ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сараланған тәсілді ұйымдастыру ерекшеліктері
08-01-2021 09:25
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сараланған тәсілді ұйымдастыру ерекшеліктері

   Ерекше білім беруді қажетететін балалармен каникул апталығы аясында Павлодар қаласының әдістемелік кабинеті 6 қаңтарда онлайн режимде ZOOM платформасында «Білімді қайталау және жалпылауды ұйымдастыру кезінде ерекше білім беруді қажетететін балаларға сараланған тәсілді ұйымдастыру ерекшеліктері» атты семинар-практикум өткізді. Оған инклюзивті білім беруге жетекшілікететін 100 директор орынбасары, бастауыш сынып мұғалімдері және қала мектептерінің пән мұғалімдері қатысты.

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» №345 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 527 бұйрығын іске асыру мәселелері бойынша мектеп сабағында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова сөз сөйледі. Ол қатысушылардың назарын ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білімін қайталау, жалпылау және түзетуді ұйымдастырудағы сараланған тәсілдің ерекшеліктеріне аударды.

   Практикалық бөлімде ерекше білім беруді қажет ететін балалармен № 16 лицей-мектептің, № 30 ЖОМ және № 4 арнайы мектеп-интернаттың тарих, орыс тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Ольга Ивановна Латышева, № 16 лицей-мектептің бастауыш сынып мұғалімі бастауыш сыныптардағы психикалық дамуы тежелген оқушылар үшін жеке бейімделген бағдарламалар, БЖБ және ТЖБ құру тәжірибесімен таныстырды. Ол бастауыш сыныптарда БЖБ және ТЖБ өткізетін тапсырмалардың мазмұнын аталдау жасады. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ирина Михайловна Кошман 5-сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған бейімделген жеке бағдарламаларды, БЖБ және ТЖБ, Серікбаев Әсет Бақытжанұлы, тарих мұғалімі Қазақстан тарихы бойынша психикалық дамуы тежелген 8 - 9 - сыныптарда оқушыларға арналған бейімделген жеке бағдарламаларды, БЖБ және ТЖБ құрастыруды ұсынды.

   № 30 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Валеулина Алмагүл Мұратқызы ақыл-ойында кемістігі бар балаларды үйде оқыту тәжірибесімен бөлісті. Ол семинар қатысушыларын үйде оқитын,ақыл-ойында жеңіл кемістігі бар 2, 4 сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптерлерімен, СЖТ құрастырумен таныстырды. № 4 арнайы мектеп-интернаттың мұғалімдері Мустафина Лариса Михайловна (бастауыш сынып), Романюк Людмила Анатольевна (орыс тілі мен әдебиеті) орташа ақыл-ойында кемістігі бар балаларға бастауыш және жоғары сынып оқушыларымен жұмыс жасауда жеке, бейімделген оқу бағдарламаларын, жеңіл және орташа ақыл-ойында кемістігі бар балалармен жұмыс істеуге арналған әдістемелік ұсынымдар мен сайт сілтемелерін ұсынды

   Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді, сөз сөйлеушілердің жұмыс тәжірибесі мектеп деңгейінде қорытындылауға және қала деңгейінде жұмыс тәжірибесін жинақтау бойынша қалалық сараптамалық кеңеске ұсынуға ұсынылды. Семинар материалдары тәжірибеде қолдану үшін қала мектептеріне жолданды.