Халықаралық шығармашылық фестивалінің жеңімпазы
Павлодар қаласында «Dionis» эстрадалық-вокалдық студиясының ұйымдастырған «Новогодний переполох» атты балалар, жасөспірімдер және үлкендер шығармашылығының VI халықаралық конкурс-фестиваліне 350-ден астам жасына шектеу жоқ шығармашылық ұжымдар мен солистер қатысты, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі болды.
Сайыс бірнеше номинация бойынша өтті: вокал, хореография, сән театры, көркем сөз және театр қойылымдары, аспаптық жанр, бейнелеу өнері, қолданбалы өнер.
«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының бөлімшесі «Айналайын» клубының тәрбиеленушісі 3 сынып оқушысы № 37 ЖОМ Сейфулла Бекзат «Аспаптық жанр» номинациясында І орынға ие болды және дипломмен, медальмен және тәтті сыйлықпен марапатталды. Бекзат байқауда Қазанғап Тілепбергенұлының «Шынаяқ» күйін орындады.
Бекзаттың халықаралық байқауға бұл екінші рет қатысуы. Бірінші ретінде «Star Way» халықаралық байқау-фестиваліне Жасарал Енсеповтің «Балбұлақ» күйін орындап І орынға ие болды. Ол «Айналайын» клубындағы үйірмелерге 2018 жылдан бастап қатысып келеді.
- Халықаралық деңгейдегі байқаулардағы бұл Бекзаттың кезекті жеңісі, домбыра үйірмесіне үлкен ынтасымен қатысады және менің ойымша, оның әлеуеті зор және әлі талай жеңістер алдымызда, - дейді үйірме жетекшісі, қосымша білім беру педагогы Қайырбеков Бауыржан Болсынгазыевич.