Павлодар қаласы әкімінің атынан 150 павлодарлық бала жаңа жылдық сыйлықтар алды
Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізіледі. Биылғы жылы Павлодар қаласы мектептерінің 150 оқушысына ақшалай сертификат және тәтті сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақар таратып берді.
Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям әрбір бала өз кәсібін тауып, өз ісінің үздігі атануы үшін балаларға оқуда жетістіктер, шығармашылық табыстар тілеп, бейне құттықтау жолдады. Балалар ертегідегі қонақтарға өте риза болып, Жаңа жыл туралы өлеңдерін айтты.