ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу үдерісін жүзеге асыру
22-12-2020 10:24
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу үдерісін жүзеге асыру

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2020 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу үдерісін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» № 345 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 527 бұйрығын талқылау және түсіндіру бойынша онлайн семинар өткізді. Семинар жұмысына жалпы білім беретін мектеп директорларының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қатысты.

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлсина Шайдуллақызы Шиндлярская бұйрыққа енгізілген өзгерістермен, әдістемелік кабинеттің, білім алушылардың білімін толықтыру және кемшіліктерді жою бойынша жұмысты ұйымдастыру жөнінде іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Ұсынылған іс-шаралар жоспарында ұйымдастыру іс-шаралары белгіленді (мектеп директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен кеңес өткізу, білім алушылардың үлгеріміне мониторинг жүргізу, студенттердің волонтерлік қозғалысын ұйымдастыру, педагогтерге жеке кеңестер беру). Педагогтер мен білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетуде шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің жұмысы, менторлардың, коучтердің, педагог-шеберлердің, педагог-зерттеушілердің үздік практикасының тәжірибесін пайдалану, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, қала мектептері педагогтерінің республикалық, облыстық бейнесабақтардың (күрделі тақырыптар) жобаларына қатысуы жоспарлануда.

   Бұйрықты талқылау қорытындысы бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және толықтыру бойынша іс-қимыл жоспарын жасау жөнінде ұсынымдар берілді, ол білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде бекітіледі. Семинар материалдары қала мектептеріне жолданды.