ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Іні» шағын көлемді фильмінің жас актері
04-02-2021 08:14
«Іні» шағын көлемді фильмінің жас актері

Павлодар қаласының М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 1 сынып оқушысы Сатыбалды Инсар «Іні» шағын көлемді филімінің түсірілуіне қатысты. Фильмнің түсірілуі Павлодар қаласында 2020 жылғы қазан айында болды.

2020 жылғы тамыз айында Инсардың ата-анасы ұл бала рөліне фильмге түсу кастингі туралы хабарландыруды көріп, Инсардың кастингке қатысып көргісі келді. Кастингте ол өзінің актерлік қабілетін көрсетіп, фототүсірілімнен өтті. Инсарды «БУКА ФИЛЬМС» студиясының продюсері Болат Сулейменов ұл баланың эпизодтық рөлін сомдауға шақырды. Инсар ата-анасы үнемі ұрыс –керісте болатын отбасының баласы рөлін ойнады. Бұл минуттық рөлдің маңызы Инсар үшін өте зор еді. Қазіргі уақытта Инсар осы фильмнің жалғасын күтуде. Ол «Broadwayproduction» студиясының оқушысы және Қазақстандық жұлдыздар Динары Сатжан, журналист, тележүргізуші, продюссер, әнші Nazima қатысуымен өткен сән көрсетіліміне қатысты. «Вечерний Бродвей» телевизиялық шоуына шақырылған болатын, «Батырмол» СҮ-де  «SMAIL BEBE, KACHELLI» балалар киімі бутигін жарнамалады. Инсар астана тұрғыны Милены Вольскойдың дизайнерлік сән көрсетілімінің қатысушысы болды, бұл көрсетілімнің қонағы Динара Сатжан болатын. Кәсіби фотографтармен фототісірілім өткізілді, фотолар « RENOMEE» журналына жарияланған.

Инсар мектепте үздік оқушы, оның қызығушылығы көп. Сыныпта Инсар өте ақылды, ынталы және адал дос ретінде танылған. Ол көп оқиды, сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады.