Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодарлық оқушы таза қала үшін
05-01-2021 12:02
Павлодарлық оқушы таза қала үшін

   Павлодар қаласының №24 ЖОМ 9 сынып оқушысы Нұрғали Әлмұханов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің алғыс хатымен марапатталды. Марапаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын насихаттауға қосқан белсенді үлесі үшін жастар арасындағы онлайн-конференция аясында өтті. Ол байқауға қаладағы тазалық пен тәртіпті қолдауға, тарихи ескерткіштерді сақтауға, адамдардың өткенжәне бүгінгі өмірін бағалауына бағытталған «Біз таза қала үшін» бейнеролигін ұсынды.

   Ол жоғары сынып оқушылары кеңесінің құрамына кіреді, осы жылдың қыркүйегінде мектептің өзін-өзі басқару Президенті лауазымына сайлауға қатысты. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрамына кіреді, өз қызметін Ұланбасы ретінде көрсетеді және барлық қоғамдық істерге белсене қатысады. Муай-тай спортымен 2018 жылдан бері айналысады. Биыл ол вокалмен айналыса бастады, бос уақытында танымдық сипаттағы кітаптарды, әсіресе психологияны оқып, білімін толықтырды.