ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық функцияларын дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар
02-02-2021 08:48
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық функцияларын дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар

Павлодар қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің психологтардың шығармашылық тобы 2021 жылғы 29 қаңтарда «Психикалық дамуында кешігуі бар балаларда танымдық қызметтің дамуы бойынша жұмыс жүйесі» атты онлайн семинар өтті. Қалалық қазақ және орыс тілінде оқытатын 39 жалпы орта білім беру мектептерінің 60-тан аса психологтар қатысты.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменовна Нурахметова өз сөзінде психикалық дамуы тежелген оқушылардың когнитивтік функцияларын дамыту, жаңа құзыреттерді пайдалану мәселелеріне қатысушылардың назарын аударды. № 26 ЖОМ педагог-психологы, шығармашылық топ жетекшісі Карпова Ирина Владимировна «Психикалық дамуы тежелген оқушылармен психо-түзету жұмыстарын ұйымдастыру туралы» баяндамасымен жалғастырды. Ол оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі принциптері мен тәсілдеріне тоқталды. № 6 ЖОМ педагог-психологы Марина Васильевна Манякова ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың белгіленген құжаттамасын жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, семинар қатысушыларына 2019 жылы қалалық педагог-психологтардың шығармашылық тобы әзірлеген құжаттаманы жүргізу бойынша авторлық құралға сілтеме берілді.

Тәжірибелік бөлімде № 25 ЖОМ педагог-психологы Риза Кадырхановна Мушетова практикалық ойындар мен жаттығулар арқылы танымдық саланы дамыту бойынша өзінің жетістіктерін ұсынды. № 35 ЖОМ педагог-психологы Орынгуль Оразалиевна Жаминова танымдық қызығушылықтарын дамыту бойынша практикалық тәжірибесімен бөлісті, болашақ әдістемелік әзірлемелер үшін форматтың әртүрлі нұсқаларын ұсынды.

Семинарға қатысушылар ұсынылған материалдарды, ұсыныстарды, практикалық ойындар мен жаттығуларды талқылады, жинақтың мазмұнына пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға көмек ретінде психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық функцияларын дамыту бойынша техникалар, жаттығулар, дамытушы тапсырмалар мен әдістемелік ұсынымдар кіреді деген қорытындыға келді. Алда жоғары оқу орындарының ғалымдарымен педагог-психологтардың қызметін ғылыми сүйемелдеу, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалары бар қала мектептерінде ұсынылған материалдарды апробациялау бойынша елеулі жұмыс күтіп тұр. Әдістемелік құралдың шолуы мен шығарылуына жауапты басшылар анықталды. Бұл оқу құралы «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2021» қалалық байқауына қатысуға дайындалуда. Ұсынымдар, оқулықтарға сілтемелер, семинардың практикалық материалдары практикалық қолдану үшін қала мектептеріне жіберілді.