Оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, математикадан дарынды балаларды қолдау мақсатында 2021 жылғы 28 қаңтарда бастауыш сынып оқушыларының «Бастау» қалалық математикалық турнирі өткізілді. Павлодар қаласының 41 жалпы білім беру мектептерінің 2 - 4 сыныптың 177 оқушысы қатысты. Қатысушылар Gool платформада математикалық білім және логикалық ойлауға тест тапсырмаларын орындады. Тур қорытындысы бойынша 84 үздік математик жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 7 оқушы , ІІ орын - 18 оқушы , ІІІ орын - 59 оқушы.
2 сынып оқушылары арасында І орынға № 6 мектеп оқушысы Туртугулов Арслан, Жұман Арон (№ 25 ЖОМ) иеленді. ІІ орынға № 5, 14, 32, 33, 35, 41, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары, ІІІ орынға № 1, 17, 18 (2), 19, 21, 26, 27, 28 (2), 29, 30, 31 (2), 32, 33, 34, 39, 40, 43, К. Мақпалеев атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ ие болды.
3 сынып оқушылары арасында І орынды № 39 мектеп оқушысы Власов Роман, № 37 мектеп оқушысы Балтабай Айша иеленді. ІІ орынды № 1, 13, 14, 21, 26, 34, 40 ЖОМ оқушылары, ІІІ орынды - № 2, 9 (2), 11, 16, 24, 25, 29, 32, 33, 35, 36, 38, Макпалеев атындағы,Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ оқушылары иеленді.
4 сынып оқушылары арасында І орынды № 23 мектеп оқушысы Кабанов Кирилл, № 1 мектеп оқушысы Жәнібекұлы Бердібек, № 2 мектеп оқушысы Белгібаев Расул иеленді. ІІ орынды № 5, 9, 35 ЖОМ, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары, ІІІ орынды № 6, 7, 13, 17, 21, 24, 25, 26, 32, 37, 39, 40, 41, 43, К. Бекхожин атындағы, К. Мақпалеев атындағы, Кенжекөл ЖОМ оқушылары иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды. Қалалық турнирдің 7 жеңімпазы ақпан айында облыстық турнирге қатысады.