орынды Карташова Александра, 8 сынып оқушысы № 43 ЖОМ, Бутонтаев Арлан, 5 сынып оқушысы № 2 ЖОМ, Амангельдинов Әмірхан, 5 сынып оқушысы № 24 ЖОМ, Симбиркина Илона, 7-сынып оқушысы №17 ЖОМ, Марьина Виктория, 7 сынып № 6 ЖОМ. Илона өз эссесінде Тәуелсіздік күнімен қатар ол өз туған күнін атап өтетіндігін, және осындай ерекше күні дүниеге келгендігін мақтан ететіндігін жазды. Бұл мереке мәдениетіміздің барлық сұлулығын, еліміздің салт-дәстүрлерін, барлық жетістіктерін, табыстарын көрсетеді, осы жылдар ішінде біз неге қол жеткіздік қанша жетістіктер бізді алда күтіп тұрғандығын айқындайтын мереке деп санайды.

   15 - 18 жас санатындағы I орынды, Нұрғали Олжас, 11-сынып оқушысы № 40 ЖОМ, Серік Кәрім, 10-сынып оқушысы № 19 ЖОМ, Шандыбасова Аружан, 11 сынып оқушысы № 33 ЖОМ, Камиева Сабина, 11-сынып оқушысы №12 ЖОМ. Олжас өзі және достары, Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келгендіктері үшін бақытты екендігін жазды. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс саясатының  арқасында, елімізде бейбітшілік, келісім және өркендеу бар екендігін атап өтті. Ол болашақта бағдарламашы болуды армандайды, ел игілігі үшін жұмыс істеп, мемлекеттің дамуына үлес қосқысы келеді.