ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы» белгісінің иегері
06-01-2021 10:43
«Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы» белгісінің иегері

   Павлодар қаласы  №43 ЖОМ-нің  5 сынып оқушысы Реснянский Елисей 2019 жылы «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпазы. Оны туған жерінің байлығы қызықтырады, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, мақалалар жазады, минералдар мен тау жыныстарының топтамасын  өз қолымен жинайды. «Маған барлығы қызық», - дейді ол.

   2020 жылы оның «Туған жердіңтүкпір-түкпірі - кіші отанның минералды байлығын бейнелеу тәсілі ретінде» атты мақаласы «Жылдың 100 үздік ғылыми жобасы» республикалық ғылыми жобалар жинағына енді. Елисей мақаланың авторы және жеңімпаз ретінде I дәрежелі дипломмен, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «Үздік ғылыми жоба - 2020» төсбелгісімен марапатталды. Өз мақаласында ол экспедицияларға қатысу барысында Павлодар облысының минералдары мен тау жыныстарын қалай жинап, жүйеге келтіргедігін көрсетті. Ол Баянауыл ауданы мен Майқайын кентінен жинаған өзінің жеке топтамасын таныстырады және тұзды Павлодар қаласының бойтұмарықылуды ұсынады.

   Елисейдің дүниетанымы кең, ол қызықты сұхбаттасушы, өйткені ол көп оқиды және әртүрлі білім салаларына қызығушылық танытады. Білімге  құштар, жан-жақты дамыған, барлығына қызығушылық танытатын оқушы. Елисей математика, жаратылыстану бойынша республикалық олимпиадалардың, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған халықаралық оқулар сайысының және туған қалаға арналған бейнероликтердің жеңімпазы. «Оны өзіндік ойлай білу қабілеттілігі, мәселер мен міндеттерді шешуге деген әдеттен тыс әдіс-тәсілдер ерекшелендіреді. Оның бойында логика, шығармашылық қабілеттер және өз-өзін ұйымдастыра алу қабілеті қатар үйлескен», - дейді директордың орынбасары Алма Касеновна Бейсембаева.