ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпазы
21-12-2020 09:39
Аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының  жеңімпазы

   Павлодар қаласының №4 балабақшасының тәрбиешісі Любовь Сергеевна Илющенко «World Skills Pavlodar - 2020»  республикалық  кәсіби шеберлік чемпионатының өңіраралық іріктеу турына қатысты. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша іріктеу турдың нәтижесіндеI орын иеленді және облыстық білім беру басқармасының медалі, дипломымен марапатталды. Чемпионатқа Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының білім беру ұйымдарының жас мамандары және Павлодар гуманитарлы педагогикалық колледжінің, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық жоғары колледжінің, Инновациялық Еуразия университетінің педагогикалық колледжінің, Екібастұз педагогикалық колледжінің, Ақсу педагогикалық колледжінің 21 жасқа  дейінгі  студенттері қатысты.

  Кәсіби  шеберлік чемпионатындағы  байқау  шарты  бойынша Любовь Сергеевна «Білім беру ұйымдарының ата-аналарымен және педагогтары мен өзара іс-қимыл» модулінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ата-аналар жиналысын әзірлеуді ұсынды және өткізді. «Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын нығайтуға және физикалық дамуына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру», «Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыстың әртүрлі нысандары мен әдістерін ұйымдастыру» модульдерінде балабақшада күннің екінші жартысында жұмыс режимін ұйымдастыруды көрсетті, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, балалардың кіші тобымен математика негіздері бойынша интеграцияланған сабақты әзірлеуді ұсынды және өткізді және балабақшада  театрландырылған  қойылымды  әзірлеуді  қорғады.

   Олжас тәрбиеші болып табылады, Б. Ахметов  атындағы Павлодар педагогикалық  жоғары  колледжін  бітіргеннен  кейін бірінші жыл жұмыс істейді. Осыған қарамастан, ол осы жұмыс  кезеңінде  өзін  әдістемелік сауатты, кәсіби және шығармашылық педагог ретінде көрсетті, балабақшаның түрлі іс-шараларына белсенді қатысады. «Біз ұжымда оның турнирге қатысу туралы шешімін мақұлдап және оны барынша  қолдадық. Қазіргі  таңда ол Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша білім алуда», - дейді балабақша басшысы Айнагүл Нығанқызы Нұрпейісова.