ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылар шығармашылығындағы бейне инсталляциялар
23-12-2020 16:54
Оқушылар шығармашылығындағы бейне инсталляциялар

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығымен 2020 жылғы 2 - 21 желтоқсан аралығында «Әл - Фараби. Өмір жолы» бейнеинсталляция онлайн-конкурсы өткізілді. Байқауға қаланың 5 - 9 сыныптарының жалпы білім беретін мектептерінен 36 оқушы қатысты. Мақсаты - философиялық ойлауды, жеке ұстанымды қалыптастыру және дамыту, ұлттық ойшылдың шығармашылық мұрасын насихаттау.

  Байқау шарты бойынша қатысушылар Әл-Фарабидің өмірбаяны, оның өмірі мен шығармашылық кезеңдері, сол кездегі мәдени және ғылыми орталықтар - Фараб, Хорасан, Дамаск, Бағдад қалалары туралы тақырыптарға оның еңбектері мен «Екінші Аристотельдің» замандастары мен кейінгі ұрпақтарымен ұқсастығына әсер еткен бейнеинсталляция ұсынды.

   Байқау қорытындысы бойынша 13 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынды № 5, 6 ЖОМ, М. Әуезов атындағы ЖОМ 3 оқушысы, II орынды № 21, 6 ЖОМ, Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 3 оқушысы, III орынды № 2, 17, 43 ЖОМ, М. Әуезов атындағы ЖОМ, Жетекші ЖОМ 7 оқушысы иеленді. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» орталығының дипломымен марапатталады.

   I орын «Әл - Фараби. Мәдени мұра» бейнеинсталляция үшін  № 5 ЖОМ 7 сынып оқушысы Каблов Артур «Шығыстың ұлы ғалымының еңбектері туралы»  Марьина Виктория, № 6 мектептің 9 сынып оқушысы «Әл-Фараби. Екінші ұстаз» бейнеинсталлациясы үшін М. Әуезов атындағы ЖОМ 5 сынып оқушысы Сиражиденова Аружан иеленді.

   Артур өзінің бейнеинсталляциясында ағартушылық арқылы адамның рухани дамуының маңыздылығын көрсетті, әл-Фарабидің мәдени және рухани мұрасының замандастары мен кейінгі ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті. Жұмыс бейне редакторында анимация қосымшаларын қолдана отырып жасалды.

 Виктория Әл-Фарабидің әлемдік тарихтағы еңбектері мен мұралары туралы бейнеэссе түріндегі бейнеинсталляцияны ұсынды, оның маңызды трактаттарын сипаттады және Фараб және Бағдад кітапханаларында жиналған еңбектердің байлығы туралы айтты.

   Аружан өзінің бейнеинсталляциясында ұлы ғалымның өмір жолын, сол кездегі көрнекті ғылыми және мәдени орталықтардағы өмір кезеңдерін көрсетті, Араб қалаларында білім мен ағарту ізденісіндегі жүріп өткен жолын сипаттайды.